Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Еліміздің оңтүстігі вегетациялық кезеңге қалай дайындалып жатыр

Еліміздің оңтүстігі вегетациялық кезеңге қалай дайындалып жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Вице-премьер бұған дейін еліміздің оңтүстік өңірлеріне барып, вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету, су үнемдеу технологияларын енгізу және егіс құрылымын әртараптандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан болатын.

— Өткен жылғы вегетациялық кезең қолайсыз климаттық жағдайға байланысты бірқатар қиындықпен өтті. Бұл су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударуды және басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауды талап етті. Жинақталған тәжірибені ескере отырып, вегетациялық кезеңнің түрлі сценарийлеріне, соның ішінде су тапшылығы мен ауа райының төтенше құбылыстарына дайын болу қажет, — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Кеңес барысында Балқаш — Алакөл, Шу — Талас, Арал — Сырдария бассейндерінің, сондай-ақ вегетациялық маусымның күрделі өтуі ықтималдылығы бар Шардара су қоймасының жағдайы бойынша есептер тыңдалды.

Өңірлерде диқандармен су үнемдеу және суды аз қажетсінетін дақылдарға кезең-кезеңімен көшу мәселелері бойынша түсіндіру кездесулері өткізіліп жатыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Құжатта су пайдалану лимиттерін белгілеу, егіс алқаптарының құрылымын бекіту, күріш пен мақта алқаптарын қысқарту арқылы ылғалды көп қажет ететін дақылдарды әртараптандыру көзделген. Алдағы вегетациялық кезеңде лимиттердің сақталуын бақылау, суды өз бетінше пайдалану және су ресурстарының заңсыз айналымының алдын алу шаралары күшейтіледі.

Еліміздің басқа бассейндері бойынша тәуекелдер күтілмейді, вегетациялық кезеңді өткен жылдың деңгейінде өткізу жоспарланып отыр.

Кеңес барысында еліміздің оңтүстігіндегі бес облыстың әкімдері суару маусымына дайындық барысы және вегетацияның тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірде су тапшылығын азайту мақсатында «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс» су қоймаларын салу жобалары әзірленуде. 1 мың шақырымнан астам канал механикалық тазалаудан өткізілді, маусым басталғанға дейін қосымша 300 шақырым канал тазарту жоспарланған. Өңірде суға аз тәуелді дақылдарға көшу және су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Мұндай технологиялар енгізілген суармалы жерлердің жалпы аумағы 114 мың гектарға (суармалы жерлердің 20%-ы) жетті. 2026 жылы бұл көрсеткішті тағы 50 мың гектарға арттыру жоспарлануда.

Қызылорда облысы әкімдігінің дерегінше, су тұтынуды оңтайландыру мақсатында күріш егістігінің көлемі 70 мың гектарға дейін қысқартылуда. Бұл жүгері, соя және майлы дақылдар сияқты су шығыны аз дақылдарды егуге мүмкіндік береді. Тамшылатып және жаңбырлатып суару, алқаптарды лазерлік тегістеу, ылғалды сақтау үшін инновациялық препараттарды қолдану секілді су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Аталған технологиялармен 24,7 мың гектардан астам алқапты қамту жоспарланып, алдағы жылдары бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен ұлғайтылмақ.

Жамбыл облысы әкімдігі биыл егіс алқаптарын 16,7 мың гектарға қысқартуды жоспарлап отырғанын, сонымен қатар егіс құрылымын әртараптандыру және су көп қажет ететін дақылдарды су үнемді дақылдармен алмастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Су үнемдеу технологиялары белсенді түрде енгізілуде. Жер үсті және трансшекаралық су көздеріне тәуелділікті азайту үшін жерасты суларын пайдалану бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылуда.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, ірі су қоймаларының орташа толу деңгейі 61%-ды құрайды, 72 нысанға күнделікті мониторинг жүргізілуде, өзен арналары мен каналдарды тазарту, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Вегетацияға дайындық жоспарлы түрде жүргізілуде: егіс алқабы 436 мың гектарды құрайды, оның 223,7 мың гектары — суармалы жерлер. Су пайдалану лимиті 2,1 млрд текше метр деңгейінде бекітілген.

Жетісу облысы әкімдігінде өңір бойынша су алу лимиті 1,3 млрд текше метр көлемінде бекітілгені хабарланды. Егінге қажетті су 54 гидротехникалық құрылым мен 1 179 канал арқылы «Қазводхоз» РМК және коммуналдық кәсіпорындар пәрменімен жеткізіледі. Су шаруашылығы нысандарын салу және қайта жаңғырту бойынша 5 жоба жүзеге асырылуда, олардың екеуін жыл соңына дейін, қалғандарын 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Суару маусымына дайындық аясында 335,8 шақырым арнаны тазарту көзделген.

Айта кетелік 5 облыста су тасқынына қарсы күрес шараларын күшейту қажет болып тұр. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 17:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see141

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see138

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see136

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see135

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see135

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see134

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see133

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see131

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see131

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see131

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see131

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see131

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see130

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see129

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see129

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see129

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see128

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see128

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары