Доғару керек : Бектенов Самұрық Энергоның басшысына қатаң ескерту жасады
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" компаниясы басшысының жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында Бектенов энергетика министрінің өткен аптада Алматыға барып, екінші және үшінші жылу электр орталығын (ЖЭО) тексеріп келгенін еске салды.
"Үшінші ЖЭО бойынша жағдай мәз емес, жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жыл соңына дейін бітірмесеңіздер, сіздің жеке жауапкершілігіңіз қатаң қаралады. Күнделікті бақылауға алыңыз. Мұндай жағдайды доғару керек", - деді Бектенов.
Айта кетері, Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-те ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Президент тапсырмасы бойынша нысандарды табиғи газға ауыстыру қажет.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 11:27 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















