Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Чернобыль АЭС інің қорғаныс капсуласы дрондар шабуылынан бұзылды

Чернобыль АЭС інің қорғаныс капсуласы дрондар шабуылынан бұзылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Aikyn.kz жойқын апат болған Чернобыльдегі қорғаныш күмбезінің зақымдану салдарын zmescience.com материалына сүйеніп талдайды.

Адамның қолымен салынған ең үлкен жылжымалы құрылыс Украинаның солтүстігінде батпақты, тұрғындары 39 жыл бұрын көшірілген елсіз аймақта орналасқан. Бұл – биіктігі Бостандық мүсінін ішіне сыйғызатындай, ал ені Колизейді толық жауып тұратындай ауқымды үрейлі капсула. Ол 100 жылға есептеліп салынған кешеннің бір ғана маңызды міндеті бар – 1986 АЭС-тің реакторынан шығып жатқан радиацияны сыртқа таратпай ұстау. Бұл міндетін капсула 10  жыл ғана орындады.

Өткен аптада Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) осы жылдың ақпанынан бері сарапшылар айтып келе жатқан қауіпті растады. Қорғаныс күмбезі өзінің герметикалығынан айырылған.

Киев Ресей дронының соққысынан 1,5 млрд еуро тұратын құрылыстың қаптамасы тесіліп, тығыз жабылу режимі бұзылған деген хабар таратты. Салдарынан капсуланың радиацияны ұстау қабілеті жойылған. Дрондар шабуылын Ресей мойындамаған, «украиналық биліктің Мюнхен конференциясы алдындағы арандатуы» деп мәлімдеген.

Дронының соққысынан 1,5 млрд еуро тұратын құрылыстың қаптамасы тесіліп, тығыз жабылу режимі бұзылған. Радиацияны ұстау қабілеті жойылған. Фото delfi.lt сайтынан алынды. Авторлығы:  Stopkadras

1986 жылы Чернобыль АЭС-індегі реактор жарылған кезде, кеңестік билік шындықты жасырғысы келді. Мыңдаған адамның өмірін қиған операция ұйымдастырып, түтіні будақтаған қирандыларды бетонмен құйып тастады. Оны «Саркофаг» деп атады. Бұл ерлікке пара-пар, бірақ өте қауіпті әрі уақытша шешім еді. 2000 жылдарға қарай радиацияны ұстауы тиіс бетонды «қабірхана» қирай бастады. Жаңбыр суы ішке өтіп, радиоактивті отын шаңын ботқаға айналдырды. Болат конструкция коррозияға ұшырады, жаңа тізбекті реакция қаупі туды.

Бұл мәселені Украина өзінің күшімен орындай алмағандықтан, бүкіл әлем болып Жаңа қауіпсіз қоршау (ЖҚҚ) жасалды. 45 ел бірігіп, осы құрылысты салды. 2019 жылы алып қаптама рельстермен жылжытылып, ескі реактордың үстіне сырғытып әкелінді. Бұрынғы реактордың сырты толық қапталып, герметикалық қалқанға айналды.

Чернобыльдегі ЖҚҚ ішіндегі ауа қысымы теріс деңгейде ұсталады. Бұл ғимараттан радиоактивті шаң сыртқа емес, керісінше таза ауа ішке тартылатын режимді қамтамасыз етеді. Ескі кеңестік металл конструкциялар коррозияға ұшырап, бұзылмауы үшін жүйе ішінде ылғалдылық ұдайы бақыланады.

2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруі басталған кезде, Халықаралық атом энергиясы жөніндегі қауымдастық ядролық объектілерге келуі мүмкін залал қаупі туралы ескертті. Алайда 2025 жылғы ақпанда дрон соққысынан кейін кешеннің төбесі тесіліп, теріс қысым жүйесін бұзған. МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гроссидің айтуынша, тірек арқалықтар бүгінде орныққан күйде тұр. Арка ертең құлап қалмайды. Бірақ «негізгі қауіпсіздік функциясы» жойылған. ЖҚҚ-ның қорғаныс функциясын қалай қалпына келтіруге болады?Бұған дейінгі жоспар бойынша герметикалық арка ішіне орнатылған робот крандар арқылы ескі «саркофагты» бөлшектеп, балқып кеткен ядролық отынды сыртқа шығарып залалсыздандыру болатын. Бұл бірнеше онжылдыққа созылатын үдеріс деп болжанған. Аталған жоспар Украинадағы бейбіт, тұрақты жағдайға сүйенген. Ал соғыс – тұрақтылықты бұзып жіберді.

Қазір қорғаушы күмбезде физикалық, кинетикалық зақым бар. МАГАТЭ бағалауы өте қатаң болды. Шатырға «шектеулі уақытша жөндеу» жасалғанына қарамастан, кешенді «қалпына келтіру» қажет екені айтылды. Бірақ мұндай ауқымды өнеркәсіптік жөндеуді радиоактивті объектіде, әрі белсенді соғыс жүріп жатқан аймақта қалай жүргізуге болады? Агенттік жөндеу жұмыстарын 2026 жылға немесе «соғыс аяқталғаннан кейінгі кезеңге» қалдырып отыр.

Бұл қаншалықты үлкен проблема деген сұрақ туындайды. Қазіргі уақытта Чернобыль аймағындағы радиациялық бақылау датчиктері қалыпты деңгейді көрсетіп тұр. Киевке немесе Варшаваға қарай ыстық радиоактивті бұлттар кетіп жатқан жоқ. Бірақ ядролық қауіпсіздік саласында «қауіпсіз» деген ұғым әрдайым салыстырмалы. Мамандарды 1986 жылғыдай кенет жарылыс емес, қауіпсіздік жүйелерінің баяу, біртіндеп әлсіреуі көбірек алаңдатуда.

Дрон соққысы тек шатырды ғана зақымдаған жоқ. Ол реактор залында не болып жатқанын көрсететін автоматтандырылған мониторинг жүйелерін де істен шығарған. МАГАТЭ қазір «кешенді автоматтандырылған мониторинг жүйесін» жаңғыртуды талап етіп отыр. Үкіметтің «радиациялық» тәуекелін қалай түсіндіруге болады?

Чернобыльдегі қиындықтар соғыс жағдайында Украинаның энергия жүйесіне жасалып жатқан тұрақты шабуылдармен қиындай түсуде. Ядролық объектілер жұмысын тоқтатса да, электр қуатына тәуелді. Оларға ауа айналымын қамтамасыз ету, датчиктердің жұмысын бұзбау, қалдықтарды басқару үшін тұрақты энергия қажет. Қазіргі таңда МАГАТЭ бүкіл Украина бойынша қосалқы станцияларды тексеріп жатыр. Өйткені Чернобыль АЭС-індегі электрмен жабдықтаудың үзілуі қалдық қауіпсіздік жүйелерін тоқтатып, зақымданған реакторды бақылаусыз және басқарусыз қалдыруы мүмкін.Чернобыль АЭС-індегі қазіргі жағдай – «қауіпсіз АЭС» деген ұғымның болмайтынын көрсетеді. АЭС – әрқашан қауіпті. Сондықтан Қазақ Елінде жоспарланған АЭС те ешқашан абсолютті қауіпсіз болмайды. Тәуекелдері өте жоғары.

Оның қауіпсіздігіне ешбір мемлекет не компания 100% кепілдік бермейді. Ядролық нысандарды технологиялық ақаулар да, геосаяси тәуекелдер мен әскери қақтығыстар да осал етеді.

Болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі тұрғысынан қарағанда, болашақта термоядролық синтез, «таза көмір», болмаса жел мен күн сияқты жаңартылатын көздер қауіпсіз әрі экономикалық тиімділігі жоғары энергетикалық бағыт ретінде қарастырылуы тиіс. Қазақ Елінің стратегиялық таңдауы қысқа мерзімді энергия тапшылығын емес, ұзақ мерзімді қауіпсіздік пен технологиялық болашақты ескеруі қажет. Қазақ Елінде жоспарланған АЭС салынбай жатып, тоқтатылса таңғалмайтын едік. Екібастұз сияқты тағы бір энергия кешенін салсақ, ол Балхашта салынатындай 5 АЭС-тің қуатынан көп болса, бүгінгі Үкіметтің «радиациялық» тәуекелін қалай түсінуге болады? Президент Тоқаев та «таза көмір» энергиясын қолдану арқылы, энергия тапшылығын арзан әрі қауіпсіз шешу жолын тапқанын көрсетіп отыр.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 12:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары