Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Үкімет білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы қаржыландыру тетігін қайта қарастырады

Үкімет білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы қаржыландыру тетігін қайта қарастырады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ол жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын қайта қарау қажеттігін атап өтті.

– Мемлекет басшысы таяуда Түркістан газетіне берген сұқбатында білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін реформалау туралы атап өтті. Бұл ретте, ең алдымен, жекеменшік мектептерді, балабақшаларды, даму орталықтарын және медициналық емханаларды жан басына сәйкес қаржыландыру мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Осыған байланысты Үкімет жекеменшік ұйымдарға берілетін мемлекеттік тапсырыстың тетіктеріне жан-жақты талдау жүргізіп, бірқатар көкейкесті мәселелерді анықтады. Атап айтқанда, жүйелерді ауқымды цифрландыру барысында бұрын байқалмаған заң бұзушылықтар мен олқылықтарды анық көрсетті. Бұл өз кезегінде аталған салалардағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сай келмейді. Кейінгі сегіз жылда жекеменшік мектептердің саны 7 есе артты. Бүгінде олар 785-ке жетті, соған сәйкес бюджетке түсетін салмақ та күрт көбейді. Шығындар 2020 жылы 13 млрд болса, 2025 жылы 242 млрд-қа дейін өсті. Ал 2020 мен 2025 жылдар аралығындағы инвестициялық шығын 111 млрд теңгені құрады. Бұл қаражатқа шамамен 35 жаңа мектеп салуға болады. Соған қарамастан басты мақсат — орын тапшылығы мәселесін әлі де жоя алмадық, - деді А.Балаева.  

Оның айтуынша, 2025 жылы бұл жетіспеушілік 251 мың орынға жетті, бұл — облыстағы бір қаланың халқымен бірдей көрсеткіш.

– Жекеменшік мектептердің көбеюі білім сапасының төмендеуіне алып келді. Көптеген білім ошақтары нақты қажеттілікті ескермей, ретсіз ашылды.Мәселен, олардың 80 пайызы жалға алынған ғимараттарда жұмыс істейді. Ал директорлар біліктілігі мәселесі де сын көтермейді. Мектеп ғимараттары бизнес меншігінде қалып отырн, 20 жылдан кейін олардың түпкі мақсаты да өзгеріп кетуі мүмкін. Бұл жүйеге деген сенімді азайтып, бюджет қаражатының тиімділігіне күмән тудырады. Сондықтан жағдайды түбегейлі өзгерту бойынша жүйелі жұмыс басталды. Жаңа қаржыландыру тетігі пилоттық түрде іске қосылды. Мектептер толық цифрландырылып, бюджетке сәйкес реттелді. Бірақ бұл — биылғы оқу жылының соңына дейінгі уақытша шара. Негізгі міндет — жүйені толық қайта қарау. Ең алдымен, мемлекеттік тапсырыс нақты өңірлік қажеттілікке сай болға тиіс, - деп атап өтті министр. 

Аида Балаева жаңа мектептерге мемлекеттік тапсырыс беруге мораторий енгізу ұсынылып отырғанын да баса атап өтті.

– Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде тек инвестициялық шығындарды өтеу тетігін қалдыру көзделіп отыр. Сондай-ақ білім беру саласындағы бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында ірі мегополистерді қосапағанда, студенттік жатақханаларды қаржыландыруды тоқтату мәселесі қарастырылуда. Бұл ретте барлық құқықтық, әлеуметтік тәуекелдер ескеріледі, бағдарламаны кезең-кезеңімен тоқтату немесе шарттарын қайта қарау нұсқалары қаралуда, - дейді ол. 

Министр дәл осындай мәселелер медицина саласында да байқалатынын айтады. Үкімет азаматтардың өтініштерін ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылатын жекеменшік медициналық ұйымдардың қызметіне талдау жүргізуде.

– Елімізде 20 миллионнан астам адам 698 бастапқы медициналық көмек ұйымына тіркелген. Соның 336-сы, яғни шамамен 48 пайызы — жекеменшік. Оларға тіркелген халық саны 5 млн 600 мың адам, бұл — ел халқының шамамен 25 пайызы. 2020 жылдан бастап алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін жекеменшік емханалардың саны 215-тен 336 ұйымға дейін артты, ал тіркелген халық 3 милллионнан 5 миллион 600 мыңға дейін өсті. Бүгінде алғашқы медициналық көмек ұйымдары республикалық бюджет есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жан басына сәйкес қаржыландырылады. Ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл міндеттер Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен жүзеге асырылады.Алайда жеке емханалардың саны көбейіп, оларға тіркелген халық екі есеге жуық артқанымен, бұл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарта қойған жоқ. Бүгінде қосарланған қаржыландыру фактілері бар, кей қызметтер міндетті және ерікті сақтандыру арқылы қатар төленуде, кейде көрсетілмеген қызметтерге ақы алу жағдайлары кездесетеді. Тіпті, лицензиясыз, тиісті жабдықсыз жұмыс істеген үйымдар да бар, бұл мәселерді тек жүйелі өзгерістермен, толық цифрландыру арқылы шешуге болады, - дейді Балаева. 

Сондай-ақ ол Денсаулық сақтау министрлігі халықтың нақты қажеттіліктеріне, демографиялық және халықтың көші-қон деректеріне сүйене отырып, медициналық көмекті жоспарлауға көшіп жатқанын жеткізді.

– Белсенді емес пациенттерді қаржыландыру жүйесінен шығару жоспарланып отыр. Тіркелу талаптары күшейтіліп, шағын емханалар біріктіріледі, ал қаржыландыру көзі ең тиімді — мемлекеттік және ең сенімді жеке емханаларға бағытталады. Қосарланған төлем мен жалған есепті болдырмау үшін бірыңғай цифрлық бақылау енгізіледі. Барлық жүйелер біріктіріледі. Пациент көрсетілген қызметті мобильді қосымша арқылы өзі растайды. Бұл азаматтардың құқығын қорғайды. Сонымен бірге сапаны бақылау күшейе түседі. Тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесі енгізіліп, лицензиялау талаптары қатаңдайды. Сапаны қадағалайтын бірыңғай мемлекеттік жүйе жасалып, ұлттық сапа институтын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар жеке медициналық ұйымдардың қызметі кешенді түрде тексеріледі. Ұсынылып отырған барлық шаралар жан басына сәйкес қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталып отыр. Біздің мақсатымыз — қаржыландыру жүйесін әділ, ашық және тиімді ету. Ең бастысы, бюджеттен бөлінетін қаражат халықтың игілігіне, білім мен денсаулық сапасын жақсартуға жұыс істеуге тиіс, - деп сөзін түйіндеді Аида Балаева. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Аида Балаеваның Қарағанды өңірінің әлеуметтік дамуына қатысты тапсырмалар бергенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 16:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see127

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see125

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see124

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see121

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see120

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see119

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see117

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see117

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see116

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see115

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see114

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see114

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see114

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see112

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see111

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see110

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see110

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары