Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Экология мен тазалықты таңдау: өңірлерде Таза бейсенбі бастамасын қолдады

Экология мен тазалықты таңдау: өңірлерде Таза бейсенбі бастамасын қолдады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Taza Qazaqstan жалпыұлттық экологиялық акциясы елімізде азаматтық және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігіне айналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде Президент «Таза Қазақстан» – ұлттық идеологияның ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Бұл жай ғана әдемі ұран немесе бір реттік науқан емес, күнделікті жүйелі әрі табанды еңбектің нәтижесі.

Президент бастамасын дамыту мақсатында «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» жобасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінде бұл жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, қоғамдық кеңістіктерді абаттандырудан бастап, мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсетуге дейінгі нақты істер төңірегінде мыңдаған азаматты біріктіріп отыр.

Түркістан облысында «Таза бейсенбі» аясында Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының мазарына баратын жол тазаланды

Жол қар мен қоқыстан тазаланды, акцияға партия мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері, әкімдік қызметкерлері, коммуналдық қызметтер және жергілікті тұрғындар қатысты. Ордабасы аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Әлиасқар Бердімурат:

«Қажымұқан сияқты дарынды тұлғаның ерліктері мен патриоттығы жастар үшін үлгі болуға тиіс. Осындай ізгі істер арқылы біз оларды еңбекқорлыққа, тәртіпке және туған жерге қамқорлыққа баулимыз», -деп атап өтті.

Актөбе облысында жоба әлеуметтік бағытта жүзеге асырылды. Қобда ауданында «Таза бейсенбі» акциясы аясында «Жастар Рухы» волонтерлері жалғызбасты қарт әйелге көмек көрсетіп, үйінің айналасы мен  ауласы қар мен мұздан тазартылды. Қобда аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Нұргүл Ибраева көмектің бір реттік емес, тұрақты сипатқа ие екенін атап өтті.

Атырау облысы Мақат ауданы, Доссор кентінде аудандық «AMANAT» партиясының бастамасымен жаяу жүргінші жолдары, қоғамдық кеңістіктер және кент ішіндегі көшелер қардан тазартылды. Шамамен 20 адам қатысып, арнайы техника пайдаланылып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұз тазалау жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласында «Таза бейсенбі» акциясы Қаратау ауданының Нұрсәт шағын ауданында өтті. Тазалауға шамамен 70 адам және 5 дана арнайы техника жұмылдырылды. Қоғамдық орындар мен көшелер тазаланып, құрғақ ағаштар мен өткен жылғы жапырақтар жиналды. Қалалық «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов:

«Бұл бір реттік науқан емес, күнделікті еңбектің нәтижесі. Экологиялық тәртіп – қоғамдағы жауапкершілікті арттырудың маңызды құралы», - деді.

Қарағанды облысы Ә.Бөкейхан атындағы ауданның Сортировка саябағында «AMANAT» партиясының белсенділері, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері мен аудан тұрғындары қар және жаяу жүргінші жолдарын бұзбай тазалау жұмыстарын жүргізді. Акцияға жиырма шақты адам қатысты.

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына 50-ден астам адам – маслихат депутаттары, партия активистері және жергілікті тұрғындар қатысты. Іс-шара аясында «Тағзым алаңы» саябағы абаттандырылды. Аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева:

«Таза бейсенбі» – тек қоқыс жинау емес, бұл партияның экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға жауапкершілікті қалыптастыру жолында жасап жатқан нақты қадамдары», - деді.

Ұлытау облысының Сәтпаев қаласында «Таза Қазақстан» жобасы аясында қатысушылар Бабыр би аллеясын қардан тазалады.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында «Таза бейсенбі» кеңейтілген форматта өтті. Жамбыл саябағы мен Aqzhar аллеясы қардан толық тазартылды. Екі арнайы техника қолданылып, 3 тонна қар шығарылды. Іс-шараға партия мүшелері, жастар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 21:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары