Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты

Оралда қылмыс жасаған екі армениялық азамат бір жылдан кейін Ереванда ұсталды

Астанада қажылыққа апарамын деп 17 адамды алдаған ер адам сотталды

Орта державалар жаһандық тұрақтылықтың тірегіне айналады ADF 2026 аясындағы сарапшылар пікірі

Алтын Орда дәуірінің орталығы мұражайға айналмақ

Алматыдағы марафонда рекорд тіркелді

Иран әуе кеңістігін ішінара ашты

Титаник жолаушысына тиесілі құтқару жилеті 906 мың долларға сатылды

Астанада қай көшелер жабық тұр?

Иран АҚШ қа неліктен сәтті тойтарыс берді әскери сарапшы пікірі

Щучинсктегі трагедия қаза болғандар саны 12 ге жетті

Гуанчжоу жәрмеңкесіндегі шетелдік сатып алушылар саны рекордтық деңгейге жетті

Жетісу облысында 256 фермерге 8,2 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген

Рыбакина Штутгарттағы турнирде жартылай финалға өтті

Папа тирандар туралы сөзінің Трампқа арналмағанын мәлімдеді

Үндістанда фейерверк фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

Хезболла Ливанда француз бітімгерінің өліміне қатысы барын жоққа шығарды

Алматы Өскемен тасжолында болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

Танымал брендтің балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылды

Иран АҚШ ты бітімді бұзды деп айыптап, американдық кемелерге соққы берді

Дала дипломатиясы: Қазақстан Моңғолия серіктестігі жаңа кезеңге қадам басты

Дала дипломатиясы: Қазақстан Моңғолия серіктестігі жаңа кезеңге қадам басты

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Тарихи сабақтастықтан стратегиялық серіктестікке

Қос елдің байланысына үңілсек, Моңғолия — Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі. Тікелей шекара болмағанымен, рухани және тарихи байланыстар тереңнен тамыр тартып, екіжақты қарым-қатынастың негізін қалыптастырып отыр.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнады. Содан бері саяси, экономикалық және мәдени байланыстар біртіндеп дамып, жүйелі сипатқа ие болды. Қазақстан 1997 жылы Ұлан-Батырда дипломатиялық миссиясын ашып, 2007 жылы оны толыққанды елшілік деңгейіне көтерді. Бүгінде Қазақстанда Моңғолияның Астанадағы елшілігі мен Алматыдағы консулдық пункті жұмыс істейді. 1991 жылдан бері 60-тан астам келісімге қол қойылған.

Фото: Ақорда

Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов қос елдің саяси диалогін тұрақты әрі сенімге негізделген деп бағалайды.

— Екі елдің арасында қайшылық жоқ. Керісінше, олардың сыртқы саясаттағы ұстанымы ұқсас. Қазақстан Орталық Азияға, Каспий аймағына және Еуропаға шығу мүмкіндігін береді, ал Моңғолия Шығыс Азиямен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, олар аймақтар арасындағы байланысты нығайта алады. Дегенмен, жоғары деңгейдегі байланыстардың жиілігі әлі де жеткіліксіз. Бірақ әлеует бар, — дейді сарапшы.

Қос ел байланысының жаңа кезеңі 2024 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлан-Батырға жасаған мемлекеттік сапары барысында басталғанын айту қажет. Сапар аясында екіжақты қатынас нақты мазмұнмен толықты.

Сапар барысында стратегиялық серіктестік туралы бірлескен декларацияға және инвестициялар, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы, өсімдіктер карантині мен ақпараттық технологияларды қамтитын 11 құжатқа қол қойылды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді нығайту бағытындағы келісімдер қабылданып, жүк тасымалын жеңілдету мен жаңа логистикалық бағыттарды дамытуға басымдық берілді. Биыл, ақпан айында Қазақстан Моңғолиямен зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы заңды ратификациялады.

Осы үдерістің жалғасы ретінде 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасы келісіліп, инвестицияларды өзара қорғау мен ынталандыру шараларын жеделдету көзделді. Нәтижесінде Қазақстан Моңғолия үшін Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық әріптеске айналды.

Саясаттанушы Ерсұлтан Жансейітовтің пікірінше, қазақ-моңғол қатынастарының беріктігі бірнеше іргелі факторға негізделіп отыр.

— Біріншіден, ол — қолайлы саяси ахуал мен жоғары деңгейдегі сенім. Екіншіден, көшпелі өркениеттің ортақ мұрасы мен Шыңғыс хан дәуірінен бастау алатын байланыстар. Үшіншіден, сыртқы саясат пен экономикалық мүдде. Екі ел де нарықты әртараптандыруға, транзиттік әлеуетті арттыруға, сондай-ақ БҰҰ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық алаңдарда үйлесімді әрекет етуге мүдделі, — дейді сарапшы.

Тауар айналымын 500 млн долларға жеткізу мүмкін бе?

Ендігі кезекте экономикалық байланысқа назар аударсақ. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 20,1 млн АҚШ доллары көлемінде болды. Бұл сан қысқамерзімді құбылмалықты көрсеткенімен, екіжақты сауда құрылымында сапалық өзгерістердің жүріп жатқанын аңғартады.

Инфографика: Kazinform

Аталған кезеңде Қазақстанның Моңғолияға экспорты 16,1%-ға төмендеп, 18,5 млн доллар болды. Бұл, негізінен, темекі өнімдері, шоколад және какао қосылған тағамдар, кофе мен шай концентраттары, сондай-ақ ұн өнімдері жеткізілімінің қысқаруымен байланысты. Дегенмен, дәрілік заттар, электр жабдықтары, газдалған сусын мен макарон өнімдері бойынша өсім сақталып отыр. Жалпы алғанда, экспорт құрылымында өңделген азық-түлік өнімдерінің үлесі басым.

Инфографика: Kazinform

Ал Моңғолиядан импорт айтарлықтай өсіп, 1,56 млн долларға жетті. Бұл ет өнімдері, шырын мен трикотаж бұйымдары жеткізілімінің артуымен түсіндіріледі.

Қалыптасқан үрдістер екіжақты сауда әлеуетінің толық ашылмағанын, бірақ жаңа бағыттарға бет алғанын көрсетеді. Осыған байланысты тараптар экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің нақты тетіктеріне көшіп отыр. Соның бірі ретінде өзара сауда өкілдіктерін ашу ұсынысын айтуға болады.

Бұл бастама биыл Ұлан-Батырда өткен Қазақстан — Моңғолия сауда және инвестициялар күні аясында талқыланды. Сарапшылардың пікірінше, оны құру бизнес үшін жаңа нарыққа шығудың  тетігіне айналады. Бұл тек өнімді ілгерілетуге емес, тұрақты іскерлік байланыс орнатуға, кедергілерді азайтуға және келісімшарттарды жеделдетуге мүмкіндік бермек.

— Алдағы келіссөздерде тауар айналымын үш есе арттырып, 500 млн долларға жеткізу мәселесі қаралуы ықтимал. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясында кедендік жеңілдіктер мен сауда дәліздерін дамыту да күн тәртібіне шығуы мүмкін, — деді экономист Айбар Олжаев.

Моңғолия ауыл шаруашылығының тиімді моделін көрсетіп отыр. Бұл жетістік, ең алдымен мал шаруашылығына негізделген. Елде 70,9 млн мал бар, бұл — жан басына шаққандағы ең жоғары көрсеткіштің бірі. Мұндай нәтижеге фермерлерді қолдау жүйесі, соның ішінде салық жеңілдіктері мен ветеринарлық бақылау арқылы қол жеткізілген.

Климаты мен аумағы ұқсас Қазақстанда, керісінше, 1990 жылы 36 млн болған қой мен ешкі саны соңғы жылдары 21 млн дейін азайған. Ал осы кезеңде Моңғолияда бұл көрсеткіш керісінше өскен.

Осы тұрғыдан алғанда, сарапшылар Моңғолия тәжірибесін Қазақстан үшін маңызды үлгі ретінде бағалайды.

— Моңғолиядан тірі мал импорты бар, алайда ветеринарлық бақылау мәселелері өзекті болып отыр. Бұл бағыт реттелсе, ішкі нарықтағы тұрақтылыққа оң әсер етуі мүмкін. Бұған қоса Қазақстанда асыл тұқымды мал қорын жаңарту мәселесі өзекті. Моңғолия мен Солтүстік Қазақстанның климаты ұқсас болғандықтан, моңғол тұқымды мал жергілікті жағдайға жақсы бейімделеді, оны отандық шаруашылықта тиімді пайдалануға болады, — деді спикер.

Логистикадағы серіктестік: қос тарап қай тұста ұтады

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі — транзит пен логистика. Сарапшылар саланың әлеуеті жоғары болғанымен, оның әлі толық деңгейде іске қосылмағанын айтады. Географиялық орналасу мен өңірлік ерекшеліктер екі елді балама көлік дәліздерін дамытуға итермелеп отыр.

Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедовтің пікірінше, Моңғолияның теңізге тікелей шығатын жолы болмағандықтан, оның сыртқы саудасы негізінен Ресей мен Қытай арқылы жүзеге асады. Ал Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі маңызды транзиттік торап ретінде Қытай, Ресей, Каспий аймағы мен Еуропа нарықтарын өзара байланыстырып отыр.

Фото: видеодан скрин

— Екі елдің транзиттік мүмкіндіктерін біріктіру жаңа көлік бағыттарын дамытуға жол ашады. Қазіргі жаһандық үрдісте бір ғана логистикалық арнаға тәуелді болмай, балама бағыттарды қатар дамыту ерекше маңызға ие. Қазақстан мен Моңғолияның ынтымақтастығы осы көпвекторлы жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл халықаралық жобалармен де ұштасып, мультимодальды тасымалдарды дамытуға негіз бола алады. Дегенмен, негізгі шектеулер бар. Ол — ортақ шекараның болмауы, үшінші елдер арқылы өту қажеттілігі, инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы. Сондықтан бұл бағыттың нәтижесі бірден байқалмауы мүмкін, алайда ұзақ мерзімде оның стратегиялық маңызы күшейе түседі, — дейді ол.

Логистикалық шектеулерді ескере отырып, Қазақстан бұған дейін Моңғолияға Солтүстік–Оңтүстік көлік дәлізі мен Транскаспий халықаралық бағытын пайдалану мүмкіндігін ұсынған болатын. Қол жеткізілген келісімдер автомобиль және әуе қатынасын дамыту арқылы екі елдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, Моңғолияның ірі нарықтарға шығуын жеңілдетуге және Қазақстан арқылы жүк тасымалын арттыруға бағытталған.

Осы бастамалардың жалғасы ретінде инфрақұрылымдық интеграцияны тереңдетуге бағытталған негізгі жоба — «Қазақстан–Ресей–Моңғолия» автожолы. Бұған дейін тараптар оған ерекше назар аударды.

Фото: Ерсұлтан Жансейітовтің жеке мұрағатынан

— «Қазақстан–Ресей–Моңғолия» автожолы іске асқан жағдайда, ол тауар айналымын 500 млн долларға дейін жеткізудің маңызды тетігіне айналуы мүмкін. Сонымен қатар Моңғолияның Қазақстан арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне шығуы және әуе қатынасының дамуы, оның ішінде Астана мен Ұлан-Батыр арасындағы рейстерді арттыру — мол мүмкіндікке жол ашады. Мұнда әңгіме жай байланыс туралы емес, нақты әрі жүйелі көлік-логистикалық архитектураны қалыптастыру туралы болып отыр, — дейді саясаттанушы Ерсұлтан Жансейітов.

Ресурстан цифрлық және ғарыштық кооперацияға дейін

Бүгінде Моңғолия экспортының 96,5%-ы тау-кен өндірісіне тиесілі. Сарапшылардың болжамынша, сала алдағы 30 жыл бойы ел экономикасының негізгі тірегі болып қала береді. Соған қарамастан, ел үкіметі экономиканы әртараптандыруға бағытталған нақты шараларды қолға алып отыр. Қазіргі таңда Моңғолияда пайдалы қазбаларды барлау және өндіру лицензиясы бар 4,5 мыңнан астам компания жұмыс істейді.

Осы үрдіс аясында қазақстандық бизнес өкілдері тау-кен секторында бірлескен зерттеу және даму жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Қазақстан тарапы Ovic Construction, ICT Group, Steppe Copper Group сияқты моңғол компанияларымен әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар қос ел қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстан Моңғолияға еуропалық стандарттарға сай заманауи әскери техника жеткізуге дайын. Бұдан бөлек, «Электронды үкімет» жүйесін енгізу тәжірибесін бөлісу және ғарыш саласы бойынша мамандар даярлау бағытында да әріптестікті кеңейтуге әзір.

Фото: сарапшының жеке архивінен

— Қазақстанда электронды үкімет, зейнетақы жүйесі және цифрлық әкімшілік шешімдерді енгізу бойынша нақты тәжірибе бар. Оны Моңғолияға, соның ішінде коммерциялық негізде ұсынуға болады. Ұқсас әлеует IT саласында да бар. Еліміз IT шешімдерін мемлекетке де, бизнеске де экспорттай алады, — дейді экономист Айбар Олжаев.

Бұдан бөлек, Қазақстан Моңғолиямен бірлескен ғарыштық жобаларды дамытуға ниетті. Атап айтқанда, екі елге ортақ жерсерік топтамасын қалыптастыру көзделіп отыр. Ол әр тараптың дербес басқару мүмкіндігін сақтай отырып, табиғи ресурстарды мониторингілеу және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті деректермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ықпалдастықтың жаңа белесі

Моңғолия халқы 3,5 млн асады. Көпэтносты елде 28 ұлт пен этнос өмір сүрсе, олардың шамамен 4% — қазақ. Қандастар екі ел арасындағы тарихи әрі рухани байланысты нығайтып, достықтың берік көпіріне айналып отыр.

Фото: ZUV.MN

Кейінгі жылдары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық та жүйелі сипат алды. Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі жетекші білім беру орталығына айналып, бүгінде 30 мыңнан астам шетелдік студентті қабылдап отыр. Соның ішінде Моңғолиядан келген мыңға жуық жас елімізде білім алады. Алдағы кезеңде бұл көрсеткішті арттыру көзделіп, әсіресе инженерлік және техникалық мамандықтарға басымдық берілмек. Бұдан бөлек, Қазақстан Моңғолия аумағында отандық жетекші жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашуды жоспарлап отыр.

Мәдени-гуманитарлық ықпалдастықта туризм саласы да маңызды орынға ие. Алтай туристік кластерін дамыту және бірлескен бағыттар құру халықтар арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Ұлытаудағы Жошы хан кесенесі моңғол саяхатшылары үшін ерекше қызығушылық тудырады. Соған сәйкес, екі елдің туроператорлары да бірлескен жаңа маршруттарды әзірлеуге дайын.

Мәдени байланыстың жарқын көрінісі ретінде өткен жылы Астанада өткен Silk Way Star халықаралық музыкалық байқауын атауға болады. 12 елдің өнерпаздарын біріктірген ауқымды жоба Азиядағы алғашқы ірі вокалдық мегашоу ретінде ерекшеленді. Байқауда Моңғолия атынан қатысқан Мишель Джозеф жеңімпаз атанып, финалда оған танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген марапат табыстады. Ауқымды жоба ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Қытайдың China Media Group (CMG) медиа корпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылған болатын. 

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Көп ұзамай әнші тыңдарманына қазақ тіліндегі жаңа туындысы – BAĞALA әнін ұсынды. Ол байқаудың гранд-финалындағы жеңісінен кейін қазақстандық жанкүйерлеріне берген уәдесін осылай орындаған. Мишель Джозеф қазақ мәдениетіне және тілінің көркемдігіне ерекше ықылас білдіретінін атап өтті.

- Мен Silk Way Star жобасы кезінде Қазақстанды шын жүрегіммен жақсы көріп қалдым. Қазақ тілі өте бай әрі әсем. Байқау барысында көрсетілген зор қолдау үшін алғыс ретінде тыңдармандарыма қазақ тілінде ән сыйлау мен үшін маңызды болды, – деді әнші.

Осылайша, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы байланыс білім, мәдениет және туризм бағыттарында жаңа мазмұнмен толығып, стратегиялық серіктестіктің көкжиегін кеңейтіп келеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 08:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты

18 Сәуір 2026 10:58see112

Оралда қылмыс жасаған екі армениялық азамат бір жылдан кейін Ереванда ұсталды

18 Сәуір 2026 15:18see112

Астанада қажылыққа апарамын деп 17 адамды алдаған ер адам сотталды

18 Сәуір 2026 12:40see111

Орта державалар жаһандық тұрақтылықтың тірегіне айналады ADF 2026 аясындағы сарапшылар пікірі

19 Сәуір 2026 17:03see110

Алтын Орда дәуірінің орталығы мұражайға айналмақ

18 Сәуір 2026 20:38see110

Алматыдағы марафонда рекорд тіркелді

19 Сәуір 2026 18:11see109

Иран әуе кеңістігін ішінара ашты

18 Сәуір 2026 15:46see108

Титаник жолаушысына тиесілі құтқару жилеті 906 мың долларға сатылды

19 Сәуір 2026 05:50see107

Астанада қай көшелер жабық тұр?

19 Сәуір 2026 14:25see107

Иран АҚШ қа неліктен сәтті тойтарыс берді әскери сарапшы пікірі

18 Сәуір 2026 09:45see106

Щучинсктегі трагедия қаза болғандар саны 12 ге жетті

19 Сәуір 2026 11:41see105

Гуанчжоу жәрмеңкесіндегі шетелдік сатып алушылар саны рекордтық деңгейге жетті

20 Сәуір 2026 06:54see104

Жетісу облысында 256 фермерге 8,2 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген

19 Сәуір 2026 01:26see104

Рыбакина Штутгарттағы турнирде жартылай финалға өтті

18 Сәуір 2026 09:12see104

Папа тирандар туралы сөзінің Трампқа арналмағанын мәлімдеді

19 Сәуір 2026 03:42see103

Үндістанда фейерверк фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 Сәуір 2026 04:29see103

Хезболла Ливанда француз бітімгерінің өліміне қатысы барын жоққа шығарды

19 Сәуір 2026 02:49see103

Алматы Өскемен тасжолында болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

19 Сәуір 2026 20:31see103

Танымал брендтің балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылды

19 Сәуір 2026 17:29see102

Иран АҚШ ты бітімді бұзды деп айыптап, американдық кемелерге соққы берді

20 Сәуір 2026 08:15see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары