Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Елде теледидар көру көрсеткіші артты

Елде теледидар көру көрсеткіші артты

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда теледидар көру көрсеткіші артты. Теле өлшем қорытындысы бойынша елдегі телевизия аудиториясы 21 пайызға өскен. 

Бұл өсімнің негізгі үлесі шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерге тиесілі. Зерттеу нәтижелері Алматыда өткен Ұлттық медиа қауымдастық құрылтайшыларының қорытынды жиынында айтылды.

Зерттеу нәтижелері теледидардың елдегі ең ықпалды ақпарат көздерінің бірі екенін көрсетті. Әсіресе өңірлерде көк жәшіктің орны бөлек. Шағын қалалар мен ауыл тұрғындары теледидарды күніне орта есеппен үш сағаттан аса тамашалайды. Бұл ірі қалалардағы көрсеткіштен едәуір көп.

Кемелбек Ойшыбаев, «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы, Ұлттық медиа қауымдастығының байқау кеңесінің төрағасы:

- Мысалға, жылдың қорытындысы бойынша «Хабар» агенттігінің жалпы қаралымдары 600 млн-нан асып кетті. Әр жобаның, арналардың атын айтып бөлмей-ақ қояйын. Дегенмен қазақстандық арналардың өндірген контенті интернет желісінде, түрлі желілерде, әсіресе ютубта миллионнан астам қаралым жинайды. Сонымен қатар Google-дың Орталық Азиядағы ресми өкілі Genesis мәліметі бойынша, Google-да ең көп қаралатын контенттің 70 пайызы телеарналардың контенті болып саналады.

Бұрын телеөлшемге еліміздің 21 қаласы қатысса, биыл ауылдар да қамтылды. Теле өлшемнің ауқымы кеңейгендіктен көрсеткіштер де өзгерді. Әсіресе шағын қалалар мен ауылдарда теледидар жастар арасында ерекше сұранысқа ие болып шықты. Егер аймақтарда теледидарды көбінесе 18-24 жас аралығындағы көрермендер көрсе, мегаполистерде негізгі аудитория - 45 жастан асқан адамдар.

Татьяна Старцева, K Research Central Asia Бас директоры:

- Біз үшін маңыздысы – көрермен аудиториясының демографиялық айырмашылығын бағалай алғанымыз. Зерттеу көрермендер әлдеқайда жас екенін көрсетті. 18-35 жас аралығындағы адамдар теледидарға әлдеқайда көп уақыт бөледі және ол аймақтарда жиі байқалды.  Олар қазақ тіліндегі контентті белсендірек көреді, бұл отандық телеарналар үшін өте маңызды.

Расында өңірлерде теледидарды қазақ тілінде көретіндердің үлесі басым. Ауылдар мен шағын қалаларда көрерменнің 82 пайызы қазақ тіліндегі контентті таңдайды. Ал үлкен қалаларда бұл көрсеткіш 59 пайызға жетті.

Валерий Маштаков, Media Nova Бас директоры: 

- Қазір телеарналар контентті қалай әрі қарай трансформациялау керегін ойлап жатыр, сонда ғана телевизия өзінің танымалдығын сақтай алады. Сондай-ақ біз қазір көрерменіміз кім, олар не көргісі келеді деген сұрақ төңірегінде ойлануымыз керек. Телевизияның болашағы бар – бұл анық. Сондықтан біз оны дамытуға және теледидарды барынша қолжетімді жолдармен, соның ішінде сандық (digital) ортада да танымал етуге бар күшімізді саламыз.

Қазір телевизия жаңа технологиялар мен аудитория талаптарына барынша бейімделіп келеді. Көрермен телеарналарға сенімді дереккөз ретінде қарайды. Телеөлшем мәліметтері медианарық үшін де маңызды. Өтімді телеөнім жасау – саланың болашағын айқындайды.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:213
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 02:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see162

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see146

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see145

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see143

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see141

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see140

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see140

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see140

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see139

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see137

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see137

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see137

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see136

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see136
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары