Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Экономиканы тұрақтандыру мен халық табысын арттырудың жолдары қандай? сарапшылар жауабы

Экономиканы тұрақтандыру мен халық табысын арттырудың жолдары қандай? сарапшылар жауабы

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Үкімет ел экономикасын алға жылжыту мақсатында арнайы бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарлама арқылы халықтың әл-ауқаты жақсарып, тұрмыс-тіршілігі түзелу керек. Үкіметтің алдағы қадамдары қандай болмақ? Нақты қандай шешім ұсынып отыр? Сарапшылар не дейді?

Мемлекет басшысының шұғыл тапсырмасынан кейін Үкімет нақты шараларға көшкен еді. Елімізде «Микроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру» атты арнайы құжат қабылданды. 

Дінмұхаммед Ғали, экономист:

Қазіргі уақытта экономикаға қойылатын басты талап – сандық көрсеткіштерден сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу. Мысалы, 2011 жылы ЖІӨ көлемі – 27 трлн теңге болған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 131 трлн-ға жеткен. Яғни, ЖІӨ орта есеппен 5 есе артқан. 

Жалақыға келетін болсақ, 2011 жылы орта есеппен санағанда орташа жалақы мөлшері 91 мың теңге болған. 2024 жылы бұл көрсеткіш 444 мыңға өскен. Яғни, көрсеткіш 3,2-3,7 есеге өскенін көріп отырмыз. ЖІӨ халықтың қаражатының өсуіне алып келмей отыр.  Сондықтан  бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – сандық көрсеткіштерден сапалы көрсеткіштерге өту. 

Қазақстанда импортқа тәуелділік деңгейі әлі де жоғары. Осыған байланысты мемлекет импорттық тәуелділікті азайту мақсатында арнайы бағдарламалар қабылдады. Мысалы, шетелдік өндірушілерге тәуелді жабдықтарды елімізде өндіру үшін жаңа өндіріс орындары ашылып жатыр. Бұл шаралар импортты алмастыру арқылы тәуелділікті төмендетуге бағытталған.

Рүстем Тоқтаров, қаржы сарапшысы:

Экономиканың өнімділігі артқанмен, оның пайдасын көріп отырған халықтың саны аз. Қазір бюджеттің 60-тан астам пайызы әлеуметтік салаға бөлінеді. Яғни, біз өндіріс пен экономиканы дамытудың орнына халықтың әл-ауқатын жасанды түрде ынталандырумен айналысып келе жатырмыз. 

Бұл бағдарламаның ерекшелігі – бұрынғыдай тек мемлекет тарапынан ғана іске асырылатын бастама емес, үш тарап бірлесіп, өзара үйлесімді жұмыс істеу арқылы мәселені шешуге ниетті. 

Неге бұл бағдарламаға үш жыл уақыт таңдалып отыр?

Қажыгелді Жамбыл, экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, PhD:

Қазақстан мұнай мен мыс пайдалы қазбаларымен байыған дәуірінен өтті. Біз мұнайға бай мемлекетпіз деп айтқанымызмен, статистикада он елдің ішіне де кірмейміз. Табиғи газ бойынша да тым бай мемлекетпіз деп айта алмаймын, өйткені қорлардың біразы сарқып жатыр. Оның дәлелі неде? Мысалы, Қазақстанның экспорты 77 млрд доллар. 2024 жылдың, қорытындысы бойынша, 77 млрд доллардың кемінде 3,2 бөлігі мұнай және мысқа тиесілі. Экспортқа шығатын мұнай көп жағдайда Теңіз, Қашаған, Қарашығанақтан шығады. Биылғы мұнай өндірісі шамамен 105 млн тоннаға жетеді, былтыр 95-98 млн тоннаға жеткен. Бұл өсім осы үш кен орын арқылы жүргізіліп жатыр. Егер үш кен орнын алып тастасақ, қалған Маңғыстау, Атырау, Орал, Ақтөбеде жыл сайынғы мұнай өндірісі төмендеп жатыр. Соңғы үш жылда 35 пайызға төмендеген. Болашақта мұнай бағасы түскен кезде қазір бар экспортымыздың барлығы алдағы бес жыл көлемінде азаюы мүмкін. Сондықтан 3-5 жыл аралықта экономиканы диверсификациялап, толығымен реформалау қажет. 

Ерділдә Таукенов, Экономикалық зерттеулер институты АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Бұл бағдарлама экономикалық реформаның бастамасы емес жалғасы деп айтсақ болады. Биыл наурыз айында Бюджеттік кодекс қабылданды, шілде айында Салықтық кодекс қабылданды. Яғни, реформалар бұған дейін басталып кетті. 

Біз сөзден іске көшіп, экономиканы дамытып, сыртқы тәуелділікті азайту керек.

Бағдарламаға келетін болсақ, негізгі мақсаты – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту. 

Біздің экономикалық ахуалымызға келетін болсақ, он айдың есебі бойынша біздің экономикамыз 6,4 пайызға өскен. Бірақ  өкінішке қарай, инфляция деңгейі де 12,6 пайызды көрсетіп отыр. Экономика өскенімен, оны халық сезіп отырған жоқ. 

2026-2028 жылдары халық табысы жыл сайын 2-3 пайызға өседі 

Ерділдә Таукенов:

Бұл – мемлекет тарапынан бизнеске жағдай жасау және жаңа жұмыс орындарын ашу. Қазір "Бәйтерек" холдингінің рөлі мен функциясы өзгеріп жатыр. Бұған дейін "Бәйтерек" ақшаны таратушы болса, қазір ол осы жобаларды өзі сараптамасын жасап, инвесторларды тартып, нақты өңдеу өнеркәсібінде оң әсерін тигізетін, экономиканы әр тараптандыратын жобаларды іске асырады. Елімізде 17 технологиялық ірі жобалар, одан қалды ауыл шаруашылығындағы жылына жүз жобаларды іске асырамыз деген. Осының барлығы сапалы, жоғары өнімді, жоғары табысты жұмыс орындарын құру арқылы халықтың жағдайын арттыру деген сөз. Егер отбасында әр жұмыскердің табысы артатын болса, жалпы экономиканың да орташа табысы өседі деген сөз.  

ЖІӨ мен жалақы өсімі арасындағы алшақтық қысқарады

Ерділдә Таукенов:

ІІІ тоқсанның нәтижесі бойынша,  табыс  2 пайыз, яғни, төмендеп отыр. Бірақ экономикалық өсім – 6,4 пайыз. Сондықтан осы алшақтықты азайту деген экономиканы тұрақтандыру. Экономика өсу керек және халықтың табысы арту керек. Ол үшін инфляцияны түсіру керек. Инфляция қазір 12 пайыздан асып отыр. Осы бағдарламаның межелі индикаторында 2028 жылы 5-7 пайызға дейін түсу керек. Егер инфляцияны түсірсек, ол халықтың шығындарын жоспарлауға, бизнесті кеңейтуге дұрыс жоспар құруға жағдай жасайды.

Инфляцияны қалай түсіреміз?

Қажыгелді Жамбыл:

Инфляцияны жылма-жыл төмендетуге сарапшылардың көзқарасы нейтралды. Бірақ индустриалды даму бағдарламасы орын алып, расымен тиімді түрде атқарылса, 2028 жылдан кейінгі кезеңде инфляция түсу керек. 

Рүстем Тоқтаров, қаржы сарапшысы:

Елімізде «Қарапайым заттар экономикасы» деген бағдарлама басталды, бірақ әлі күнге дейін қарапайым күнделікті тұтынып жүрген заттардың «Қазақстанда жасалған» деп шығып жүргені кемде-кем. Тек сувенирлік заттар болмаса, басқа заттардың барлығы елімізге импортталады. Қарапайым дүниелердің барлығын халық өзіміздің базардан алмай,  Alibaba, Temu  деген маркетплейстерден алып жатыр. Қарапайым заттар экономикасына көшеміз, кешенді бағдарлама жасаймыз, күнделікті қажетті заттардың барлығын өзімізден шығарамыз деген мақсат болды. Оған субсидия да берілді, мемлекет тарапынан қолдау да көрсетілді. Бірақ нәтижесін әлі күнге дейін беріп жүрген жоқ. 

Ерділдә Таукенов:

Экономикалық зерттеулер институты ретінде біз инфляцияның табиғатын зерттедік. Бұған көп фактор  әсер етеді. Соның бірі –  тұтынушылық несиенің өсуі. Тұтынушылық кредит – 2017 жылдан бастап күрт өсе бастады. Сол жылдан бастап несие алу халыққа қолжетімді болып кетті. Банктің қосымшасында екі минутта несие  ала аласыз. Бөліп төлеу әдісі де тұтынушылық несиеге кіреді. Бұл да инфляцияға өзінің үлесін қосып отыр. Сондықтан тұтынушылық несиені азайтып, инфляцияның деңгейін азайту керек. Осындай іс-шаралар арқылы инфляция деңгейін ырықтандырумыз керек. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 14:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see149

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see147

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see145

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see143

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see130

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see127

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see127

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see127

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see126

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see125

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see125

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see121

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see119

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see118

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see117

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see116

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see116

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары