Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Жемісті жеті жыл

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Брюссель келіссөздері жаһандық игі жол

Брюссель келіссөздері жаһандық игі жол

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Euronews» сайтында жария­ланған мақаласында Қазақстан мен Еуроодақ өзара тиімділікке, сенімге және Еуразия кеңістігіндегі тұрақты байланыстарды дамытуға негізделген стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне қадам басып отырғанын атап өтті. Сондықтан бұл сапар­дың мәні тек Қазақстан мен Бель­гия арасындағы екіжақты қарым-қатынаспен шектелмейді.

Әңгіме еліміздің тұтас Еуро­одақ­пен өзара іс-қимылы­ның жаңа архитектурасын қалып­тас­тыру туралы болып отыр. Бельгияның Қазақстан экономикасына инвестиция құйған бес ірі елдің қатарына енуі де кездейсоқ емес. Кейінгі жиырма жылда бельгиялық инвестиция көлемі
14,8 млрд долларға жетті. Қысқасы, сапардың басты нәтижесі Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы стратегиялық әріп­тес­тіктің жаңа күн тәртібін нақты жобалар арқылы жүзеге асыру болмақ. Жалпы, құны 403 миллион еуродан асатын келісімдер топтамасы әзірленді.

2021 жылғы сапар пандемия­дан кейінгі қалпына келтіру кезеңімен тұспа-тұс келсе, бүгінгі күн тәртібі әлдеқайда страте­гия­лық сипат алды. Мемлекет басшысы «Euronews»-тегі мақаласында атап өткендей, Қазақстан мен Еуроодақ дәстүрлі «сауда және инвестиция» үлгісінен жаңа буын серіктестігіне көшіп келеді. Бұл әріптестік маңызды минералдар, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, энергетика, көлік байланысы және адам капиталы сияқты бағыттарды қамтиды.

Қазір еліміз әлемдегі табиғи уран өндірісінің шамамен 40 па­йызын қамтамасыз етеді. Соны­мен бірге маңызды минерал­дар­дың мол қорына ие және Еуропа мен Азия арасындағы тұрақты жеткізу тізбегінің негізгі буын­дарының біріне айналып келеді. Нәтижесінде, Орта­лық Азия шеткері өңір мәрте­бесінен шығып, Еуразия кеңіс­ті­гін­дегі жаңа өзара байланыс орта­лық­та­ры­ның бірі болып отыр.

Сауда-экономикалық ынты­мақтастық та тұрақты өсіп жатыр. Өткен жылы екі ел арасын­дағы тауар айналымы 582,4 миллион долларға жетіп, 27,6 пайызға артты. Қазақстан экспорты 48 па­йыз өсіп, 311,5 миллион долларды құрады. Ал осы жылдың алғашқы төрт айында өзара сауда көлемі 179,5 миллион долларға жетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мақаласында Қазақстанның тек шикізат жеткізуші ел емес, жаһандық өндірістік тізбектердің толық­қанды қатысушысына айна­­­лу­ға ұмтылып отырғанын айтты.

Сол себепті еліміздің Бельгияға экспорттайтын өнімдерінің жартысынан астамын зығыр тұқымы құрайтыны ерекше назар аудартады. Титан, молибден және ферроқорытпалармен қатар бұл экспорт құрылымының кеңе­йіп, қосылған құны жоғары өнім үлесінің артып келе жат­қанын көрсетеді. Еуропа үшін бұл азық-түлік қауіпсіздігін нығай­туға және жеткізу көздерін әртарап­тан­дыруға мүмкіндік берсе, Қазақстан үшін шикізаттық емес сек­торды дамытуға жол ашады. Қысқасы, бұл сапардың ең маңыз­ды нәтижесінің бірі де осы болуы мүмкін.

Жалпы айтқанда, бүгінде еліміз Еуразиядағы көлік архитек­ту­расының негізгі буынының біріне айналып, әлемдік логистика қайта құрылып жатқан жағ­дайда Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы арта түсті. Бұл ретте Президент Тоқаев өз мақаласында Орта дәлізді «XXI ғасырдың Жібек жолы» деп атағанын айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүк тасымалының шамамен 85 пайызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Яғни Транскаспий бағытын Еуропаның Global Gateway бастамасымен ықпалдастыру тың мүмкіндіктерге жол ашып отыр.

Сондай-ақ Румыниядағы Мидия портында терминал салу, «Maersk» компания­сымен жасал­ған келісімдер, авиацияны цифрландыру жобалары мен ЕҚҚДБ-ның инфрақұрылымдық қар­жыландыруы Еуропа мен Азия арасындағы жаңа логистикалық экожүйені қалыптастыруға негіз болады. Осылайша, Қазақстан жай ғана транзиттік аумақ емес, толыққанды еуразиялық көлік-логистика хабына айналмақ.

Манарбек ҚАБАЗИЕВ,

Сыртқы саяси зерттеулер институты басқарма төрағасының орынбасары

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Маусым 2026 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see119

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see118

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see117

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see115

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see115

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see115

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see115

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see115

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see114

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see113

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see112

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see112

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see112

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see111

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see111

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see108

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see107

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары