Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Қазақстан егемендікке қалай қадам басты шолу

Қазақстан егемендікке қалай қадам басты шолу

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Тәуелсіздік іргетасы

Мемлекеттік егемендік туралы декларация – Қазақстан тәуелсіздігі қалыптасқан іргетас. Құжат КСРО экономикасы күйреген және ел тарихында белесті сәтке айналған «егемендік шеруі» басталған күрделі жағдайда әзірленді. Оқиғаның ауқымын бағалау үшін сол уақыттың ерекшелігін паш ететін негізгі бірнеше сәттің маңыздылығын атап өткен жөн.

Біріншіден, адамдардың бірнеше буыны кеңестік шындық жағдайында тәлім-тәрбие алды және барлығы бірдей өзгерістерді қолдай қойған жоқ. Бұл жайт тіпті Парламентте, сол кезеңдегі Жоғарғы кеңесте де байқалды.

Екіншіден, экономикалық негізсіз саяси декларацияның қажетті күші де, мән-маңызы да болмас еді және де бұл орайда құжат қабылданғанға дейін нақыты экономикалық егемендік алу үшін шаралар бекітіліп қойғанын атап өту маңызды.

Дегенмен, ең бастысы тәуелсіздік алу – ұзаққа созылған процесс екенін түсіндіру қажет және де оны 1986 жылдың желтоқсан оқиғаларынан бастау керек. Қазақстан бірінші болып бұрынғы КСРО аумағында қолданыстағы саяси жүйеге қарсы шықты. Бұл жайт демократияландырудың катализаторына, тәуелсіздіктің хабаршысына айналды.

Толықтай түбіне дейін сығымдалған серіппедей тарих таңқаларлық жылдамдықпен жазылып қоя берді. Арада 3 жыл өткеннен кейін Қазақстанның дербестігіне қатысты мәселе Кремль мінберінде талқыға түсті. 1989 жылы елге экономикалық және заңды дербестік беруге бағытталған шешімдер қарқынды қабылданып, «егемендік» сөзі республикалық бұқаралық ақпарат құралдары бетінен түскен жоқ.

Фото: А.Павский/Kazinform

Экономикадағы қателіктер мен сауда мафиясы

Kazinform ақпарат агенттігінің (ҚазТАГ) 90-жылдардың соңындағы материалдары экономика қалай трансформацияланып, ел мен қоғам қандай проблемаларға тап болғанын, ең бастысы дербес дамуды қалаған Қазақстанның қалай күш жинағанын көрсетеді. Осынау мұрағат жазбаларында Қазақстан алдында тұрған қиындықтардың ауқымын түсінуге септігін тигізетін сол кезеңнің алаңдатарлық тынысы сезіледі.

Ол қиын кезең еді. Экономика күйреуге шақ тұрды. БАҚ әлі де қайта құрудың құштарлығына толы болса да, алаңдатарлық сауалдарды да көтергенімен, оларға ешқандай жауап болмады. Бұл - жоспарлы экономиканың және шаруашылық есептің оғаш қоспасы еді. Бір жағынан баспасөз «паравозымыз алға ұмтылып келеді» деп сендіруге тырысса, ал екінші жағынан паравоз ілгерілеп келе жатқанымен, алдындағы темір жолдардың талан-таражға салынғаны айқын білінетін тақырыптар да көтеріліп жатты.

1989 жылдың 18 қаңтарында ақпарат агенттігінің «Қазақ ССР Министрлер кеңесінде» деген мақаласында өткен жылғы және бесжылдықтың үш жылының қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылған.

Еңбек өнімділігі соңғы үш жылда 13,4 пайызға артқандығы туралы деректер келтірілген. Ал бесжылдық жоспар бойынша бұл көрсеткіш 9,2 пайыз болатын. Бұл ретте көптеген кәсіпорынның өндірісі артпақ тұрмақ өнім шығару көлемін қарқынды түрде қысқартып жатқандығы атап көрсетіледі.

- Осынау теріс құбылыстың себебі кәсіпорындардың көп пайда табуды қалауында жатыр. Өйткені, тапсырма аз болған сайын жоспардан тыс өнімді сатуға мол мүмкіндік туады. Демек, еңбекақы қорын толықтыруға да болады, – деп жазылған мақалада мұндай жайт экономика тепе-теңдігінің бұзылуына әкелетіні де айтылған.

1989 жылдың 30 наурызындағы «Сұранысты толығымен қанағаттандыру» деген мақалада сауда саласындағы асыра пайдаланушылық және алыпсатарлықпен күрес жайы сөз болады.

«Ағымдағы бесжылдықта жоспардан тыс тұтынушылық тауарлардан 1,3 млрд рубльден астамға өнім өндірілген, олардың өндіріс көлемі 27,7 пайызға өсті, бұл жылдық орташа көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары...»

Дегенмен, күнделікті тұтынатын тауарлардың тапшы болып отырғаны да айтылады.

Фото: Kazinform

1989 жылдың 18 сәуірінде «Заңның және қоғамның барлық күшімен» деген материалда агенттік Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінде сауда мафиясына арналған жиналыс өткені туралы хабарланған.

- Социалистік мүлікті талан-таражға салумен күрес аппаратында алыпсатарлықпен күресу үшін арнайы қызметкерлер бөлінген. Олар жедел алдын алу-іздестіру шараларын жүргізеді. Бірақ бұл шаралар барлық жерде қажетті нәтиже бермейді. Сұраныс жоғары тауарларды сатып алу арналарын айқындау және жабу әлсіз. Көп жағдайда заңсыз әрекеттердің соңғы буыны ғана анықталып жатыр: база – дүкен – алыпсатар. Осылайша, қылмысты ұйымдастырушылар көбінесе тасада қалып отыр, – делінген мақалада.

Мақалада көңіл көншітпейтін қорытындылар айтылған: алыпсатарлық қаржылық мәселелерде, ақша айналымында сәйкессіздік қалыптасуына септігін тигізеді. Тексерулер көрсеткендей, көптеген тауар қажетсіз сияқты қоймаларда жиналып, ұзақ уақыт бойы сатылымға жіберілмейді, бұл тапшылықты одан әрі ушықтыра түседі.

- Атап айтқанда, Талдықорған облысындағы «Қазгалантерейторг» базасында 145 мың тонна тұрмыстық сабын, 150 мыңнан астам орамдағы кір жуғыш ұнтақ, шамамен 8 мың сықпа тіс пастасы, 13,6 мың дана түрлі сусабын табылған, бірақ олар дүкендерде жоқ, – деп жазылады мақалада.

Кооперативтердің тез өсуі жағдайды одан сайын күрделендіре түсті. 1989 жылдың ақпанында олардың саны 4,5 мың болса, 1990 жылдың ақпанында 9,6 мыңға жетті. Агенттіктің жазуынша, олар «саудадан ресурстарды көптеп алып, көптеген тауардың тапшылығын күшейтті».

Тәуелсіздік жолында

Сол кезеңнің баспасөз жарияланымдарын талдау Қазақ КСР-нің халық шаруашылығындағы жалақының өсім қарқыны еңбек өнімділігінің өсуінен айтарлықтай асып түскенін көрсетеді. Әр түрлі саланың жұмысында жоспардың орындалмауы байқалды. Республикадан тыс жерлерден тауар әкелу 20 пайызға қысқарды, ал өз өндірісінің ұлғаюы тоқтады. Теңгерімсіздік жинақталып, орталықпен республикалар арасындағы қайшылықтар күшейе түсті.

Дәл сол кезеңде Қазақстанның саяси, ғылыми және қоғамдық дискурсінде одақтық ведомстволардың өктемдігі мен әкімшілік-командалық режимнің теріс салдары туралы мәселелер барған сайын өткір көтерілді. Экономикалық егемендікке бағытталған ілгерілеушілік айқын көріне бастады.

1989 жылдың 17 қыркүйегінде республика баспасөзінде Қазақ КСР-нің өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру тұжырымдамасының жобасы жарияланды.

Құжатта «республиканың өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне көшуінің негізгі мақсаты – Қазақ КСР-нің экономикасын және оның аймақтарын дамыту, табиғи және еңбек ресурстарын, өндірістік әлеуетін және табыстарын пайдалануда олардың құқықтарын кеңейту, оларды халықтың өмір деңгейін жақсартуға бағыттау», - деп көрсетілген.

- Республиканың экономикалық егемендігі дербес экономикалық саясат жүргізуге жағдай жасауы тиіс, – делінген құжатта.

Сонымен қатар онда экономика құрылымының тиімді еместігі, оның біржақты шикізаттық сипаты, баға қалыптастырудың бұрмаланғандығы туралы айтылған.

Фото: «Казахстанская правда» газетінің архиві

Тұжырымдама жобасының екінші бөлімінде түбегейлі маңызды ережелер анықталған.

- Қазақ КСР-нің бірегей меншігіне жер, оның қойнауы, суы, ормандары және басқа табиғи ресурстар кіреді. Олар халықаралық құқықтың жалпы қабылданған принциптері негізінде республиканың құзіретіне жатады, – деп көрсетілген құжатта.

1990 жылдың басында Тұжырымдама жобасын талқылау аясында сыртқы экономикалық байланыстар мәселесі басты тақырыпқа айналды. Сол кездегі баспасөздің жазуынша, «ішкі» егемендік сыртқы экономикалық егемендіксіз толыққанды болмайтындығы анық болды. Өз қаражатымен дағдарыстан шығу жеткіліксіз, олардың сырттан ағыны қажет».

Айта кетерлігі, ол кезде Қазақстан шетелмен негізінен делдалдар арқылы – Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі және одақтық ведомстволардың сыртқы сауда ұйымдары арқылы сауда-саттық жасады және де Қазақстанға ұсынған география өте тиімсіз болатын. Экспортталған өнімнің тек үштен бірі әлемдік нарық бағасынан төмен бағамен әрі рубльмен сатылды. Валюталық түсімдер негізінен орталықта қалып отырды. Ал Қазақстан оның орнына ішкі бағалардан да төмен рубль алды.

Қазақстан өз ұстанымын басқа да принципті мәселелер бойынша нығайта бастады.

1990 жылдың ақпанында Қазақ КСР МҚК мен прокуратурасы 1930-40 жылдары және 50-жылдардың басында негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың істерін қайта қарау және оларды ақтау жұмыстары туралы есеп берді. Сол уақытқа 18 955 іс қаралып, 28 294 адамды ақтау туралы шешім қабылданды.

1990 жылдың 22 мамырында Қазақстан Жоғарғы кеңесі «Семей облысындағы ядролық полигонда ядролық сынақтарды тоқтату және халықтың денсаулығы мен өңірдің қоршаған ортасын қорғау шаралары туралы» қаулы қабылдады.

1990 жылдың шілдесінде 1989 жылы қабылданған Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы күшіне енді. Бұл заң қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін берді.

1990 жылдың қыркүйегінде Жоғарғы кеңес Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің екінші сессиясының қарауына енгізілетін заң актілерінің тізімін бекітті: «Қазақ КСР-інде шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы», «Қазақ КСР-нің банктері мен банк қызметі туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Республика Үкіметінің реттелетін нарықтық экономикаға көшу бағдарламасы» және басқалары бар. Сонымен қатар, әзірленетін және әзіренуі тиіс жобалар тізбесі жасақталды: «Қазақ КСР азаматтығы туралы», «Қазақ КСР кәсіпорындары туралы», «Қазақ КСР-нің минералды-шикізат ресурстарын кешенді және тиімді пайдалану туралы» және қаржы, орман, тау, су және көмір кодексін алғанда өзге де бірқатар заң.

Әрине, сондай-ақ «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» мәселені қарастыру міндеті де жүктелді.

Фото: Асылхан Мамашұлы

Тарихи Декларация

Осылайша, Қазақстан эволюциялық принциптерді басшылыққа ала отырып, рет-ретімен орталықпен күрес жүргізіп, дербестік шекарасын кеңейтті, қазақ тілі мен мәдениетін жаңғыртты, тәуелсіз экономикалық даму негіздерін қалады.

1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы тарихи декларация осы процестердің шарықтау шегіне айналды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін осынау маңызды құжаттың қабылданған күні Қазақстанда тойланатын мерекеге айналып, құрмет көрсетілді.

Ақпарат агенттігі 1994 жылы Республика күнін тойлау кезіндегі Алматыдағы алаңда өткен театрландырылған қойылымды баяндады.

- Алаң көгінде керней дауысы естіліп, барлық ұлылығымен және әсерлігімен жұртшылықты тәнті еткен ескі сауыт-сайман киінген атты батырлар шықты, – деп жазылған материалда қазақ мемлекеттілігінің ежелгі дәуірлерден бастау алатын символдары жайында.

1995 жылы мерекеге ұлттық мәртебе берілді.

- Осынау тарихи күнде, Кеңес одағы әлі де сақталған кезде Қазақстан өз аумағының бөлінбейтінін және қол сұғылмайтындығын жариялап, онда орналасқан барлық ұлттық байлықты бірегей меншігі деп таныды. Декларация елдің орталықтан тәуелсіз құқық қорғау органдары мен ішкі әскерлерін құру, халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде әрекет ету, өзінің қаржы-кредиттік жүйесін қалыптастыру құқығын бекітті, Қазақстан заңдарының оның аумағында үстемдік ететінін жариялады, – деп жазылған агенттіктің 1995 жылдың 25 қазанындағы «Тәуелсіз ел болашаққа қадам басады» атты материалында.

Республика күні 2008 жылға дейін Қазақстанда кеңінен тойланды. Бірақ, 2009 жылы оны ұлттық мерекелер тізімінен алып тастайтын заңға қол қойылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың І отырысында Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы тиістігін, жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керектігін айтты.

- Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын, - деген еді Мемлекет басшысы.

Сол жылы Республика күні Ұлттық мерекелер тізіміне енді.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеп, онда 1990 жылдың 25 қазан күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырғанын айтты.

- Көп ұзамай жұртымыз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы асқақтады. Сондықтан бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады. Тәуелсіздік — бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу — баршамызға ортақ қасиетті борыш. Егемендік — ата-бабаларымыздың ұлт мүддесі жолындағы өшпес ерлігінің айқын көрінісі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 09:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see169

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

28 Шілде 2026 10:35see154

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28 Шілде 2026 14:00see148

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see148

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

28 Шілде 2026 13:13see146

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see145

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

28 Шілде 2026 13:39see140

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see136

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see132

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see129

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see123

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see119

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see119

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see119

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see117

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

28 Шілде 2026 13:59see116

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see115

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see115

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see114

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары