Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Дрондар есірткі қылмысын әшкерелейді

Дрондар есірткі қылмысын әшкерелейді

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әуеден дрон арқылы есірткі қылмыстары әшкереленіп жатыр.

Құқық қорғау органдары заманауи әуе құрылғыларын кеңінен қолдана бастады. Былтыр дрондардың көмегімен 377 есірткі алқабы анықталған. Мамандар бұл технология әлдеқайда тиімді екенін айтуда.

Асылжан Құрманғали, тілші:

- Есірткі бизнесімен күресте дрондар таптырмас көмекшіге айналды. Ұшқышсыз аппарат ұйымдасқан қылмыстық топты әуеден анықтайды. Бүгінде олардың екі түрі қолданылады. Соның бірі – тікұшақ тектес. Құрылғы есірткі құрамындағы тоғыз түрлі химиялық затты ажыратады. Қылмыскерлер зертханаларын адам аяғы баспайтын қашық жерлерге жасырады. Ал дрондар сол аумақты әуеден бақылап, нысанның нақты орналасқан жерін дәл көрсетеді.

Бақытжан Әмірханов, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы: 

- Оның бүгінгі таңда спектрін көбейтейін деп отырмыз. Және бәрбір қызметкер меңгере білуі тиіс деп ойлаймыз. Бүгінгі таңда арнайы оқу жаттығу орындарында іздеп жатырмыз. Әр қызметкер дрондарды дұрыс пайдалана білу керек. Және есірткімен күресте өзінің өте тиімділігін көрсетті.

Дронның ұшаққа ұқсас тағы бір түрі ескірткі алқаптарын анықтайды. Құрылғы электр қозғалтқыштарымен жабдықталған. Есірткі жасаумен айналысып жатқан қылмыскер қозғалыс жасаған сәтте, дрон оны бірден байқайды. Сөйтіп орналасқан жерін дәл анықтап, белгі береді. 

Бақытжан Әмірханов, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы: 

- Көбінесе ұлттық ұланның әскерлерімен қолданылады. Бұл дрондардың ерекшелігі 85 шақырымға дейін әртүрлі жылдамдықтары бар параметрлары бар. Бүгінгі көрсетілген дрондар өз тиімділігін көрсетті. Басқада мемлекеттерде қолданылады. 

Асылжан Құрманғали, тілші:

- Ұшу апаратын терең меңгерген Зарина Құтпанова дронның миллиондаған түрі бар екенін айтады. Әрқайсысында сезімтал құрылғы бар. Яғни ол адамның көзі секілді көруге тіпті иіс сезуге мүмкіндлік береді. Сол арқылы газдарды, метан мен басқа химиялық заттарды анықтай алады. Құқық қорғау органдары көбінде қосымша жасанды интеллект құралдарымен жабдықталған дрондарды қолданатынын айтады. 

Зарина Құтпанова, Astana IT University компьютерлік инженерия департаментінің аға оқытушысы:

- Түнде ұшатын дрондар қазір өте кең қолданылады. Ішінде арнайы құрылғылары бар түнде тепловизормен қамтылған ішінде датчиктар бар адамның не ішінде белгілі бір жылу шыққан кезде анықтап алады. Негізі оның техникалық сипаттамасы бағасына сәйкес келеді көбінесе. Және де аяз күндері максимум -10 градусқа дейін ғана қолданылады. Бұл қарапайым халық қолданатындары. Ал кәсіби дрондар болатын болса ол әрине техникалық сипаттамасы кеңірек.

Асылжан Құрманғали, тілші:

- Мұндай дрондарды кез келген адам пайдалана алмайды. Әр аппараттың өз құжаты бар, ал құқық қорғаушылар оларды тек арнайы рұқсатпен қолданады. Сондықтан түсірілім тек тергеуші рұқсат бергенде жүргізіледі, материалдар заң аясында пайдаланылады. Ал азаматтарды бақылау үшін құрылғы заңсыз қолданылған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Нұрлан Жаңабаев, заңгер:

- Ішкі істер министрлігінде есірткіге жол бермеу үшін сол жоспарды қолданады. Мысалы, алдын ала жол бермеу үшін арнайы профилактика жүзінде жасауы мүмкін. Дрон арқылы тексеріледі. Жедел уәкілдер алдын ала ақпарат тексеру үшін тиісті дрон арқылы түсірілім жасайды содан кейін белгіленеді. Алдын ала бұл құпия болады қателеспесем. Бұл екі түрде болуы мүмкін: қылмыс болмай тұрып немесе қылмыстық іс болған кезде.

Асылжан Құрманғали, тілші:

- Былтыр елде есірткі қылмысына қатысты 4 мыңға жуық дерек тіркелген. Нәтижесінде 49 тоннадан астам түрлі есірткі заты тәркіленді. Оның 1,5 тоннасы синтетикалық өнім. Елде есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты да жаза қатаңдатылды. Өткен жылы Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойды. Заңға сәйкес, есірткі бизнесін ұйымдастырғандар 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілікке тартылады. Ал бұл бизнеспен күрес тікұшақты пилотсыз ұшу апараттары алмастырғалы жедел әрі тиімді жүреді дейді мамандар. Сондықтан алдағы уақытта мұндай техниканың саны артпақ.

Есірткі қылмысына қатысты деректер – 2025 жыл

4 мыңға жуық- есірткі қылмысына қатысты дерек тіркелген

49 тонна- түрлі есірткі заттары тәркіленді

1,5 тонна- синтетикалық есірткі

Заң қатаңдады

Есірткі бизнесін ұйымдастырғандар 15 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Асылжан Құрманғали, Самат Қазанбаев, Айдос Амангелдиев

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 15:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары