Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде көш бастап келеді
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Биыл Аустралия ашық чемпионатында үздік шыққан Е.Рыбакина 2 443 ұпаймен бұрынғыша көш бастап келеді.
Америкалық Джессика Пегула 1 975 ұпаймен екінші орында болса, Беларусь өкілі Арина Соболенко (1800) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Бүгін жаңартылған WTA жекелей рейтингісінде Е.Рыбакина 7 253 ұпаймен үшінші орында қалды. Рейтингіде 10 675 ұпаймен А.Соболенко алда келе жатса, Польша өкілі Ига Швентек (7 588) екінші сатыда.
Қазіргі кезде іріктеу сайысы өтіп жатқан Индиан-Уэллс (АҚШ) мастерс турнирінде Е.Рыбакина сәтті өнер көрсетсе, И.Швентекті басып озуы ықтимал.
Әлемдік рейтингіде Юлия Путинцева 77-ден 76-ға жоғарылады.
Жұптық сында Анна Данилина 6-дан 7-ге сырғыса, Жібек Құламбаева — 140, Ю.Путинцева 156-орында тұрақтады.
Ерлер арасында ATP рейтингісінде Александр Бублик 10-орында қалса, Александр Шевченко 92-ден 88-ге, Тимофей Скатов 192-ден 191-ге көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Дубай турниріне келген 40-тан астам адамның қайта алмай отырғанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Наурыз 2026 13:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















