Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Елге көмек қорының соты: қазақтың Робин Гуды соңғы сөзін айтты

Елге көмек қорының соты: қазақтың Робин Гуды соңғы сөзін айтты

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Сариев пен «MM Travel» туристік компаниясының басшысы Дүйсееваға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы («Ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық») бойынша айып тағылған.

Өткен аптада мемлекеттік айыптаушы Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ал жәбірленуші тараптың адвокаттары екі айыпталушыны 7 жыл бас бостандығынан айыруды, мүліктерін тәркілеуді және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды өтінді. 

Бүгінгі жарыссөзде сотталушы Ілияс Сариев соңғы сөзін айтты. Ол іс бойынша 26 эпизодтың 20-сына қатысы жоқ екенін атап өтті.

Фото: Kazinform

— Қалған 6 эпизодты соттың басынан-ақ мойындадым. Ол адамдардан ақша алдым. Бірақ бейнежазбаларын түсіріп, тек салынбай қалғанын көрсеттік. Өз ісімді алаяқтық деп ойламаймын. Ал «MM Travel» туристік компаниясының ақшасы маған аударылмады, қатысым жоқ, — деді ол.

Сондай-ақ Ілияс Сариев істі тергеу барысында қателіктер болғанын айтты. Айтуынша, тергеуші екі бөлек істі біріктіріп жіберген.

— Бұл — тергеуші қателігі. Ал прокурор не үшін 6 жыл сұрағанын түсінбей отырмын. Нақты дәлел келтірген жоқ. Құжат жүзінде біз дәлелдерді көрсеттік. Соттан мені ақтауыңызды сұраймын, — деді сотталушы.

Ілияс Сариев соттан кәмелетке толмаған 5 баласы бар екенін ескеруді сұрады.

Оның адвокаты Эльнура Кішкенебаева өз қорғауындағы азаматтың ісінде қылмыстық құрам жоқ екенін және азаматтық сипатта екенін айтты. Сонымен қатар қорғаушы 20 эпизод бойынша айыптауды алып тастауды сұрады. Ал қалған 6 эпизод бойынша жәбірленушілердің үшеуіне қаражат қайтарылып, оның екеуі кешірім бергенін атап өтті.

— Ілияс Сариев халық арасында «Робин Гуд» деген бейресми атқа ие болған. Яғни, өзгелерге көмек беруді өмірлік мақсат еткен тұлға, — деді адвокат.

Фото: Kazinform

Жарыссөз кезінде екінші сотталушы Ақтоты Дүйсеева өз кінәсін мойындады.

— «MM Travel» компаниясы жұмыс істеген уақыт ішінде 2 мыңға жуық адам қажылыққа барды. Менің арам ойым болған жоқ, барлық жәбірленушілерден кешірім сұраймын. Өзіме тағылған айыпты мойындаймын. Соттан ауыр жаза тағайындамауыңызды сұраймын. ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабымен жазаны кейінге шегеруді сұраймын, — деді сотталушы.

Ақтоты Дүйсееваның қорғаушысы жеңілдететін мән-жайлар ретінде қылмыстың бірінші рет жасалғанын, кәмелетке толмаған баласы болуын, сот отырысында кінәсін мойындап, оған өкініш білдіруін ескеруді сұрады.

Бұған дейін сотта айыпталушы Ілияс Сариев жауап берді. Ол өз айыбын ішінара мойындады.

Ал Ақтоты Дүйсеева сот отырысында Ілияс Сариевке айып тақты. Ол «Елге көмек» қорының басшысы құмар ойындарға әуес болғанын айтты.

Жалпы жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 33,5 миллион теңгеден асқан.

Сот барысында судьяның ескертуімен іс бойынша айыптау актісіне толықтыру енгізілді.

Еске салайық, сәуір айында «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, ұсталғанын жазғанбыз. Ол өзін «қазақтың Робин Гуды» деп атаған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 17:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары