Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Елдегі көлеңкелі сектор үлесі рекордтық шекке төмендеді

Елдегі көлеңкелі сектор үлесі рекордтық шекке төмендеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында көлеңкелі экономикаға және бағалы металдардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қатысушылар көлеңкелі айналымды қысқарту, экономикалық процестерді цифрландыру және кейбір салада бақылауды күшейту жұмыстарының нәтижесін қарады. Зергерлік нарықтағы жағдайға және оны одан әрі заңдастыру жөніндегі ұсыныстарға да назар аударылды.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, соңғы бес жылда көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласында 24 нормативтік құқықтық акт қабылданып, 20 ақпараттық жүйе жаңғыртылған. ЖІӨ-дегі бақыланбайтын экономиканың үлесі 2023 жылғы 17,58%-дан 2025 жылы 15,69%-ға дейін немесе 1,89 пайыздық тармаққа төмендеді.

Көлеңкелі айналымды қысқартудың негізгі құралының бірі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді цифрландыру және интеграциялау болып қала береді. «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» модулін, өсімдік шаруашылығындағы қадағалаудың цифрлық жүйесін, ТАІЖ және БАБЖ-ны «KEDEN» жүйесімен интеграциялау секілді ауыл шаруашылығында өнімнің қозғалысын өтпелі бақылау құралдары енгізілуде. Мұнай-газ секторында және энергетикада МӨЗ-де шикізат балансын есепке алу аспаптары орнатылып, ЖЖМ бойынша талдамалық витриналар қалыптастырылады. Резервуарларды есептеу құралдарымен жарақтандыруды қарастыратын түзетулер дайындалған. Саудада шетелдік рұқсат бланкілері цифрландырылып, навигациялық пломбалар қолданылады. Тауарларды таңбалау және каталогтау кеңейтіліп, Digital bazaar жүйесі әзірленуде.

Құрылыс саласын цифрландыру жалғасуда. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының есебі жүргізіледі. Биыл Qportal.kz бірыңғай құрылыс порталы мен жасанды интеллект көмегімен жобаларды тексеретін пилоттық жоба іске қосылды. Тағы бір мәселе – өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қызметін заңдастыру. Мемлекеттік кірістер комитеті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, 45 интернет-платформа интеграциясын аяқтады. МКК ақпараттық жүйесінде жаңа мәртебеде алғаш рет 774,2 мың экономикалық белсенді азамат тіркелді. Бүгінде барлығы 922,5 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ресми тіркелсе, оның 94%-ы интернет-платформа арқылы жұмыс істейді. Олар қазірдің өзінде 9,9 млрд теңге әлеуметтік төлем төлеген.

Сондай-ақ кеңесте көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қаржы мониторингі агенттігінің жұмыс нәтижесі қаралды. Тағы бір бағыт зергерлік нарыққа және бағалы металл айналымын заңдастыруға арналды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша, зергерлік бұйымдардың ішкі нарығының көлемі шамамен $168 млн-ды құрап, 3,4%-ға ұлғайды. Бұл ретте өндіріс 31%-ға $7,2 млн-ға дейін өсті, экспорт $65,4 млн-ды құрады.

Нарыққа қатысушылардың бағалауы бойынша, зергерлік бұйымдар айналымының едәуір бөлігі әлі де көлеңкеде. 2025 жылы ломбардтар «Тау-Кен Алтын» ЖШС-ға өңдеуге бір жыл бұрынғы 3,8 тоннаға қарағанда 3,2 тоннаға жуық бағалы металл сынықтары мен қалдықтарын берген. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, аффинаждық субъектілерге сынықтар мен қалдықтарды міндетті түрде тапсыру, сондай-ақ оларды қабылдау және өткізу қағидасын жетілдіруді пысықтау ұсынылды.

Серік Жұманғарин зергерлердің заңды жұмысы үшін жағдай жасау және оларды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.

«Зергер – бұл нағыз өнер иесі. Олардың кәсібі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Біздегі ірі зергерлік орталықтарды сақтап, оны заңды салаға барынша жеткізу маңызды. Оның ішінде зергерлердің заңды алтын көзіне қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды. Жұмыс үшін ашық жағдай жасау саланы заңдастырудың негізгі қадамының бірі болмақ», — деді Серік Жұманғарин.

Тағы бір мәселе – зергерлік бұйымдарды міндетті таңбалау. 2024 жылы зергерлік бұйымдарды таңбалауға нарықтың 45 субъектісі ұсынса, 2025 жылы олардың саны 959-ға жетті. Бұл ретте зергерлік бұйыммен жұмыс істейтін салық төлеушілердің жалпы саны 3 520. Осылайша, өткен жылы субъектілердің шамамен 27%-ы міндетті таңбалаудан өтті. Жоғары тәуекел субъектілерін анықтау және тиісті бақылау іс-шарасын, оның ішінде қайта өңделген зергерлік бұйымдарды айналымға қайта енгізу мәселесін КРМК-мен бірлесіп жүргізу ұсынылды.

Кеңес соңында Серік Жұманғарин Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді және көлеңкелі схемаларды анықтау жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Сондай-ақ бағалы металл айналымы мен зергерлік нарықты реттеуді жетілдіру ұсыныстарын пысықтау тапсырылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 09:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары