Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

EPI: еліміздің экорейтингі жақсарды

EPI: еліміздің экорейтингі жақсарды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

EPI көрсеткіштерін АҚШ-тың Йель зерттеу университеті (Yale University) шығарады. Әлем мемлекеттерінің қоршаған ортаны қорғауға деген талпынысы мен күш-жігерін зерттеу жұмыстарын жыл сайын университеттің Қоршаған ортаны қорғау саясаты мен құқы­ғы орталығының сарапшылары Колумбия университетімен және Дүниежүзілік экономикалық ­форуммен бірлесіп жүргізеді. Индекс үш негізгі салаға топтас­тырыл­ған 40 көрсеткіш негізінде есептеледі. Қоршаған ортаның жалпы ахуалы – ауа мен ауызсудың сапасы, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу, санитарлық, т.б. көрсеткіштері сараланады. Сондай-ақ экожүйенің жағдайы, яғни ормандардың жойылуы, балық шаруашылығының ­азаюы, ауыл шаруашылығы, флора мен фаунаның тіршілік ету ортасын қорғауға мән беріледі. Бұдан соң қоршаған ортаны қорғау саясаты – парниктік газдар мен ластаушы заттардың шығарындылары, жаңартылатын энергия көздеріне көшу, оны қолдану секілді елдің қолға алған бастамаларына назар аударылады. Осыдан алынған көрсеткіштер сандық негізде 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша қорытынды балл есептеледі. Зерттеу әлемнің 180 елінің қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштерін бағалайды.

Йель мен Колумбия универ­ситеттері сарапшыларының баға­лауынша, еліміз қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері бо-йынша әлемде 47,8 баллмен 72-ші орын­ға көтерілген. Жалпы, жыл сайын­ғы есепте еліміздің экологиялық көр­сеткіші жақсарып келе жатқа­нын байқауға болады. Мәселен, 2014 жылдан бері бұл көрсеткіш 5,8 ұпайға жоғарылады.

Еліміз бұл саладағы көрсеткіште Грузия (47,3 ұпаймен 77-орын), Қатар (46,8 ұпаймен 82-орын), Молдова (46,1 ұпаймен 86-орын), Сауд Арабиясы (42,5 ұпаймен 108-орын), Түркия (37,2 ұпаймен 143-орын) мен Қытайды (35,4 ұпаймен 156-орын) артта қалдырды. Ал ТМД елдерінің ішінен бұл рейтингте Беларусьтен (58,2 ұпаймен 32-орын) кейін екінші орындамыз. Ресей (46,7 балл) 83, Армения (44,9 балл) 94, Қырғызстан (42,8 балл) 105, Өзбекстан (42,6 балл) 107, Әзербайжан (40,5 балл) 121 және Тәжікстан (32,3 балл) 167-орыннан көрінді.

Әлемдегі ең экологиялық таза елдердің алғы шебінде Эстония тұр. Бұл елдің қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері қазіргі уақытта 75,7 ұпайды құрайды. Люксембург 75,1 ұпаймен екінші, Германия 74,5 ұпаймен үшінші орында. Сондай-ақ алғашқы он елдің қатарына Финляндия (73,8 балл), Ұлыбритания (72,6 балл), Швеция (70,3 балл), Норвегия (69,9 балл), Аустрия (68,9 балл), Швейцария (67,8 балл) және Дания (67,7 балл) бар.

Ал экологиялық ахуалы сын көтермейтін Вьетнам рейтингте 24,6 баллмен ең соңғы 180-орынды алған. Қоршаған ортаның ­ластануы бойынша ең нашар он елдің қатарына Пәкістан (25,5 балл), Лаос (26,3 балл), Мьянма (27,1 балл), Үндістан (27,6 балл), Бангладеш (28,1 балл), Эритрея (29 балл), Мадагаскар (30,1 балл), Ирак (30,3 балл) пен Ауғанстан (31 балл) енген.

Зерттеу авторлары қорша­ған орта жағдайы халықтың ден­сау­лы­ғына тікелей әсер ететі­нін атап өтеді. Ауаның ластануы, таза судың жетіспеушілігі мен қор­шаған ортаның нашарлауы тыныс алу, жүрек-қан тамыр­лары және қатерлі ісік аурулары­­ның көбеюімен байланысты. Сарап­шы­лардың бағалауынша, лас­тану деңгейі жоғары елдерде жұқпалы ауруларды қоспаған­да, өлім қаупі шамамен 74 пайыз­ды құрайды. Осы себепті, ғалым­дар жыл сайын қоршаған орта­ның жағдайы мен әлем елдері­нің экологиялық саясатын саралап отырады.

Біздің еліміздің экологиялық ахуалдың жоғары көрсеткіші­мен аймақтағы бірқатар мемлекет пен әлемдік экономика­ның жетекші елдерінен алға шығуы осы салада қолға алынған бір­қатар бастамасының нәтижесі. Тянь-Шань мен Алтай тауларынан бас­талатын қоршаған ортамыз шек­сіз дала мен шөлдерден тұрады. Кейінгі жылдары құрғақ­шылық, ауа мен судың ластануы, орман­дардың бақылау­сыз кесілуі, өндіріс қалдықтары мен қоқыстарының салдарынан экологиялық ахуал нашарлай түскені рас. Осыған орай, 2019 жылы Мемлекет басшысы­ның бастамасымен «Бірге – Таза Қазақстан» республикалық акция-сы қолға алынды. Ел тұрғындары мемлекеттік, жеке аумақтарды, су айдындарын тазартуға, полигондарды жойып, экология­лық сауаттылықты арттыруға белсене жұмылды. Биыл өткен акцияға ­7 млн адам қатысып, 840 мың тон­на қалдық жиналып, мыңдаған гек­тар жер мен өзендер тазартылды.

«Таза Қазақстанмен» бірге 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылдары ел аумағында 2 млрд-тан астам ағаш отырғызу жоспарын жариялады. Бұл биологиялық әртүрлілікті сақтауға, ауа сапасын жақсартуға маңызды үлес қосады. Сондай-ақ елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағдарламасы бар, онда «жасыл» энергия үлесін арттыру көзделіп отыр. Бұған қоса, еліміз жаһандық климаттық келісімдер мен бастамаларға белсенді қаты­сады. Мәселен, көмірқышқыл газының шығарындыларын азай­туды мақсат еткен Париж климаттық келісімге қосылған. Ал биыл Астанада өткен Аймақтық экологиялық саммит тек диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар күш-жігерді біріктіру, бастамаларды іске қосып, Орталық Азия үшін бірыңғай, болашаққа бағыт­тал­ған экологиялық күн тәртібін қалыптастыратын орталыққа ­айналды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 09:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see151

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see149

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see148

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see148

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see147

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see146

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see143

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see143

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see142

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see141

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see141

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see141

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see140

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see140

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see139

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see138

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see138

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see138

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see136
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары