Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Ерте қамданған қапы қалмайды

Ерте қамданған қапы қалмайды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ауа райын болжаушылар Ертіс-Баян өңірінде келесі жылдың ақпан, наурыз айлары әдеттегіден 2 градусқа жылы болады деп болжап отыр. Бұл жазғытұрым қардың күрт еруіне әкеліп, су тасқыны мезгілін күрделендіре түсуі ықтимал.

Сурет: malim.kz

Павлодар облысында алдағы жылдың су тасқыны мезгіліне дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Елді мекендерді су басу қау­пін барынша азайту мақ­са­тында облыс әкімінің қау­лы­сымен «Инженерлік жұмыс жос­пары» бекітілген.

– Жоспар аясында 30 шақы­рым­ға жуық қорғаныс және жол инфрақұрылым нысандары қал­пы­на келтіріліп, нығайтылды. 29 су өткізу құбыры орнатылып, жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ елді мекендердегі арықтар мен су бұру арналары тазартылып, ретке келтірілді, – деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов.

Маман­­дардың ай­­туынша, Баянауыл, Ақтоғай аудан­да­рын­дағы елді мекендер ерекше бақылауда тұр. Баянауыл ауданында су тасқыны қаупін төмендету мақсатында Жаңажол, Қ.Сәтбаев ауылдарында суармалы жүйелерді қайта жаңарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Атал­ған жобалар арқылы 3,6 мың гектар аумақта 23 млн текше метр­ден астам суды қабылдап, реттеу мүмкіндігі пайда болады.

Ал Ақтоғай ауданы Шолақ­сор ауылы маңында Сілеті өзе­ні­нің арнасын түзеу, терең­де­ту жұ­мысы атқарылды. Жалау­лы ауылында 200 млн текше метр көлемінде еріген қар суларын жинауға арналған 3 тоған қазылып, жер үйінділері жасалған. Ал Ертіс өзенінің ойпаң тұстарында жергілікті атқарушы органдардың күшімен жалпы ұзындығы 63,8 шақырымды құрайтын топырақ үйіндісі тұрғызылған.

Қазір төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыстың алдағы болуы ықтимал су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалау мақ­сатында елді мекендерді аралап, тек­серу жұмысын жүргізіп жатыр.

– Жазғытұрым кезеңде ықти­мал төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында департаментпен «КамАЗ» база­сын­­дағы 2 су сору автокөлігі, 5 «Skoda Kodiak» жедел-қызметтік автокөлігі, 1 «Toyota Hilux» базасындағы жедел әрекет ету автокөлігі, 6 аспалы қайық мо­торы, 2 үрлемелі қайық, 1 ұшқыш­сыз ұшу аппараты (дрон), 1 тентті жүк көлігі, 13 тасымалданатын мотопомпа, 1 тіркемелі мотопомпа сатып алынды. Барлық құтқару бөлімшелері су өткізбейтін арнайы қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етілді, – дейді департамент өкілі.

Ал «Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының хабарлауынша, қазір өңір бо­йынша орташа жауын-шашын мөлшері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76%-ға көп (2024 жылы – 13 мм, 2025 жылы – 23 мм). Топырақтың қазіргі қату тереңдігі орта есеппен өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға жоғары (2024 жылы – 6 см, 2025 жылы – 8 см).

– Қараша айы әдеттегіден жылы болып тұр. Облыс бойын­ша орташа ауа температурасы нор­мадан 1 градусқа жоғары (-5,-6°С), жауын-шашын мөлшері – нормаға жуық (16–23 мм). Желтоқсанда ауа температурасы нормадан ауытқымай, орташа тәуліктік температура -10,-14 градус болып сақталады. Қаңтардағы температура да норма шегінде болады. Тек ақпан мен наурыз айларында ауа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанады, – деп мәлімдеді «Қазгидрометтің» жергілікті филиалынан.

Павлодар облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 06:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see144

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see143

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see141

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see140

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see139

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see136

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see136

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see135

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see129

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see129

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see129

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see127

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see125

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see122

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see120

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see117

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see117

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see117

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары