Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

БҚО да салынып жатқан аурухана құрылысы неліктен тоқырады

БҚО да салынып жатқан аурухана құрылысы неліктен тоқырады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Казталов ауданының тұрғыны Нұрлан Құсайыновтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім еткеніндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың қазан айында басталған аталмыш нысан бүгінде «сақалды» құрылысқа айналу қаупінде.

Оның сөзіне қарағанда, мердігер ұйым «MIR-A Construction» ЖШС құрылыс жұмыстарын қажетті деңгейде жүргізе алмай отыр. Арнайы техника жеткіліксіз немесе жоқ. Сондай-ақ білікті құрылыс мамандары тартылмаған. Құрылыс қарқыны өте төмен. 

Фото: БҚО құрылыс басқармасы

— Салыстырмалы түрде алғанда, Бөрлі ауданында осындай көпбейінді ауданаралық аурухана құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыруға болатынын көрсетеді. Қазіргі кезең — құрылыс жұмыстарының ең белсенді жүргізілетін уақыты. Осыған қарамастан, Казталов ауданындағы нысанның тоқырауы түсініксіз және алаңдатарлық жағдай. Сондықтан аталған құрылыс нысаны бойынша нақты тексеріс жүргізіп, мердігер ұйымның қызметіне құқықтық баға беру, жобаның уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету қажет. Бұл құрылыс емес, бұл — бюджет қаражатын тиімсіз игерудің айқын көрінісі, — дейді Н.Құсайынов.

Фото: БҚО құрылыс басқармасы

Осы мәселеге орай Kazinform тілшісі БҚО құрылыс басқармасына арнайы сауал жолдаған еді. 
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдан облыс аумағында 2 көпбейінді орталық аудандық аурухананы (Бөрлі ауданы Ақсай қаласы, Казталов ауданы Казталов ауылы) реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соның ішінде Казталов аудандық ауруханасы ғимаратын реконструкциялау нысаны бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы 2025 жылғы 16 шілдеде алынған. Мердігер — «MIR-A Construction» ЖШС болса, авторлық қадағалау — «Промэнергопроект» ЖШС, техникалық қадағалау — «Инжиниринговая компания по организации строительного производства» ЖШС.

Фото: БҚО құрылыс басқармасы

Жер телімінің жалпы ауданы — 3,1 га. Төрт қабатты ғимараттың жалпы ауданы — 10 223,24 шаршы метр. Жоба бойынша ғимарат Т-тәрізді, екі тікбұрышты бөліктен тұрады. Ғимаратта МРТ, КТ және ангиограф сияқты медициналық жабдықтарды орналастыру көзделген. Сондай-ақ бірінші қабатта травматологиялық пункт, диагностикалық орталық, екіншісінде медициналық оңалту және травматология бөлімі, үшіншісінде неврология, хирургия, тері арқылы коронарлық араласу (ЧКВ) бөлімі, төртіншісінде операциялық блок болмақ.

— Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірістік жұмыс кестесінен айтарлықтай кешігіп отыр, жұмыстардың орындалу деңгейі — 12 пайыз. Мердігер тарапынан құрылыс жұмыстары уақытылы атқарылмай, келісімшарттық міндеттемелер тиісті деңгейде орындаған жоқ. Бұл ретте мердігер ұйымның атына анықталған бұзушылықтарды жою және құрылыс жұмыстарын жандандыру туралы талап хаттар бірнеше рет жолданды. Алайда күні бүгін мердігер тарапынан тиісті шаралар қабылданған жоқ. Осыған байланысты «MIR-A Construction» ЖШС-мен келісімшартты біржақты бұзу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Келісімшарт бұзылғаннан кейін жаңа конкурс жарияланып, жаңа мердігер анықталатын болады, — делінген ресми жауапта.

Фото: БҚО құрылыс басқармасы

Сонымен қатар Казталов аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Руслан Сұлтанов бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аудандық ауруханада бірнеше адамның өлімі тіркелгенін жеткізді. 
Оның сөзіне қарағанда, жуырда 12-13 жастағы жасөспірім баланың мезгілсіз қазасы бүкіл ауданның қабырғасын қайыстырды. Содан кейін тағы бір 45 жасар ер адам ажал құшты. Бұдан біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? деген сауал туындайды.

— Неге Казталов ауданының халқы қарапайым медициналық көмек ала алмай, аурухана табалдырығында жан тапсыруы тиіс? Онда, тіпті, оттегінің өзіне дейін жетіспейді. Құрал-жабдықтарға қоса кейбір мамандардың әрекеті күмән тудырады. Ауруханадағы өлім-жітім қалыпты жағдайға айналғандай. Бас дәрігер бұл масқара үшін қашан жауап береді? Меніңше, бас дәрігерді ауыстырып, орнына білікті маман тағайындау керек. Сонда аурухана жұмысы қалыпқа келер еді деп ойлаймын. Оған қоса біз шырылдап жатқан кезде жергілікті аудан әкімдігі мен мәслихаттың, қоғамдық ұйымдардың үнсіз отырғаны қайран қалдырады, — дейді Р.Сұлтанов.

Бұл мәселеге орай жауап берген БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, медициналық ұйымдарда тіркелген барлық өлім дерегі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына сәйкес міндетті түрде сараптамаға жатады.

— Қолданыстағы қағидаларға сәйкес әрбір жағдай бойынша ішкі және сыртқы сараптамалар жүргізіліп, тиісті тексеру іс-шаралары ұйымдастырылады. Сараптама қорытындылары негізінде анықталған кемшіліктер бойынша қажетті шаралар қабылданып, қажет болған жағдайда материалдар уәкілетті органдарға жолданады. Бұл жағдай бойынша жедел түрде облыстық бейінді мамандардың қатысуымен комиссия құрылды. Қазіргі уақытта мәселе бақылауға алынып, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады, — деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да апатты мектептердің орнына жаңасы қашан салынатынын жазған болатынбыз. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 11:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see105

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары