Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Бұлтарыстағы бейне

Бұлтарыстағы бейне

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

«Тәуелді» деп аталатын қойылымның өзегінде түрлі тәуелділіктің құрсауында қалған адамдардың тағдыры жатыр. Екі күн қатарынан қойылған спектакль драматерапия жанрында ұсынылды. Ең әуелі драматерапия арт-терапияның бір түрі саналатынын айтайық. Осыдан спектакльдің қандай форматта өткенін түсіну қиын болмайды. Актерлік құрам көрермен алдында арт-терапияға қатысушылар рөлін сомдайды. Кейіпкерлер бір терапиялық кеңістікте бас қосып, өміріндегі ауыр оқиғаларын бөліседі. Олардың ішкі сырын ақтарған сәттері арқылы көрермен тәуелділіктің қарым-қатынасты, сенімді, ішкі тіректі, жақындармен байланысты да күйрететінін көреді.

Қойылым сюжетінде әртүрлі кейіпкерлердің соның ішінде: лудомания, гейминг, нашақорлық тәуелділіктеріне тап болған жандардың өмірі жатыр. Сонымен қатар драматерапия элементтеріне негізделген мұндай толық форматтағы қойылым осыған дейін театр сахнасында кең көлемде сахналанбаған. Тағы бір ерекшелігі, «Тәуелді» камералық форматта сахнада өтті, яғни көрермен мен кейіпкердің арақашықтығы азайып, оқиғаны шынайы терапиялық сессия сынды сезінуге мүмкіндік туды.

Тәуелділік торына түскен үш жанның ара­сынан алаяқтық негізінде жұмыс істейтін ком­пания басшысы Арман Сейітовтің жұмбақ өлі­міне қатысты қылмыскерді анықтау керек. Бір жағынан детектив жанрының да кішкентай элементтері байқалады. Қойылымдағы негізгі ойдың бірі – мәселені мойындау. Сол арқылы кейіпкер басынан өткен оқиғасын баяндап, қазіргі ахуалына қалай түскенін және оны түзеу үшін батыл шешімге баратынын көрермен көз алмай бақылап, тәуелділіктің сырт көзге көрінетін әрекеттен әлдеқайда тереңде жат­қанын аңғарады. Үш күдіктінің бірі – Еркін. Кішкентайынан мектептегі балалардан буллинг көрген, әкесіз өскен кейіпкер. Оған виртуалды әлем қызық. Үнемі кінәні сырттан іздейтін, қоғамға бейімдемеген анасын, достаспаған балаларды ұдайы кінәлайтын жан. Зейнетке шыққан анасының тірнектеп жинағанын алаяқтар бір күнде қағып әкеткендіктен, геймингке айналды. Ол да жұрттың ақшасын солай оңай алуға бел буды. Тіпті анасын өлтіруге дейін барған. Сондықтан қылмысқа қатысы барлардың қатарына енді. Ал жеңілжүрісті, нашақор, оңай ақшаға тәнін саудалаған Назар жоқшылықта өскен қыз. Кішкентайынан көргені – әкесінің мас күйі. Арманы болса, бір дастарқан басында әке-шешесінің бірге отырып шай ішуі еді. Әкесінен көрмеген қамқорлықты сырттан іздейді, алғаш ғашығы болған Арман көзіне шөп салады. Осыдан Назар да күдікке ілінеді. Алдыңғы кейіпкерлерге кереғар, таршылық көрмей өскен Еркін лудоманияның торына түсіп, әйелінің барлық әшекейін саудаға салған. Әйеліне зорлық көрсетуге дейін барған. үйінен айырылғанда, алаяқтарға қарсы небір қитұрқы жоспарын да құрып, өзіне қол жұмсамақшы да болған. Еркін осындай әрекеттері арқылы күдікті деп айыпталды. Үш кейіпкерге де тән нәрсе, сұмдық жағдайға дейін жеткізген қате басқан қадамын ақырын түзеп, кінәсін мойындайды, кешірім сұрайды. Осы тұрғыда, қойылымның мақсаты тәуелділікті тек әлеуметтік мәселе ретінде ғана емес, жеке адамның ішкі психологиялық жарақаттарының салдары ретінде көрсету екенін айтуға болады. 

Пьесаның авторы әрі қоюшы режиссері – Нұржігіт Мүсілім. Ол шығармашылық жолын театр актері ретінде бастап, кейінгі жылдары режиссер әрі драматург ретінде белсенді еңбек етіп келеді. Көрерменге ол өзі авторы әрі қоюшысы болған «Менің мұңым» және «Есте сақта» спектакльдері арқылы жақсы таныс. Театр репертуарындағы «Жылы мұң» драмасына негіз болған «Менің мұңым» пьесасы 2026 жылы Еуропалық театр аудармасы желісі Eurodram іріктеуінің қорытындысы бойынша үздік шығармалардың қатарына енді. Сонымен қатар Нұржігіт Мүсілімнің жетекшілігімен «Әштен», «Кішкентай ханзада», «Асан мен Үсен», «Армандар орындалады» спектакльдері, сондай-ақ Ozgeepic еркін шығармашылық алаңында «Есте сақта» қойылымы сахналанды. Ал жаңа «Тәуелді» пьесасы заманауи драматургияға арналған жыл сайынғы Drama.KZ 2026 фестивалінің шорт-парағына еніп, үздік 12 шығарманың қатарынан көрінді. Режиссердің айтуынша, кейінгі жылдары тәуелділік тақырыбы қоғам үшін айрықша өзекті бола түсті.

– Бастапқыда спектакльге тәуелділіктің алты түрін енгізуді жоспарлаған едік. Бірақ жұмыс барысында олардың барлығын бір қойылым аясында толық ашу мүмкін емес екенін түсіндік. Сондықтан лудомания, ойынға тәуелділік және есірткіге тәуелділік тақырыптарына тоқталдық. Дайындық кезінде психологтарман кездесіп, олардың кәсіби тәжірибесін зерттедік. Біз үшін тәуелділікті сырттай көрсету ғана емес, оның адамның ішкі әлеміне қалай әсер ететінін түсіну маңызды болды. Көп жағдайда оның түп-тамыры шешілмеген өмірлік мәселелермен, балалық шақтағы психологиялық жарақаттармен, адамның ұзақ уақыт бойы ішінде сақтап келген жан жарасымен байланысты. Сондықтан қойылым драматерапия деп аталады. Біз көрерменге дайын жауап ұсынбаймыз, керісінше, кейіпкерлермен бірге ойлануға, олардың ішкі арпалысын сезінуге шақырамыз. Спектакльдің камералық форматта қойылуы да кездейсоқ емес. Ол актер мен көрер­мен арасындағы қашықтықты қысқартып, ортақ терапиялық кеңістік әсерін тудырады. Шетелдік тәжірибеде драматерапия бүгінде тәуелділікке тап болған адамдармен жұмыс істеудің тиімді әдістерінің бірі ретінде қолданылады. Осы спектакль арқылы біз қоғам назарын бұл мәселенің алдын алуға аударып, көрерменнің осындай жағдайға түскен адамдарды тереңірек түсінуіне ықпал еткіміз келеді, – дейді Нұржігіт Мүсілім.

Қазіргі театр өнері классикалық қалыптан шығып, көрерменмен ашық әрі тікелей байланыс орнатуға бет бұрды. Бұрын сахна сыртынан бақылаушы болып келген көрермен бүгінде кей қойылымдардың белсенді қатысушысына айналып келеді. Драматерапия – әлемдік тәжірибеде тәуелділікке ұшыраған адамдармен жұмыс істеуде тиімді әлеуметтік-психологиялық әдіс ретінде кеңінен қолданылатын бағыт. Осы тәсілді қазақ сахнасына бейімдеген жаңа қойылым көрерменге өзгеше формат ұсынады. Ауыр өмірлік жағдайға тап болған үш басты кейіпкердің оқиғалары мен олардың кәсіби психологпен сахнадағы диалогтары арқылы терапия форматындағы тәрбиелік әрі жаңашыл жобаны ұсыну арқылы Мәмбетов театры жаңа қырынан танылды. «Тәуелді» – бүгінгі қоғамға қойылған сұрақ. Біз тәуелділікке ұшыраған адамды кінәлауға бейімбіз. Ал спектакль көрерменді басқа қырынан ойлануға шақырады: оның сол күйге түсуіне не себеп болды, ол қай жерде қолдаусыз қалды, жан жарасын кімге айта алмады? Осы сауалдар қойылымның салмағын арттырып, оны жай спектакль емес, көрерменмен ашық диалогқа құрылған әлеуметтік туындыға айналдырады.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 07:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see119

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see118

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see116

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see116

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see114

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see114

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see114

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see113

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see113

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see113

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see113

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see113

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see112

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see112

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see111

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see111

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see111

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see110

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see110

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары