Бұлай болғаны әділетсіз : Бектенов жаңа жылдан бастап жәрдемақыны кімдер алатынын айтты
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ауқымды реформа туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер-министрдің айтуынша, келесі жылдан бастап жәрдемақы тағайындау кезінде адамның әлеуметтік санатына емес, мемлекеттік көмекке қаншалықты мұқтаж екеніне басымдық беріледі.
"1 қаңтардан бастап бұл қағидат толыққанды жұмыс істейтін болады. Қазіргі кезде ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді Бектенов Құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Үкімет басшысы жаңа тәртіпті мысалмен түсіндірді.
"Мәселен, бүгінде көпбалалы отбасы кедей болсын, бай болсын, мемлекеттен бірдей қолдау алады. Біздіңше, бұлай болғаны әділетсіз. Бай, ауқатты және өзін-өзі асырай алатын адамдар мемлекеттен көмек алмауы керек. Олар өз күшіне сенуі қажет. Ал мемлекет тек өзін-өзі асырай алмайтын адамдарды қолдауы керек және қолдай береді", – деп атап өтті премьер-министр.
Оның айтуынша, мемлекеттік көмекті өмір бойы берілуге тиіс төлем ретінде қарастыру дұрыс емес. Бұл – адамның жағдайын жақсартуына берілетін мүмкіндік. Сондықтан азамат жұмыс тауып, уақыт өте келе әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдар қатарынан шығуға ұмтылуы керек.
Айта кетері, бұған дейін Үкімет мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, уақытша тоқтату және толық тоқтату шарттарын бекіткен болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 20:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















