Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

C5+1 саммитінде Қазақстан мен Oracle жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға уағдаласты

C5+1 саммитінде Қазақстан мен Oracle жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға уағдаласты

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Oracle компаниясы жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және «бұлтты» технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қол қою рәсімі Вашингтонда  АҚШ - Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту, экономикалық және технологиялық дамуды қолдауға бағытталған C5+1 форматындағы бизнес-конференция барысында өтті.

Меморандум аясында тараптар Қазақстанда Oracle компаниясының пилоттық ЖИ-инфрақұрылымын орналастыру мүмкіндігін бағалауға және тиісті тестілеулер жүргізуге қолдау көрсету, бұлтты деректер орталықтарын кезең-кезеңімен дамыту әлеуетін зерттеу, сондай-ақ қолданбалы жасанды интеллект бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру бағытында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ ынтымақтастық аясында кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған арнайы оқу және сертификаттау бағдарламалары, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, Қазақстанда Oracle құзыреттер орталығын құру мәселелері қарастырылуы мүмкін. Тараптар жасанды интеллектіні дамытудағы реттеу және этикалық мәселелер бойынша диалогты жалғастыруға ниетті.

Жаслан Мәдиев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі: «Oracle компаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және цифрлық экожүйесін дамытуға ықпал етеді. Бұл еліміздің цифрлық экономикасын қалыптастыру үшін берік негіз құру және технологиялық инновацияларды ілгерілету жөніндегі біздің ұстанымымызды көрсетеді».

Эллисон О’Брайен, Oracle компаниясының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры: «Oracle Қазақстанның жасанды интеллектіге қатысты ұлттық стратегиясын іске асыруды қолдауға дайын. Біздің технологиялар мен сараптамалық тәжірибеміз цифрлық трансформацияны жеделдетуге және әртүрлі салаларда инновацияларды ынталандыруға көмектеседі».

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен АҚШ-тың Groq, Inc. компаниясы озық есептеу жүйелері мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат Қазақстанда Groq инфрақұрылымын орналастыруды, Alem.AI және Astana Hub базасында пилоттық жобаларды іске қосуды, сондай-ақ жоғары өнімді есептеулер (HPC),  жасанды интеллектіні дамытуға арналған ұлттық және өңірлік бағдарламаларды қолдау үшін «бұлтты» деректер орталықтарын құруды көздейді.

Сонымен қатар, Groq Қазақстанда технологияларды жергіліктендіруді және бірлескен жобаларды дамыту үшін инновациялық орталық немесе ресми өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруда.

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен америкалық BETA Technologies компаниясы ақпараттық технологиялар және электрлік авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Келісім пилоттық жобаларды іске асыру және электрлік ұшақтар, озық технологиялар мен интеллектуалды көлік жүйелері саласындағы инновациялық шешімдерді ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты көздейді.

«Қазақстан жаңа технологиялық бағыттарды жүйелі түрде дамытып, инновацияларды енгізуге қолайлы орта қалыптастыруда. BETA Technologies компаниясымен ынтымақтастық өңірдегі көшбасшылығымызды нығайтып, «ақылды» және экологиялық таза көлік шешімдерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдеміз», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Меморандумға қол қою рәсімі Вашингтонда, C5+1 бизнес-конференциясының аясында өтті. Іс-шара Орталық Азия елдері - АҚШ арасындағы технология және орнықты даму саласындағы серіктестік мәселелерін талқылауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ және Perplexity AI, Inc. компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында Қазақстан азаматтары Perplexity Pro қызметін бір жыл бойы тегін пайдалана алады.

Келісім миллиондаған азамат: студенттер мен мамандар үшін  жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Олар кәсіби даму, зерттеу, білім алуда заманауи жасанды интеллект құралдарын пайдалана алады. Сондай-ақ меморандум Alem.AI негізінде әзірлеме(R&D) мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау, Қазақстанда дата-орталықтарды дамыту жөніндегі бірлескен бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.

«Бұл келісім миллиондаған қазақстандыққа бұрын тек шектеулі пайдаланушыларға ғана қолжетімді болған қуатты жасанды интеллект технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Біз білім мен инновация әрбір азаматқа қолжетімді болатын цифрлық экожүйені қалыптастырып жатырмыз», - деді Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

«Қазақстан алдыңғы қатарлы жасанды интеллект үлгілерін жаһандық біліммен біріктірудің маңызын дұрыс бағалады. Бұл әрбір азамат үшін ЖИ технологияларын қолжетімді етудің тамаша жолы. Қазақстанның ЖИ және цифрлық даму министрлігімен әріптестік - жасанды интеллектіні барлық салада жедел енгізуге мүмкіндік береді», - деді Perplexity компаниясының жаһандық мәселелер жөніндегі вице-президенті және техникалық директорының орынбасары Джерри Ма.

«Perplexity AI компаниясымен ынтымақтастық Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біз жасанды интеллект технологияларының тек мамандарға ғана емес, студенттерге, мектеп оқушыларына, кәсіпкерлерге және басқа азаматтарға да қолжетімді болуын қалаймыз.«Қазақтелеком» АҚ осы экожүйені дамытуға белсенді қатысып, заманауи цифрлық шешімдерді адамдардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналдыру жобаларын қолдайтын болады», - деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Келісімнің инициаторы және үйлестірушісі - Astana IT University екенін айта кету керек.

Perplexity AI компаниясымен әріптестік университеттің халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ білім мен ғылымға жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытындағы ұмтылысын көрсетеді. Әлемдегі инновациялық компаниялардың бірімен әріптестік генеративті жасанды интеллект құралдарын оқу процесіне енгізуге, машиналық оқыту саласындағы зерттеулерді дамытуға және халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл студенттер мен оқытушылар үшін жаңа цифрлық құзыреттерді қалыптастыруға және жаһандық ЖИ экожүйесіне қатысуға жол ашады.

Меморандумға қол қою Қазақстанның «білімді ұлтты» қалыптастыру жолындағы тағы бір маңызды қадамы, оған сәйкес жасанды интеллект білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту процесіне үлес қосады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 22:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары