Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Смартфон TikTok қа телміретін құрал емес : Президент цифрландырудың пайдасы туралы айтты

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

Дауыс беру аяқталды: Қазақстанда сайлау учаскелері жабылды

ERG, KIA, Mars: Қазақстанда өнеркәсіп локализациясы өсіп келеді

ERG, KIA, Mars: Қазақстанда өнеркәсіп локализациясы өсіп келеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада Қазақстан өндіруші секторға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға және транзитке баса ден қойған экономика ретінде қабылданып келгені рас. Бірақ 2020 жылдардың басынан бұл көзқарас өзгере бастады: көптеген халықаралық корпорациялар елге өткізу нарығы ретінде қарағанды қойып, өз өндірістерін осында орналастыруға көшті, жергілікті жеткізушілерді қолдай отыра, шығаратын өнім көлемін көбейтті. Нәтижесінде бұл ел біртіндеп экспортқа деген нақты амбициясы бар аймақтық өнеркәсіптік платформа ретінде қалыптасып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Өткізу нарығынан өнеркәсіптік базаға айналуда

2025 жылға қарай Қазақстан экономикасы құрылымдық трансформацияның оң белгілерін көрсете бастады. Геосаяси және логистикалық тәуекелдерге байланысты жеткізу тізбегін жаһандық қайта құру аясында трансұлттық компаниялар өндіріс географиясын қарқынды түрде әртараптандыруды қолға алды. Бұл тұрғыда Қазақстан өнімді тек ішкі нарыққа ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдеріне, ЕАЭО-ға және жақын өңірлерге жеткізуге қабілетті өндірістік хабқа айналып жатыр.

Мұндай өзгерістер мемлекеттің экономикалық саясатының нәтижесі еді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 6% деңгейінде күтілуде, ал 2026 жылға арналған нысаналы көрсеткіш 6,2% деңгейінде белгіленді. Дәл бір қайта өңдеу саласы шикізат экспортына тәуелділікті біртіндеп төмендете отырып, экономикалық өсудің тірегіне айналмақ.

Бұл ретте металлургия Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі драйверлерінің бірі болып қалып отыр. 2026 жылы саладағы өнім көлемінің өсуі шамамен 3% деңгейінде болады деп болжануда, бұған бір жағынан Kyzyl Aray Copper, Ekibastuz Ferro Alloys, KazferroLimited, Shagala Mining және тағы да басқа кәсіпорындардың жобалық қуатына шығу сеп болмақ. Қара металлургияда ферроқорытпалар, болат, шойын және жалпақ жайма темір өндірісі артады деп күтілуде, ал түсті металлургияда алтын, мыс, алюминий және мырыш өндірісі күшеймек.

Машина жасау одан да жоғары өсу қарқынын көрсете түседі. 2026 жылы өнім көлемін 13,4%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Оған жеңіл автомобильдер өндірісінің 17%-ға және ауыл шаруашылығы техникасының 5%-ға өсуі ықпал етпек. Химия өнеркәсібі де жеделдетілген қарқынмен дамып келеді, 2026 жылы күкірт қышқылы, натрий цианиді, сутегі асқын тотығы және сұйық шыны шығаратын жаңа қуаттардың енгізілуіне байланысты өндірістің өсуі 7% деңгейінде болады деп күтіледі.

Экономиканың қарқын алуында сауда саласы маңызды рөлге ие болып отыр. 2026 жылы жиынтық тауар айналымы 92,4 трлн теңге деңгейінде жоспарланған, бұл 6,5% өсімге сәйкес келеді. Кеңею мұнай мен мұнай өнімдерін өндірудің тұрақты көлемімен, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қайта өңдеу жөніндегі ауқымды бағдарламалармен, сондай-ақ Қытай бағытын қоса алғанда, көтерме экспорттық саудаға бағытталған бірнеше ірі B2B-алаңдарын іске қосумен қамтамасыз етіледі.

Ауыл шаруашылығы да, ең алдымен, қайта өңдеу сегментінде қарқын алуда. 2026 жылы азық-түлік пен сусындар өндірісі сәйкесінше 9% және 9,3%-ға өседі, бұл сектордың қосылған құнын және оның экспорттық әлеуетін арттырады.

Локализация үшін негіз қалау

Бүгінде куә болып отырған трансформациялық процесстер – Қазақстан басшылығының соңғы жылдары жүзеге асырған реформаларының нәтижесі. Инвестициялық ахуалды жақсарту, индустриялық аймақтарды жаңғырту және реттеудің болжамдылығын арттыру жөніндегі шаралар ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар туғызды. Арнайы экономикалық аймақтар, салықтық жеңілдіктер және оңайлатылған мақұлдау процедуралары шетелдік өндірушілерге алдағы ұзақ жылдарға жоспар жасаумен өндірістік стратегияларды құруға мүмкіндік береді.

Қазақстан оларға саяси тұрақтылық, ірі нарықтарға жақындық және халықаралық инвесторларға түсінікті құқықтық базаны ұсынып отыр. Бұл елді өндірістерді орналастыру үшін тартымды алаңға айналдырады.

Мәселен, Mars жаһандық азық-түлік корпорациясы – мұндағы көзқарастың өзгергенінің жарқын мысалы. Компания ұзақ жылдар бойы Қазақстанда импорттаушы және дистрибьютор ретінде жұмыс істеп келген еді, енді Алматы облысында өндірісін локализациялау үшін дайындық жұмыстарын бастап кетті. Нақтырақ айтқанда, олар үй жануарларына арналған дайын азық өндіру зауытын салмақ. Инвестиция көлемі 88,8 млрд теңгеден асады, ал қуаттылығы – жылына 100 мың тоннаға дейін өнім өндіруге жетеді. Бұл қадам жергілікті жерде өндіріс ашуға көбірек таңдау жасай бастаған шетелдік өндірушілердің трендін айғақтай түседі.

Фармацевтика өнеркәсібінде де жаңа жобалар пайда болмақ. «Алатау» арнайы экономикалық аймағында өндірістік кешен тұрғызатын Khan Tengri Biopharma компаниясымен инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Кешеннің өндірістік портфеліне онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттарды қоса алғанда, 27 халықаралық патенттелмеген атаулар кіреді, ал инвестициялар көлемі 103 млрд теңгеден асады. Бұл импорттық дәрі-дәрмектерді алмастыруға ғана емес, болашақта шетелдерге жөнелтуге де мүмкіндік береді. 

Қазақстанның өнеркәсіптік торап ретінде қалыптасып келе жатқаны технологиялық жағынан күрделі салаларда да байқалып отыр. 2025 жылы Қостанайда KIA автомобильдерін шығаратын толық циклді зауыттың іске қосылуы отандық автоөнеркәсіп үшін маңызды кезең болды. $270 млн-нан асатын инвестициялар ішкі нарыққа ғана емес, Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне жіберілетін экспортқа да бағдарланған. Толық өндірістік цикл жеткізушілердің жоғары дамыған желісін, білікті кадрларды және ұзақ мерзімді жоспарлауды талап етеді, мұндай кәсіпорындарды өнеркәсіптік кластерлердің «жәкірлі» бөлшегіне айналдырады.

Локализацияның тағы бір мысалы – америкалық локомотивтер өндіретін Wabtec компаниясы. Олар Қазақстанда бұрыннан бар, бірақ қазір жергілікті компоненттердің үлесін арттыру және Астанада инженерлік-технологиялық орталықты ашу есебінен локализацияны күшейтуде. Ұлттық теміржол компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшарттар тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді, ал білім мен құзыреттерді беру елдің технологиялық әлеуетін нығайтады.

Металлургия секторындағы локализация да айырықша байқалып отыр. Металл және тау-кен өндіру саласындағы ірі халықаралық компаниялардың бірі – ERG тобы қазақстандық жеткізушілерден сатып алынатын тауарлармен қызметтердің үлесін 2024 жылы бір жыл бұрынғы 48%-бен салыстырғанда 60%-ға дейін ұлғайтқан болатын. Компания өз кәсіпорындары орналасқан моноқалалардағы өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударады. 2024 жылы мұндай сатып алулар Қазақстандағы ERG сатып алуларының жалпы көлемінің 21,5%-ын құрады және бұл көрсеткіш жаңа, оның ішінде экологияға бағдарланған өндірістерді іске қосу аясында өсуін жалғастырып жатыр.

«Qarmet» компаниясы елдің өнеркәсіптік базасын едәуір күшейтетін бірнеше стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда. Олардың бірі – қытайлық бизнеспен серіктестікте іске қосу көзделіп отырған металл бұйымдарының түрлі сортын жаймалап шығаратын қондырғы. Ол құрылыс металлургиясындағы импортты толығымен алмастыруға және ішкі нарықты тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Тағы бір жоба – Қарағанды облысында ені 1850 мм-ге дейін және қалыңдығы 0,8-ден 16 мм-ге дейін болатын ыстықтай илектелген болат темірді шығаруға бағдарланған құю-жаймалау кешенінің құрылысы. 

Бұл өнімдер автомобиль, мұнай-газ, атом, медициналық және құбыр өнеркәсібінде, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісінде зор сұранысқа ие. Мұндай жобаларды жүзеге асыру өзіндік құнын төмендетуге және жоғары қайта өңдеу өнімдерінің желісін кеңейтуге көмектеседі.

Өсіп келе жатқан инвестициялық портфель

Қазақстан индустрияландыруды қарқынды түрде қолдап келеді. Қазірдің өзінде жалпы құны 5,7 трлн теңгеге жуықтайтын, шетелдіктердің қатысуымен жүзеге асып жатқан 20 ірі жобаның портфелі қалыптастырылды, олар 11 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Екі және одан да көп елдерден шыққан компаниялардың қатысуымен $2,4 млрд-қа жуық сомаға 2,8 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын қосымша тоғыз көпжақты жоба жүзеге асырылып жатыр. Қаржыландыру ұлттық компаниялармен даму институттарының қолдауымен жүзеге асырылады, бұл инвестициялық тәуекелдерді азайтады.

Жаңа өндірістердің көпшілігі әу бастан-ақ экспортқа бағдарланған. Мәселен, автомобиль құрастыру, металлургия және машина жасау салалары Орталық Азия мен ЕАЭО нарықтарына бағытталған. Локализация айқын мультипликативті әсер тудырады: жұмыс орындары тек зауыттарда ғана емес, сонымен қатар логистикада, инжинирингте және ілеспе қызметтерде де пайда болады, ал құзыреттерді беру білікті жұмыс күшін қалыптастыруға ықпал етеді.

Халықаралық корпорациялардың қатарының артуы Қазақстанда барған сайын индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Локализация мен қайта өңдеуге салынған инвестициялар бизнестің елдің ұзақ мерзімді траекториясына деген сенімін және оның жаһандық әрі аймақтық қосылған құн тізбегіне интеграциялану қабілетінің артып келе жатқанын аңғартады.

Трансұлттық өндірушілерді тартып, локализацияны көбейте отырып және экспорттық қуаттарды ұлғайту арқылы Қазақстан Еуразияның негізгі өнеркәсіптік хабтарының бірі ретіндегі өз позициясын нығайта түседі.

Соңғы жаңалықтар

Жолда қалып қойған жолаушы құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 09:02

Жаңғырудың ғылыми өзегі: Президент сұхбаты және Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі

Пікір • Бүгін, 09:00

Елдік мақсаттың айқын межелері

Пікір • Бүгін, 08:55

ЖИ саласында көшбасшы болуға мүмкіндігіміз бар

Пікір • Бүгін, 08:53

Стратегиялық дамудың бедерлі белесі

Пікір • Бүгін, 08:50

Қоғам қуатын тұтастандырады

Пікір • Бүгін, 08:48

Мұнай өңдеу зауытындағы жаңашылдық

Экономика • Бүгін, 08:45

Біз таңдаған жол

Пікір • Бүгін, 08:43

Қаржы нарығы: доллар бағамы қандай болмақ?

Экономика • Бүгін, 08:40

Маңызды мәселелер пысықталды

Саясат • Бүгін, 08:38

Талдау мектебіне қатысушылар анықталды

Саясат • Бүгін, 08:35

Кәсіпкерлерге «Халық бухгалтері» көмектеседі

Қоғам • Бүгін, 08:33

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Мәдениет қайраткерлеріне – мемлекеттік стипендия

Қоғам • Бүгін, 08:28

Стоматология жұмысын жүйелеген

Жоба • Бүгін, 08:25

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:276
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 10:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

23 Тамыз 2026 19:54see124

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see121

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see117

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see116

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see115

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see115

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see115

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see113

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see113

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see113

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see112

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

23 Тамыз 2026 09:44see112

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see112

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

23 Тамыз 2026 07:16see111

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see110

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see110

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see110

Смартфон TikTok қа телміретін құрал емес : Президент цифрландырудың пайдасы туралы айтты

23 Тамыз 2026 14:56see109

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

24 Тамыз 2026 10:24see108

Дауыс беру аяқталды: Қазақстанда сайлау учаскелері жабылды

23 Тамыз 2026 20:21see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары