Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

БҚО да жаңа дене шынықтыру сауықтыру кешені неліктен талапқа сай емес әкімдік жауап берді

БҚО да жаңа дене шынықтыру сауықтыру кешені неліктен талапқа сай емес әкімдік жауап берді

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қоғам белсендісі Алмагүл Иқсанованың мәлім еткеніндей, аталмыш нысан өткен жылдың соңында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының әлеуметтік міндеттемелері есебінен салтанатты түрде ашылған. Бұған 11,1 млрд теңге қаржы жұмсалған.

— Осындай қаржыға салынғаннан кейін дене шынықтыру-сауықтыру кешені талапқа сай болуы керек қой. Біріншіден, доптар жоқ. Оның біреуі 60 мың теңге тұрады, ал мұнда базардан әкелінген 3 мың теңгенің добы тұр. Екіншіден, сапасыз тренажерлік жабдық қойылған. Гимнастикалық жабдық та қазір жоқ. Қабырғалар ырық-жырық. Қолғаптар да ескі-құсқы. Турникетті тот басқан. Сырттағы септикті де ретке келтіру керек, — дейді А.Иқсанова.

Оның айтуынша, жергілікті жасөспірімдер халықаралық жарыстарда жүлде алып жүргенімен, жаттығуларына жағдай жасалмаған. 

— Өзім осы жерде туып-өскеннен кейін менің де жаным ауырады. Қазірге дейін нысан жабық тұр, балалар жаттыға алмай жүр. Шын мәнісінде «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы аталмыш нысанның тапсырылғаны жөнінде өз парақшасында 30 желтоқсанда ақпарат жариялады. Сонда оны кім қабылдап алған? Мен компанияның өзіне де барып, талап қоямын, — деп қосты қоғам белсендісі.

Осыған орай Kazinform тілшісі Бәйтерек ауданы әкімдігіне арнайы сауал жолдаған еді. 

Әкімдік мәліметіне қарағанда, аталған кешеннің тапсырыс берушісі «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы болса, мердігер ұйым — «Энергострой» ЖШС.

Күні бүгін нысан құрылысы аяқталған, бірақ Бәйтерек ауданы теңгеріміне берілмеген. Аталған нысан бойынша бірқатар ескертпе бар, мердігер ұйым соны жою жұмыстарын жүргізуде. 

— Қазіргі таңда ғимарат пен дене шынықтыру-сауықтыру кешені аумағын ретке келтіру үшін құрылыс компаниясы сылау жұмыстарын атқаруда. Атап айтқанда, тренажер, күрес залдарында, дәлізде сылау-бояу, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кешен аумағы тазаланғаннан кейін құрылыс қалдықтары шығарылады. Спорттық құрал-жабдықтар мердігер ұйыммен жобаға, техникалық талаптарға сәйкес сатып алынған. Қосымша құрал-жабдықтарды спортшылардың өздері әкелген. Сонымен қатар аталмыш нысан бойынша кепілдік міндеттемелер бар, ол ҚР заңнамасына сәйкес орындалатын болады, — делінген ресми жауапта.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жаңадан салынған мектеп ғимараты екі жыл өтпей неліктен жабылғанын жазған болатынбыз. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Сәуір 2026 18:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары