Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Бостандық жолы бұралаң...

Бостандық жолы бұралаң...

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Пенде баласы жаралғалы бері қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды аңсап, әділетті қоғам құруды армандап келеді. Содан да болар, әлем әркез еркіндік, теңдік ұғымдарын ұлы идея ретінде алғы сапқа шығарып, бұқара бодандықтың бұғауын бұзу жолын­дағы жанталасын тоқтатқан емес. Бірақ түрлі халықтың құрбандық беріп көтерген әділет туы көбіне сұм мен қудың қолында кететініне тарих куә.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Британдық жазушы Джордж Оруэллдың саяси астары терең, аллегориялық «Мал қора» хи-кая­тын қайыра оқығанда әділетке ұмтылған қоғамның асқақ арманының қалай сағымға айналып, қабырғасы қақырай күйрегенін көзбен көріп, қолмен ұстағандай сезімде болдық. Артур Шопенгауэр: «Қоғамды сырттай қарасаңыз, комедиялық қойылым көргендей боласыз. Адамдарды бетперде тағып, әртүрлі рөлді сомдап жүрген актерлерге ұқсатуға болады. Тек озық ойлы таланттар ақымақтың, ал қауақ бас ақымақтар данышпанның рөлін иеленетіні өкінішті», дейтіні бар емес пе? Сол айтпақшы, Оруэлл ақпараттың күшімен ақымақтардың қалай данышпанға айналатынын қарапайым тілмен жеріне жеткізе өрнектейді.

1945 жылы жарық көрген хикаяттың сырт пішіні қарапайым ертегіге ұқсас болғанымен, оның астарындағы ой ағындарынан ХХ ғасырдағы саяси оқиғаларды әңгімелеп жатқанын, сол себепті де бұл туындыны кеңес одағында оқуға тыйым салынғанын түйсінесіз. Жазушының шеберлігі сол, «Мал қорадағы» сансыз образдардың кескін-келбетіне қарап отырып, баяғы заманды ғана емес, ат жалына қазан асқан қазіргі геосаяси ахуалды да жазбай танытады. Ішкі азалы үні булығып, азаттыққа ұмтылған үй жануарларының арпалысты тағдырына тереңдеп үңілсеңіз, данышпан рөліндегі «ақымақтардың» ел ойлағандай ақымақ еместігін, олар үздіксіз насихат жүргізіп, сананы улап, шым-шымдап ақиқаттың өңін өзгертіп жіберуге қауқарлы екенін сезесіз. Әлемдік демократия, адам теңдігі, әйел бостандығы деген сынды жылы ұғымдарға имандай иланып, жаңа заман танымын қоғамға орнықтыру жолында қасық қаны қалғанша күресетін қарашаның да түбі әділетсіз күштерге жем болуы мүмкін екені жаныңызды жабырқатады. Қазақтың «соқыр тауыққа бәрі бидай» дейтін тәмсілінің дәл айтылғанын мойындайсыз.

Әлем оқырмандарын өз магиясымен баурап, санаға ауыр ой арқалатқан шығарманың мазмұнын әңгімелеп беруден аулақпыз. Десе де, көркем туындыны әлі де оқи қоймаған оқырманға түсінікті болу үшін сәл-пәл спойлер жасауға тура келеді. Үй жануарлары адамның астамшыл билігінен құтылмақ болып, ферма басшысына қарсы бас көтереді. Амалы құрыған қожайын мал-мүлкінен бас тартып, басы ауған жаққа безіп кетеді. Осылай малшыдан азат болған жануарларға жаңа өмірдің қақпасы ашылып, үмітке толы мамыражай заман туады. Жануар атаулының құқығы теңеліп, өз еңбегінің жемісін өздері иеленіп, шуақты күндердің бал дәмін сезеді. Бірақ уақыт өте келе ұлы өзгерістің күнгейі күңгірттеніп, бақытқа бөлеген құшағы қатайып, билік тізгіні біржола қабандардың қолына ілігеді. Қабандар бастапқыда әділет жолын берік ұстанғанымен, біртіндеп өздерін басқа жануарлардан зор санай бастайды. Ең қиыны сол, бір кездері бостандық жолында күресіп, мал қораның тізгінін қолға алғандар хақ жолдан тайып, құбыласын өзгертіп, өзгелердің еркін шектеуге көшеді. Яғни қаламгер кеңестік кезеңдегі әділетсіздікті әшкерелеп қана қоймай, қызыл-жасыл ұрандардың, қызыл кеңірдек уәделердің мәңгілік емес екенін, бұқараға Тәуелсіздік пен Егемендік аспаннан түсіп, оңайдан бұйырмайтынын, халықтың атымен ту ұстағандар уақыт өте келе жеке мүддені күйттеп кету кәдік екенін ащы мысқылмен әжуалайды.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, қай заманда болсын қоғам көне салттардан қажып, жаңа құндылықтарға құлаш сермеуге бейім тұратыны бар. Сондай сындарлы сәттерде Оруэллдың еркіндік пен теңдікке ұмтылған кейіпкерлері сынды утопиялық сағымға арбалып, «скотизмнің» құшағына құламасақ екен дейсің. Өйткені сіз бен біз ұлы идеялары майысқақ, қадым қағидалары күнде өзгеретін қым-қиғаш заманда өмір сүріп жатырмыз.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру

Мәселе • Бүгін, 08:58

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Сана тазармай, дала тазармайды

Қоғам • Бүгін, 08:38

Қажымұқан туралы тұңғыш драма

Театр • Бүгін, 08:35

Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер

Қоғам • Бүгін, 08:33

Нейрохирургия: бүгіні мен болашағы

Медицина • Бүгін, 08:30

Тайм-менеджмент және талапты студент

Жастар • Бүгін, 08:27

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 09:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see112

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see111

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see108

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see105

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see105

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see105

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары