Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Елімізде төрт мың ауыл мектебі жаңғыртылды

Елімізде төрт мың ауыл мектебі жаңғыртылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Елімізде кейінгі үш жылда 4 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Екі мыңнан астам жаратылыстану-математика бағытындағы заманауи зертхана ашылды.

Биыл мыңнан астам ауыл мектебі күрделі жөндеуден өтті. Бұл – Мемлекет басшысының қала мен ауыл мектептерінің білім сапасындағы алшақтығын жою туралы тапсырмасын іске асыру аясында қолға алынған шаралар. 

Айта кетерлігі, 77 мектеп сыбайлас жемқорлардан қайтарылған қаражат есебінен салынды. Құрылысы аяқталған бұл мектептердің басым бөлігі демографиясы жоғары Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Астана қаласында орналасқан.

Елімізде жыл сайын мыңнан астам ауыл мектебі жаңғыртылып жатыр. Биыл елді мекендерде күрделі жөндеуден өткен білім ошақтарында 1176 заманауи пәндік кабинет ашылды. Сонымен қатар ел бойынша 1300 мектеп реновация бағдарламасына енгізіліп, ғимараттары жаңартылып жатыр. Осы жылы 190 мың орындық 245 мектеп қамтылды. Онда кітапхана, асхана, спорт залдары жөнделіп, қауіпсіздік жүйелері реттелді.

217 «Келешек мектебінің» 84-і ауылда салынды

Ел Президентінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың орынға арналған 217 жаңа мектеп салынып жатыр. Бұл инновациялық білім орындарының көлемі типтік мектептерден 15-20%-ға кең. Техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Ерекше атап өтетін жағдай, осы 217 мектептің 84-і ауыл-аймақтарда бой көтеруде.

Гүлнұр Бақытжанова, мектеп директоры:

- Бұл мектепте білім алып қана қоймай, шығармашылықтарын дамытуына толығымен жағдай жасаған деп айта аламыз. Себебі әрбір шеберхананың өзі балалардың болашақ мамандықтарын таңдауға, ғылыми жұмыстар жүргізуге, әртүрлі жобалар жасауға үлкен мүмкіндік береді.

Өңірлерге 5400 педагог қажет

Бүгінде өңірлерге 5400-ден аса педагог қажет. Әсіресе ауыл мектептеріне мұғалім жетіспейді. Тапшылықтың 54%-ы елді-мекендерге тиесілі. Мысалы, ел бойынша мыңнан аса математика пәнінің мұғалімі, 750 бастауыш сынып жетекшісі қажет. Сондай-ақ физика, химия, орыс тілі пәні мұғалімдеріне қажеттілік басым.

Сапалы білім – табысты ұлт

Жаңа оқу жылынан бастап оқу процесіне жасанды интеллект енгізіле бастады. Енді 1-4 сыныптар «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» пәнін, 5-11 сыныптар «Информатика және жасанды интеллект» пәнін оқып жатыр. Сонымен қатар биыл балалар құқығын қорғауды күшейтетін алты негізгі заң күшіне еніп, буллинг пен кибербуллинг үшін жауапкершілік артты. 1 қыркүйектен бастап білім ошақтарында антибуллинг бағдарламасы іске қосылды. Жаңа оқу жылында жеке қауіпсіздік сабақтары өзектендірілді.

Ерболат Шайланов, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ҰҒИ зертханасының басшысы:

- Жеке қауіпсіздік сабақтарының негізгі мақсаты білім алушылардың жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Еліміз бойынша қазір 1,4 млн-нан астам сабақтар өткізілді. Қауіпсіздік сабақтарын балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар аясында әзірленді.

Әйгерім Нұғманова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

- «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша 2024 жылдан бастап қауіпсіздік сабақтары жүзеге асырылуда. 2025 жылы сабақтардың мазмұны жаңартылып, қосымша әдістемелік материалдар мен бейнероликтермен  толықтырылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 05:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see140

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see136

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see135

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see135

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see134

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see133

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see130

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see127

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see124

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see124

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see122

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see120

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see119

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see119

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see118

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see117

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see117

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары