Екібастұзда бойжеткен бірге тұратын жігітінің жүрек тұсына пышақ салды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Екібастұзда бойжеткен азаматтық жұбайының жүрегіне пышақ салған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әлеуметтік желілерде Екібастұзда болған адам өлтіру оқиғасы туралы ақпарат тарады. "Экибас в теме" Telegram арнасының хабарлауынша, оқиға 28 қазанда "Әсет" дүкенінің маңында болған. Жанжал кезінде қыз азаматтық жұбайын жүрегінен пышақпен ұрған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.
Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде:
"Адам өлтіру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеудің мақсаты – оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау. Күдікті анықталып, ұсталды және Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады ведомство.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:58
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 20:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















