Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Көкжайлауға шаттлдар қатынайды: Алматы таулы кластерінде көлік жүйесі қалай өзгереді?

Еуропа Одағы Украинадағы қақтығыста делдал бола алмайды Эстония СІМ басшысы

Астанада ЖИ камералары қауіпсіздік белдігі мен телефонды анықтайды

Астанада жүк көлігі қаққан бала оқиға орнында көз жұмды

Ақмола облысында әйел адам сатушыға пышақ ала жүгірді

Ресейліктердің өсіп өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметі ерекше Путин

Қазақстандықтар БЖЗҚ ның жаңа жеткіліктілік шегін өз бетінше есептеуге тырысуда

Бұршақ, жаңбыр және найзағай: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Тоқаевқа құттықтау жолдауда

Австрияда ұшақ парапланға соқтығысты: Ұшқыш бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ресей Президенті: Ресейлік инвесторлар Қазақстанда 70 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр

Ролан Гаррос: Елена Рыбакина екінші айналымда украиналық теннисшімен кездеседі

Бала бензин иісі бар сұйықтық ішіп қойды Ақтөбе облысында мектептегі төтенше жағдай тергелуде

Ақтау емханасындағы жанжал: пациент өз нұсқасын айтты

Грантқа құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Эстония сыртқы істер министрі Украина қақтығысындағы Еуроодақтың делдалдығына қарсы

Әсет Тұрысов: Біртұтас цифрлы жүйе барлық мемлекеттік қызметті біріктіреді

Кәсіпкерлікті дамытуға 14,2 млрд теңге: Қарағанды облысы бөлінген қаражатты белсенді іске асыруда

Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Путиннің мақаласы жарияланды

Гранттар қай мамандықтарға көп бөлінеді

Ел ғылымы: жүйелі реформалар жетістікке бастайды

Ел ғылымы: жүйелі реформалар жетістікке бастайды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Осы тапсырманы орындау шеңберінде Академия Қа­зақстан Республикасы Прези­ден­тінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы болып қайта құрылып, оған мем­лекеттік мәртебе берілді. Бұл жұмыс шетелдік үздік тәжірибені ескере отырып, қалыптасқан ғылыми құрылымды бұзбай, қосымша әкімшілік ұйым құрмай жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда жаңарған Академияның институционалдық қалып­тасуы толық аяқталып, оның қызметін реттейтін заңнамалық база дайындалды.

Әлемнің жетекші академиялық бірлес­тіктерінің тәжірибесі ескеріле отырып, Академияны дамытудың 2035 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясы әзірленіп, қабылданды, миссиясы мен пайы­­мы айқындалды. Басқарудың заманауи ұйымдастырушылық моделі қалыптасты. Негізгі бағыттар бойынша 19 академик толық мүше болып сайланды. «ҚР ҰҒА» РҚБ таратылуына байланысты оның 150 мүшесі Академия құрамына құрметті академиктер ретінде өтті. Академия тарихында алғаш рет 4 шетелдік мүше сайланды, олардың әрқайсысы ғылым мен технологияның жаңа және ең озық салаларындағы көрнекті ғалым саналады.

Отандық ғылымның жай-күйіне ке­шенді бағалау жүргізіліп, әлемдік тәжі­рибе зерделенді. Ғылыми зерт­теулердің нәтижелілігін арттыру мақ­сатында Акаде­мия дамыған елдер­дің тәжірибесін ескере отырып, басым­дықтарды анықтаудың 4 деңгейлі моделін әзірледі, ол ғылыми тақырыптарды қалып­тастырудың бұрынғы тәсілін түбе­гейлі өзгертіп отыр. Бұл модель қаржы ресур­сын ғылыми бағыттар арасында бір­келкі бөлудің орнына оларды эконо­миканың бәсекеге қабілетті әрі аса маңызды салаларына басымдықпен шоғыр­ландыруға мүмкіндік береді. Соның нәти­жесінде ғылыми зерттеу қыз­меті нәтижесінің тиімділігін барынша арттыруға жол ашылады. Аталған модель осы жылдың 2 ақпанында Үкімет отырысында таныс­тырылып, ел Премьер-министрінің қолдауына ие болды. Келесі жылдан бастап ол ЖҒТК (Жоғары ғылыми техникалық комиссия) ғылымның басым бағыттарын айқындаудың негізі ретінде қабылданатын болады.

Келесі маңызды бағыт – форсайттық зерттеулерді жүйелі деңгейде ұйым­дастыру. Өкінішке қарай, бізде ғылыми зерттеулердің тақырыптары көбінесе экономиканың сұранысынан емес, ғалымдардың мүмкіндіктерінен туындайды. Ал дамыған елдерде зерттеу қыз­меті басқаша жолмен құрылады: оның басымдықтары бизнестің сұранысын ескере отырып, яғни тұрақты форсайт­тық зерттеулер негізінде айқындалады. Сон­дықтан Академия форсайттық зерт­теуді жоспарлаудың тұрақты құра­лына айналдырды: мемлекеттік органдар­дың, ҒЗИ, ЖОО және бизнестің қатысуы­мен 75 өңірлік және салалық сессия өткі­зілді, 220 перспективалық міндет қалып­тас­тырылды, соның негі­зінде бағдарламалық-нысаналы қаржы­ландыруға 65 ғылыми-техникалық тапсырма дайындалды. Біздің ұсыныстары­мыз алғаш рет ЖҒТК бекіткен ғылыми тақырыптарды анықтау кезінде ескеріле бастады.

Отандық форсайттың мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту мақсатында Академия халықаралық ақпараттық жүйелермен тығыз интеграциялау жұмысын қолға алды. Бұл бізге тек ғылымдағы өзекті трендтерді бақылап қана қоймай, бола­шақтағы даму бағыттарын да болжауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта әлемдегі жетекші талдамалық орталықтардың бірі – Корей ғылым және технология­лық ақпарат институтымен (KISTI) бірле­сіп, «AI SilkNet» форсайт және предиктив­тік аналитика орталығы құрылды. Ол ғылыми жарияланымдарды, патенттер­ді, жобаларды және кадрлық әлеует­ті бірың­ғай интеллектуалдық экожүйеге біріктіреді. Аталған орталықтың дерек­тері қай салаларға инвестиция салу керектігін, қандай технологияларды қолдау қажеттігін, қай жерде тәуекел барын, қай жерде жаңа мүмкіндік ашылатынын айқындауға ықпал етеді. Бұған дейін мұндай жүйе бізде болған жоқ. Қазір жаһандық ақпараттық желіге қол жеткізіп, әлемдік ғылымдағы үдерістерге жедел ден қоя аламыз.

Қазір ғылымды дамытудың экстен­сивті моделі өз мүмкіндігін сарқығанын көріп отырмыз. Мұндай жағдайда басқа­ру тетік­терін өзгертпей, тек қар­жы­ландыру көлемін ұлғайту тиісті нәти­же бер­мей­ді. Сондықтан келесі маңыз­ды мәсе­ле – қолданбалы ғылым жүйесін тұжырым­дамалық тұрғыда өзгерту бол­мақ. Ел Прези­дентінің тапсырмасына сәйкес Акаде­мия ашық қол­данбалы ғылым моде­лінің жаңа тұжы­рымдамасын әзірле­ді. Оның негізгі мәні – бизнестің сұраны­сына бағдар­лану, осының негізінде быты­раң­қы академиялық тақырыптарды қар­жы­ландырудан бас тартып, нәтижеге жеткі­зетін толық циклді қаржыландыруға стратегиялық көшу. Бұл ретте басты назар ғылыми нәтижелерді енгізуге, сатып алуға, коммерцияландыруға қатаң түрде бағытталады. Бұл ретте ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің түпкі тұтынушылары (РННТД) ретінде бизнес субъектілерінің ғылыми жобаларды іске асыруға міндетті түрде қатысуы, тиісті деңгейде бірлесіп қаржыландыруы негізгі шарттардың біріне айналады. Қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, олардың нәтижелілігіне жауапкершілік нақты эко­номика секторымен тығыз байланыс­ты әрі оның проблемаларын жақсы біле­тін тиісті салалық министрліктер мен жер­гілікті атқарушы органдарға жүкте­леді. Ең бастысы, ғылыми жобаларды іске асырудың барлық кезеңі цифрлық форматта бақыланып, министрлер мен әкімдер қызметінің негізгі тиімділік көрсеткіштері (KPI) бойынша бағаланады.

Академия қызметінің келесі бағыты – ғылыми белсенділіктегі өңірлік теңге­­рім­сіздік мәселесін шешу. Қазір ғалым­дардың 61%-ы, бюджеттік қара­жаттың 71%-ы Алматы мен Астанада шоғыр­лан­ған. Яғни ғылыми құзырет тұр­ғы­сынан өзге өңірлер әлсіз күйде қалып отыр. Ал дамыған елдердің эконо­мика­лық табысының негізі – дәл осы қуатты өңірлік ғылым екені белгілі.

Бізде PhD даярлау сапасы да өте төмен деңгейде, ал жан басына шаққандағы зерттеушілер саны бойынша әлемдік орташа деңгейден 25%-ға артта қалып келеміз. Докторанттардың небәрі 15%-ы ғана оқу мерзімі ішінде диссертациясын уақтылы қорғайды. Ғалымдар заманауи ғылыми инфрақұрылымға аса мұқтаж. Біз жүргізген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, ғалымдардың 70%-ы қымбат ғылыми құрал-жабдықтың кем дегенде екі бірлігіне қажеттілік бар екенін көрсеткен. Тіпті ғылыми ұйымдардың басым бөлігі шоғырланған Алматының өзінде жоғары ажыратымдылықтағы бірде-бір ЯМР-спектрометр жоқ екені анықталды. Осындай жағдайда ғылы­ми зерттеулер сапасының әлемдік стан­дарттарға сәйкестігі туралы қалай айта аламыз? Академия аталған мәселе­лерді шешуге қатысты нақты ұсыныста­рын уәкілетті мемлекеттік органға жолдады.

Қолданбалы жобалардың форматын өзгерту керек, олардың ұзақтығы кемінде 5–6 жыл болуы керек. 3 жыл ішінде жаңа технологияны әзірлеу, оны бір мезгілде өндіріске енгізу мүмкін емес.

Мемлекет басшысының өңірлік ғы­лым­ды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Академия «Қуат­ты өңірлік ғылым – қуатты өңір» бағдар­ламасын бастады. Оның аясында Акаде­мия Президиумының жергілікті жерлерде 11 көшпелі отырысы өткізіліп, өңір­лер­де ғылыми әлеуетті дамытуды қол­дау Тұжырымдамасы қабылданды, ірі өңір­лік жоғары оқу орындарының база­сында Академияның қолдауымен форсайт­тық зерттеу орталықтары ашылды, об­лыс әкімдерімен бірлесіп өңірлік ғылым­ды дамыту жоспарлары бекітілді, ғы­лым және технологиялар жөніндегі өңір­лік Кеңес туралы Үлгілік ереже, оның жұ­мысын ұйымдастыру туралы ұсынымдар, қолданбалы зерттеулер конкурстарын өткізу жөніндегі нұсқаулықтар әзірленді.

Академия өз бастамасымен саланың аса маңызды мәселелерін жылдам шешуге бағытталған көшбасшылық ғылыми бағдарламаларды іске асыру бойынша салалық министрліктермен тікелей жұмыс істей бастады. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп биотехнологиялар негізінде жоғары өнімді өсімдік сорттарын шығару, Атом энергиясы жөніндегі агенттікпен – энергетикада сирек жер металдарын өндіру және қолдану, Денсаулық сақтау министрлігімен биомедицинаны дамыту бағытында жобалар қолға алынды.

Олардың ішінде экономика үшін ең өзекті әрі маңыздысы – жасанды интеллект негізінде су ресурстарын кешенді басқару мәселесін шешу. Осы мақсатта Академия Қытай Ғылым академиясы­ның академиктерімен, Чжэцзян техно­логиялық университетімен, Қытайдың жетекші технологиялық компанияларымен бірлесіп, қазақстандық DeepBas цифрлық геоақпараттық моделін құру­ға кірісті. Бұл жүйе ғарыштан, әуе­ден, жерден және судан алынатын дерек­терді біріктіріп, оларды жасанды интеллект арқылы талдау негізінде үш не­гіз­гі мәселе бойынша шынайы уақыт режімінде оңтайлы шешімдер ұсынады. Атап айтқанда, су ресурстарын бағалау, оларды болжау және кешенді басқару; төтенше жағдайлар кезінде жедел іс-қи­мыл жоспарларын әзірлеу және құт­қару жұмысын үйлестіру; сондай-ақ егіс­тік­тердің цифрлық егіздерін құру және «ақыл­ды» ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған деректер базасын қалыптастыру. Бұл жоба Жасанды интеллект және цифр­лық даму, Су ресурстары және ирригация министрліктері тарапынан қолдау тапты. Келер жылдан бастап жоба аясында Су ресурстары және ирригация минис­тр­­лігінің қолдауымен елдегі үш ірі су бассейні: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл және Шу-Талас бассейндері негізінде қанат­қақты режімде мегажобаны іске асыру басталады. Осылайша, елімізде су ресурс­та­рын басқарудың осы уақытқа дейін бол­­ма­­ған заманауи цифрлық моделі қалып­тасады.

Сонымен қатар Академия қанатқақ­ты жобаларды тікелей өңірлерде жүзеге асыруға көшті. Мәселен, Қостанай және Алматы облыстарында тұқым шаруа­шы­лығының цифрлық жүйесі қанатқақ­ты режімде енгізіліп жатыр. Алматыда ал­ғаш рет қаланың жасыл қорын дамыту­дың цифрлық платформасы құрылуда, оның нәти­жесінде әрбір жасыл желектің өзін­дік цифр­лық паспорты болады. Ақтөбе, Ақмо­ла, Алматы, Қостанай облыстарында отан­дық карбамид өндірісін ғылыми сүйемел­деу бойынша «KMGPetroChem» ЖШС-мен бірлескен жоба іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ Академия Қытаймен бір­лескен Қазақстан-Қытай кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект орталы­ғын, Ресей Ғылым академиясымен (РҒА) серіктестікте көміртекті егіншілік полигонын, Германияның тәжірибесін ескере отырып, Орталық Азиядағы су ресурстарын трансшекаралық үйлестіру моделін әзірлеу, су ресурстарын бас­қару мен кли­маттың өзгеруі саласын­дағы ғылыми жобаларды іске асыруға бағытталған Қазақстан-Германия NEXUS институтын құрды.

Осы және басқа да жоғарыда атал­ған орталықтарды құруға шетелдік әріп­тестер тарапынан тартылатын инвес­тицияның болжамды көлемі 70 млрд теңге деңгейінде бағаланып отыр.

Академия жанынан ғылымның бізде кен­желеп қалған бағыттары бо­йын­ша жаңа ғылыми институттар мен орта­лық­тар ұйымдастырылды. Мысалы, Назарбаев уни­верситетімен бірлесіп жаңа энерге­ти­калық технологиялар мен материал­дар бойынша INMET құзыреттілік орта­лығы; «Шымкент жүрек орталығы» КеАҚ базасында – жүрек-қан тамырлары ауруларының мониторингі бойынша Перспективалы кардиологиялық зерттеу­лер орталығы; М.Тынышбаев атындағы ALT университеті базасында еліміздің көлік жүйесін басқару және жетілдіру бо­йынша Көлік ғылым­дары және технология­­­лар инсти­туты (ITST) құрылды. Сондай-ақ Ядро­лық физика институты базасын­да Лань­чжоу университетімен (ҚХР) бір­лесіп Қазақстанда ядролық меди­цина­ны дамытуға бағытталған Радио­фар­мацевтика және тераностика пән­аралық ғылыми-клиникалық орталығын құру жоспарланып отыр.

Қазір жас ғалымдар мен оқушылар­ды қолдаудан бастап этикалық және ре­дак­­циялық стандарттарды қалып­тас­ты­­руға дейін ғылымда адам капиталын да­­мытуға ерекше назар аударылып келе­ді. Ака­демия жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылып, талантты оқушыларды ғылым­ға тарту мақсатында кіші академия ұйым­дастырылды. Ғылымды насихаттау және үздік тәжірибені ілгерілету мақса­тында Академияның қолдауымен 13 ғылы­ми журнал шығарылады, екі жыл ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын­да ғылымды дамыту туралы 1 150-ден ас­там материал жарияланды, 76 ғылыми іс-шара, конференция, форум мен семинар өткізілді.

Осылайша, бүгінде Академия өзінің нақты істерімен аналитика орталығы ғана емес, сонымен қатар отандық ғылым жүйесін өзгертуге, ел алдында тұрған жаһандық міндеттерді шешу үшін ғылыми қоғамдастықты біріктіруге қабілетті құрылым бола алатындығын дәлелдеді.

Енді басталған реформаларды жалғас­тырып қана қоймай, жинақталған тәжі­рибе мен үздік әлемдік тәжіри­бені ескере отырып, оларды тереңдету­ге қол жеткізуге тиіспіз. Ол үшін Академия қызметіндегі бірқатар жүйелі мәселелерді шешу керек.

Біріншіден, оның автономиясын заңнамалық деңгейде қамтамасыз ету қажет, өйткені бұл – бүкіл әлемдегі академиялық қоғамдардың қызмет етуі­нің негізгі қағидаты. Өкінішке қарай, бүгінде Академия Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комите­тіне қарасты өкілеттігі шектеулі және ведомстволық шешімдерге қатты тәуелді ұйымға айналды. Мысалы, Академия­ның жарғысы мен академиктерді сайлау тәртібі әлі күнге дейін Министрдің бұйрығымен бекітіледі.

Екіншіден, оны қаржыландыру мәсе­ле­лерін шешу қажет. Себебі қазір Ғылым және жоғары білім министрлігі­нің Ғылым комитетіне қызмет көрсету жөніндегі жыл сайынғы шарттар негізінде бір жылдық қысқамерзімді қаржы­лан­дыру Академияның алдында тұрған страте­гиялық міндеттерді толық көлемде орындауына мүмкіндік бермейді. Сондықтан

3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге трансферт түріндегі тұрақты әрі ұзақмерзімді қаржылан­дыру қажет.

Осы мәселелердің шешілуі Академия­ның әлеуетін толық ашуға, оны ғылыми ой мен талдаудың шынайы орталығына, бәсекеге қабілетті, беделді әрі әлемдік ғылыми қауымдастық мойындаған ака­демиялық құрылымға айналдыруға мүмкіндік беретініне, сондай-ақ оның ұсы­ныстары мен ұсынымдарын сұранысқа ие етіп, отандық ғылымды қоғам дамуының қозғаушы күшіне айналдыруға жол ашатынына сенімдіміз.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:53
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 11:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Көкжайлауға шаттлдар қатынайды: Алматы таулы кластерінде көлік жүйесі қалай өзгереді?

26 Мамыр 2026 13:01see122

Еуропа Одағы Украинадағы қақтығыста делдал бола алмайды Эстония СІМ басшысы

26 Мамыр 2026 20:45see117

Астанада ЖИ камералары қауіпсіздік белдігі мен телефонды анықтайды

26 Мамыр 2026 14:12see113

Астанада жүк көлігі қаққан бала оқиға орнында көз жұмды

27 Мамыр 2026 16:21see111

Ақмола облысында әйел адам сатушыға пышақ ала жүгірді

26 Мамыр 2026 12:19see111

Ресейліктердің өсіп өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметі ерекше Путин

27 Мамыр 2026 00:22see109

Қазақстандықтар БЖЗҚ ның жаңа жеткіліктілік шегін өз бетінше есептеуге тырысуда

26 Мамыр 2026 17:52see109

Бұршақ, жаңбыр және найзағай: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

28 Мамыр 2026 00:01see108

Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Тоқаевқа құттықтау жолдауда

27 Мамыр 2026 18:07see107

Австрияда ұшақ парапланға соқтығысты: Ұшқыш бас бостандығынан айырылуы мүмкін

26 Мамыр 2026 12:46see107

Ресей Президенті: Ресейлік инвесторлар Қазақстанда 70 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр

27 Мамыр 2026 12:15see106

Ролан Гаррос: Елена Рыбакина екінші айналымда украиналық теннисшімен кездеседі

27 Мамыр 2026 13:40see106

Бала бензин иісі бар сұйықтық ішіп қойды Ақтөбе облысында мектептегі төтенше жағдай тергелуде

27 Мамыр 2026 19:09see104

Ақтау емханасындағы жанжал: пациент өз нұсқасын айтты

28 Мамыр 2026 10:53see104

Грантқа құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

26 Мамыр 2026 12:23see104

Эстония сыртқы істер министрі Украина қақтығысындағы Еуроодақтың делдалдығына қарсы

26 Мамыр 2026 12:24see103

Әсет Тұрысов: Біртұтас цифрлы жүйе барлық мемлекеттік қызметті біріктіреді

27 Мамыр 2026 13:16see103

Кәсіпкерлікті дамытуға 14,2 млрд теңге: Қарағанды облысы бөлінген қаражатты белсенді іске асыруда

26 Мамыр 2026 22:29see102

Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Путиннің мақаласы жарияланды

27 Мамыр 2026 00:20see99

Гранттар қай мамандықтарға көп бөлінеді

26 Мамыр 2026 14:11see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары