Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймақ әсер етті

Елдегі үш қала донорлар саны бойынша көш бастап тұр

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

Алтын тамыр бастауы

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

Әділет партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

Астанада Әділет партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Ақша басқа өңірлерге кетіп жатыр : Атырау облысының әкімі ірі компанияларды қайта тіркеуді талап етті

Пәкістан премьері: АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін

Бекзат болмысы түрік тілінде

Азат Перуашев Ақ жол партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Жоғалып табылған Жайық шаһары

​Қашағанда жаңа қуатты газ зауытының құрылысы басталды

500 қазақ ғалымы шыққан Нарынқолда үш ұрпақтың бас қосуы өтті

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

Мексика мүлт кеткен жоқ

Павлодарда Ертіс өзеніне ағып кеткен ер адам құтқарылды

Ломбардтың жолы бұралаң...

Ломбардтың жолы бұралаң...

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бірақ бұл қуантарлық жағдай емес, себебі сала шағын топтың қолына шоғырлана бастаған. Ресми дерек бойынша бүгінде Қазақстанда 470-тен астам ломбард бар, алайда соның 7-еуі ғана бүкіл нарықты «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» ұстап отыр. Саладағы әрбір өзгеріс тек нарық алпауыттарының жағдайын жақсарта түсетіні байқалады. Қаржылық реттеуші бұл секторда жаңа реформа бастап жатыр. Ол не әкелмек?

Елге ломбард қажет пе?

Жалпы, классикалық үлгі бойынша лом­­бард деген не? Кредиттік тарихын бүл­діріп ал­ған, онымен қоймай, еш жерде жұ­­мыс іс­темейтін және тұрақты табысы ба­рын құжат жү­зінде растай алмайтын, сал­дарынан бірде-бір банк пен МҚҰ несие бер­мейтін адамға шұ­ғыл түрде ақша қажет бо­ла қалды делік.  Тұйық­тан шығуы үшін ұрлық жасауы ғана қа­ла ма? Жоқ. Мұндайда ломбард көмекке ке­леді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адам құнды затын – көлігін, зергерлік бұйымын, теледидарды, смартфонын не басқасын әкеледі. Ломбард ол затты кепілге алып, ор­ны­на қарыз береді (әдетте кепілзаттың нарықтық құнының 40-80%-ы көлемінде). Егер борышкер пайыздық сыйақыларды қос­қанда, бүкіл берешегін уақытылы өте­се, дүние-мүлкі кері қайтады. Өтемесе, ке­піл заты саудаға шығарылады.

Бәрібір пайдаға шығатындықтан, ломбардты клиентінің кредиттік тарихы қызықтырмайды. Оған қажеттісі – заттың түпнұсқа және құнды болуы. Бұрын лом­бард­тар қазақстандықтардан төлқұжатын не жеке куәлігін кепілге қоса қалдыруды талап ететін. Бертінде жеке басты куәлан­дыратын құжаттарды кепілге алуға заң жүзінде тыйым салынды. 

Алайда ұзақ жыл бойы бақылаусыз қалған бұл саланы былық басты. Лудоман, нашақор, маскүнем, ұры-қары қайда болса, ломбард сонда болды. Кей­бірі тіпті борышкерлерін ұрлыққа арандатқан және нені әкелу керектігіне тапсырыс берген көрінеді. Түрлі инстан­цияға арыз боратқан ел осы ұйымдардың займының сыйақы ставкасы шамадан тыс жоғары екенініне, келісімшартқа қол қойғанда қарыздың шынайы құны туралы жаңылыс ақпарат бергеніне шағымданады. 

Ұлттық экономика министрлігінің талдауында жазылғандай, займшылардың берешегін қысқа уақыт ішінде 30 есеге арттыру деректері тіркелген. Мәселен, небәрі 50 мың теңге алған адамның боры­шын 1 жыл ішінде 1,5 миллион теңгеге дейін өсіріп жіберген. Ломбард өкілдері кепілге қойылған затты сындырып, бүл­діріп, жоғалтып алғаны немесе иесінің рұқсат­ынсыз сатып жібергені үшін еш жауапкер­ші­лік арқаламайды. Өкілеттігін теріс пайдалану жағдайы да толып жатыр. 

Масқарасы сол, ломбардтар қаржы пирамидаларының жұмыс үлгісін көшіріп алды. «Гарант 24 Ломбард» ЖШС, «Estate Ломбард» ЖШС, Gold ЖШС, «Выгодный депозит» ЖШС сияқты ұйымдар елорда­дан бастап, Қазақстанның барлық өңірін­де қаржылық пирамида қызметін өрістет­ті. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, жаңа клиент­тер­ді көбірек тарту үшін бұлар алаяқтық және қаржылық пирамида белгілері бар бағдар­ла­маларды жүзеге асырды: салым­шы­ларына 480% көлемде жылдық сыйақы төлеуге уәде еткен. Оны алу үшін клиент­терінен жылжитын және жылжымайтын мүлкін кепілге қойып, кредит рәсімдеуді және оны уақтылы төлеуді, сондай-ақ жаңа салымшыларды тартуды талап еткен. 

«Жеңіл баюға» ынтыққандар жоғары сыйақы алу үшін барлық қаржысын лом­бардқа салды, банктер мен МҚҰ-лардан қосымша несие алды. Қадағалаушы ор­ган­дар біліп қоймауы үшін алаяқтық опера­циялар тек қолма-қол ақшамен жүзеге асырылды. Келісімшарт қаржылық ұйым­ның емес, жалған тұлғалардың аты­на бекі­тілген. Ақыр соңында мұндай «кесір­лі» ломбардтардың ізіне құзырлы органдар түсіп, сот арқылы жапқызып тынды. Өкі-н­іштісі, жауапты мемлекеттік құрылымдар бұларға тым кеш назар аудар­ды, сөйтіп мыңдаған адам зардап шекті. 

Бұл жерде мемлекеттік органдар жау­ап­кершілік арқалағысы келмей, бір-біріне сырғытты. Ұлттық банк пен Қаржы нары­ғын реттеу агенттігі «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыс­татуға) және терроризмді қаржы­лан­дыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін лом­бардтар «Қар­жы министрлігінің комитеті құзырлы болатын субъектілер» санала­тынын алға тартты. 

Бұл былыққа тоқтау салу үшін Пар­ламент салалық заңнамаға өзгеріс енгізді, ломбардтарға қатысты талапты күшейтті. 2020 жылдан бастап ломбардтарды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік қайта тіркеуден өтуге міндеттеді. Сол кезден бері заң бойынша ломбардтар микроқаржылық қызметті жүзеге асыра­тын ұйымдар (МҚҚЖҰ) сана­тына жат­қызылды. 

Ойыншылар саны неге күрт кеміді?

Заңнамалық талаптардың қатайтылуы нәтижесінде, бұл нарық ойыншыларының қатары ғаламат сиреді. 2019 жылы Қазақ­станда 2 121 ломбард мемлекеттік тіркеуде тұрған еді. Қаржылық реттеушінің ақ­паратына жүгінсек, 2025 жылғы 1 шілде­дегі жағдай бойынша елде 474 ломбард қана қалды, яғни шамамен 4,5 еседей азайды. 

Бұған бір жағынан микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеудің қатаң бола түсуі, екін­ші жағынан ең төменгі жарғылық капитал шегінің еселеп арттырылуы ықпал етті. Нақтыласақ, үш мегаполис пен облыс орталықтарында қызметін жүзеге асыра­тын ломбардтардан жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін 2020 жылғы 10 миллион теңгеден 2023 жылғы 1 қаңтарда 70 миллион теңгеге дейін көтеру талап етілді. Ал үш мегаполис пен облыс орта­лы­ғынан тыс, ауыл-аймақта істейтін ломбардтардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 5 миллионнан 30 мил­лион теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл көп­теген ломбардтың жабылуына соқтырды. Әрине, сала бар былықтан айнадай тазар­ды деп айтуға болмайды. 

– Ломбардтар тіпті қарызды қажет­сінбейтін адамдарды өз клиенті ету үшін үстемелете жарнама береді. Мессенд­жерлер мен танымал әлеуметтік желілер­дегі топтарда түрлі акция, бонустар ұсы­на­ды. Серіктестік бағдарлама аясында ескі көлікті кепілге қойып, су жаңасын алуға болады дегеніне сеніп, займ рәсім­деген едім. Жасырын сыйақылары, ком­ис­­сиялары бар екен, оны басында жасыр­ып, айтпады. Ұмытып, бір ай төлем төле­мей өткізіп алсаң, іске қосылады екен. 3,5 миллиондық қарыз енді 6,8 мил­лионға бір-ақ жетті. Қалай өтеймін деп далмын, – дейді Қанат есімді борышкер. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша бұл қар­жы­лық ұйымдардың үлкен бөлігі табысты саналады. 2025 жылдың бірінші жарты­сының қорытындысында ломбардтардың жал­пы активінің көлемі 458 миллиард теңгеге жетті. МҚҚЖҰ арасында биыл тек микроқаржы ұйымдары  мен ломбард­тар берген микрокредит ауқымы ғана ұлғайды. Басқасының көрсеткіштері теріс мәнде. 2025 жылғы қаңтар-маусымда лом­бардтар 32,1 миллиард теңге таза табыс тапқан. Бұл былтырғы ұқсас кезеңдегіден бірден 35,1% көп. Жалпы, 2023 жылы елде 538 ломбард болып еді, олар жарты жылда 13,7 миллиард теңге таза табысқа әзер қол жеткізіп еді. 

Биылғы бірінші жартыжылдықта 474 ломбардтың 319-ы таза табысқа кенелді. 112-сі салық органдарына ешқандай кірісі жоғын, тек шығын шегіп жатқанын көр­се­т­іп, есеп беріпті. Бір жыл бұрын 347 лом­бард табысты, 115-і – шығынды бол­ған. Ranking агенттігі сарапшыларының пайымдауынша, Қазақстанда 474 ломбард істейді, алайда бүкіл нарықты шынында 7-еуі ғана бақылауда ұстайды. Олардың өзі бір-бірімен ым-жымы бір болуы мүмкін.

– Еліміздегі ең көп табыс тапқаны – «М-Ломбард», ол 2025 жылдың алты айында 7,6 миллиард теңге таза табыс ие­ленді. Екінші орында – «МК-ломбард» тұр, жартыжылдық таза табысы –  5,5 млрд. Бұған қоса, «МК-Золото Ломбард» (3,7 млрд), Birinshi Lombard (2,9 млрд), «Деньги населению» ломбарды (2,7 млрд), «Астра-Ломбард» (2,6 млрд) және «Сейф-Ломбард» (1,6 млрд) қана қомақты таза табысқа жете алды. Осы жетеуінен өзгесінің таза табысы 1 миллиард теңгеге де жетпейді, – деп түсіндірді агенттік сарапшылары. 

Азулы алпауыттар құзыр иеленеді

Жүзден астам ломбард өздерінің есебі бойынша шығынға батып жатыр. Олард­ың шеккен залалы 5 мың теңгеден (BAAR ломбард) басталып, 492,5 млн теңгеге («Актив Ломбард») жетеді. Auto Money ломбарды да елеулі, 392,1 млн теңге шығынға отырыпты. 

Қазақстанда адамдардың автомобилін, алтын, гауһар және басқа зергерлік бұйымдарын, тұрмыстық техникасы мен электроникасын, девайстарын және басқасын кепілге алып, берген қарызының көлемі жөнінен тағы да «М-Ломбард» алға озыпты: 44,4 млрд теңге займ таратқан. Бұл 2024 жылдың бірінші жартысына қарағанда 1,5 есе жоғары. Оның ізін ала, «МК-Ломбард» пен «Сейф-Ломбард» келеді: әрқайсысы 36,2 млрд және 32,3 млрд теңге қарыз таратты. 

Кредиттік портфелінің ауқымды­лы­ғымен, сондай-ақ «МК-Золото Ломбард» (32 млрд), «Астра-Ломбард» (23 млрд), «Деньги населению» (22,5 млрд) және Birinshi Lombard (22,3 млрд теңге) та мақтана алады. Нәтижесінде, Қазақстан­дағы барлық 474 ломбардтың бүкіл кре­диттік портфелінің үштен екісіне жуығын небәрі 7 ломбард еншілеп кетті. Еске салсақ, дәл осы «жетілік» таза табысы бойынша да көш басында. 

Қорыта айтқанда, осы «жолы болғыш жетіліктің» нарықтағы ісі ұтымды, билікке сөзі өтімді. «Қазақстан ломбардтары ұлт­тық лигасы» қауымдастығының басшысы Роберт Абзалилов нарық ойыншыларын қорғауда ірі жетістіктері барын жасыр­мады. Мысалы, 2025 жылғы 1 қаңтарда Пар­ламент қабылдап, Президент қол қой­ған «Кейбір заңнамалық актілерге биз­нес жүргізу мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңы күшіне енді. Бұл заңмен лом­бардтарға жеңілдік берілді. 

– Жаңа заңмен 2007 жылдан бері қол­даныстағы «Бухгалтерлiк есеп пен қар­­жылық есептiлiк туралы» заңы түзетілді. Сол арқылы кепілсіз микрокредит бер­мейтін, шаруашылық серіктестігі ныс­анында құрылған кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарды Жария мүдделі ұйым­дар тізімінен шығарып алуға қол жеткіздік. Сәйкесінше, ломбардтар жария мүдделі ұйымдарға қойылатын қаптаған талаптан босатылды. Тиісті қаржылық есепті жаса­тып, оны депозитарийде жариялау сияқты шығындардан арылдық. Бұл талаптар енді біздің нарыққа таралмайды. Біз бұған біраз күш салдық, ақыры де­генімізге жете алдық, – дейді қауымдастық төрағасы. 

Мұның сыртында Мәжіліс депутат­тары 2024 жылғы 19 маусымда «Кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заңға бастамашы болып, қабылдады. Президент қол қойған соң, 60 күн өткенде, 2024 жылғы желтоқсанда қолданысқа енгізілген бұл заң да ломбардтарға біраз жеңілдік әперді. 

Атап айтқанда, 2024 жылдан бері Қа­зақстан азаматтары eGov.kz порталындағы сервистің көмегімен банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады. Мұны «Стоп-кредит» атайды. Алайда Қазақстан ломбардтары ұлттық лигасы депутаттар арқылы осы талаптың микроқаржылық қызмет ұйымдарының бір бөлігіне – лом­бардтарға таралмауына қол жеткізді. 

«Бұл заңды Мәжіліс депутаттарының өзі жазды. Оған сәйкес, енді біз «Стоп кре­дит» бекіткен займшыға да қарыз бере аламыз. Себебі, заң нормасы бойынша «Стоп-кредит» тыйымы бұдан былай лом­бардтарға таралмайды. Біз депутаттарға бұл тетіктің азаматтарды онлайн режимде займ рәсімдеу кезінде алаяқтардан қор­ғауға бағытталғанын түсіндірдік. Ал лом­бардта онлайн жоқ: займ рәсімдеу үшін клиенттің өзі келеді және кепілзатын әке­леді. Депутаттар бізді қолдады. Сон­дықтан «Стоп-кредит» мәртебесін назарға алмай, ломбардтар қарыз бере алады», – деді қауымдастық жетекшісі. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы салада жаңа реформа бастап жатыр. Оның нәтижесінде агенттік лом­бардтардың жауапкершілік жүгін өз мой­ны­нан толық алып тастап, оны сала­лық қауымдастыққа арта салуға ниетті. Агент­тіктің Банктік емес ұйымдарды реттеу департаментінің директоры Нұржан Бидайбектің түсіндіруінше, жаңа рефор­маны мәні – саланы өзін-өзі реттеу моделіне көшіру. 

– Бүгінгі күні бұл үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Елде нарыққа қатысу­шыларды біріктіретін және институцио­налдық дамуына ықпал ететін 7 кәсіби қауымдастық жұмыс істейді. Арасында Қазақстанның микроқаржы ұйымдары­ның қауымдастығы, Қазақстан ломбард­тары ұлттық лигасы және басқасы бар. Бірлестіктер өзін-өзі реттеуді енгізу үшін берік іргетасты қалады. Бұл өзгеріс қада­ғалаудың тиімділігін арттыруға, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқық­тар­ын қосымша қорғауға мүмкіндік береді, – деді Н.Бидайбек.  

Қазіргі мемлекеттік бақылау ішкі ба­қы­­лауға ауыстырылмақ. Агенттік өзін-өзі реттеу ұйымына (ӨРҰ) қарыз алушы­лар­дың шағымын қарау, қатысушыларға тек­серістер жүргізу, ішкі ықпал ету шара­ларын қолдану бойынша өкілеттік беруді жоспарлады. Мұндай жағдайда агенттік жұрт шағымына жауап беріп, әрбір лом­бардты қадағалап, жазалаумен айна­лыспайды. Ол тек ӨРҰ-ның қызметіне назар аударады. Мұның соңы неге соқтыратыны әзірге белгісіз. Алайда нарыққа үстемдік еткен жеті алпауыт енді ӨРҰ ретінде мемлекеттің тексеру, жазалау және басқа құзырын өзіне алатынға ұқсайды. Сонда ломбардтардың үстінен мемлекетке шағымданып келген халық сол ломбардтардың өзі құрған ұйымға жүгінуге мәжбүр болады.

Елдос СЕНБАЙ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 07:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймақ әсер етті

13 Маусым 2026 18:36see117

Елдегі үш қала донорлар саны бойынша көш бастап тұр

14 Маусым 2026 18:24see116

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

13 Маусым 2026 13:59see114

Алтын тамыр бастауы

13 Маусым 2026 13:59see114

Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды

14 Маусым 2026 16:16see111

Әділет партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

14 Маусым 2026 16:11see110

Астанада Әділет партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

14 Маусым 2026 12:50see110

Ақша басқа өңірлерге кетіп жатыр : Атырау облысының әкімі ірі компанияларды қайта тіркеуді талап етті

14 Маусым 2026 22:59see110

Пәкістан премьері: АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін

13 Маусым 2026 20:12see110

Бекзат болмысы түрік тілінде

13 Маусым 2026 13:59see109

Азат Перуашев Ақ жол партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

13 Маусым 2026 14:16see109

Жоғалып табылған Жайық шаһары

13 Маусым 2026 14:00see108

​Қашағанда жаңа қуатты газ зауытының құрылысы басталды

14 Маусым 2026 22:59see108

500 қазақ ғалымы шыққан Нарынқолда үш ұрпақтың бас қосуы өтті

13 Маусым 2026 18:50see107

Словакия Украинаға қару экспортын 20 есеге арттырды

15 Маусым 2026 08:58see107

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

13 Маусым 2026 21:41see107

​Рамзан Қадыров 18 жасар ұлына екі мәрте республиканың жоғары атағын берді

14 Маусым 2026 22:59see106

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

14 Маусым 2026 13:48see106

Мексика мүлт кеткен жоқ

13 Маусым 2026 14:01see106

Павлодарда Ертіс өзеніне ағып кеткен ер адам құтқарылды

13 Маусым 2026 23:38see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары