Диас Молжігітов әлем кубогында жекпе жекке шықпайды
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Отандасымыз 24 сәуір күні 1/4 финал аясында Оладжимеджи Шиттумен (Англия) жекпе-жек барысында сол көзі жарақат алып қалды. Сондықтан ол кешкі сессияға жоспарланған жартылай финалдық кездесуден бас тартуына тура келді.
Осылайша,бүгінгі Диас Молжігітов пен Уондерлей Перейра (Бразилия) арасындағы жекпе-жек өтпейді, Нәтижесінде ол әлем кубогы бірінші кезеңінің қола жүлдегері атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Сұлтанбек Айбарұлы 1/2 финалда Германия боксшысы Валериж Валтер, Виктория Графеева (60 келі) польшалық Анета Элзивета Рыгельсканы жеңсе, Жібек Жарасқызы (80 келі) сол елдің тағы бір өкілі Эмилия Котерскаға есе жіберді.
Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Аида Әбікеева (65 келі) бельгиялық Ошин Дирию, Алуа Балқыбекова (51 келі) қытайлық Ксиню Кимен шаршы алаңға шығады.
Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:60
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Сәуір 2026 03:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















