Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Есепке жүйрік суперкомпьютер

Есепке жүйрік суперкомпьютер

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Атақты математик, академик Асқар Жұмаділдаев суперкомпьютердің мүмкіндігін тексеріп көрді. Суперкомпьютер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орналасқан. Есепке жүйрік машина академик берген күрделі математикалық есепті бірнеше сағат ішінде шешіп тастады. 

Академик Асқар Жұмаділдаев – есептеу техникасын жетік меңгерген маман. Ол Еуропаның жетекші университеттеріндегі компьютерлермен жұмыс істеген. Мәселен, 90-жылдары Швециядағы Миттаг-Леффлер институтында күрделі есептеулерді іске қосқан. Сол кезеңдегі технология мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты бұл процесс бір күнге созылған.

Асқар Жұмаділдаев, ҚР Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:

- Сіз мына компьютерге бұйрықты дұрыстап беруіңіз керек. Қазақ жылқы мінезді дейді ғой, компьютер жылқы мінезді. Егер сіз компьютерге жөндеп бұйрық берсеңіз, дәл өзі ұғатындай, егер ол бір сағатта не істейтінін, бір минутта не істейтінін бір секундта не істейтінін дәл біліп тұруы керек. Егер ол білмесе ол сізді тоқтатып қояды. Ғылым тілі дегеніміз осы. Менің қазіргі арманым компьютерде қазақ тілін дамыту. 

Асқар Серқұлұлының негізгі ғылыми зерттеулері алгебра теориясына байланысты. Ғалым «Төрткен» және «Төртқара» деп аталатын екі жаңа алгебралық жүйені жасаған. Айтпақшы, бұл атаулар алғаш рет қазақ тілінде дүниежүзілік математикалық терминологияға енгізілген. «Төртқара» алгебрасы ерекше төртінші дәрежелі заңға негізделген, оны ғалым алғашында қолмен есептеп, кейін күрделі нұсқаларын жасаған. Бұл есепті Қазақ Ұлттық университетіндегі суперкомпьютер - қуаты 2000 терафлопсқа жететін машина арқылы шешуге мүмкіндік туды. Бұл қазіргі ең заманауи компьютерден 10 000 есе қуатты. Бұрын математиктің аптаға жуық уақыты кететін есеп үш сағатта шығарылды.

Асқар Жұмаділдаев, ҚР Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:

- Менің қазіргі компьютерімнің қуаты процессоры сегіз процессор бар. Және ол жылдам істейді. Сонымен мына сегіз комутаторды мен мысалы бір апта есептеймін. Сосын мынаны көрейін деп осыған келдім. Тамырын басып, байқап көрейін, не екен деп. Бұл маған үш сағатта есептеп берді. Демек мынау тұрған не, менің артымда тұрған суперкомпьютер компьютердің атасы. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің суперкомпьютері ғылыми қауымдастыққа ашық. Ол ғалымдарға негізгі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін қолжетімді. Мысалы, климаттық модельдеу, биоинформатика, кванттық химия және инженерлік есептеулер салаларында пайдалануға болады.

Әмірхан Темірбаев, Farabi Supercomputer Center директоры:

- Кез келген ғалым немесе мемлекеттік органдар біздің суперкопьютерге онлайн қосыла алады. Дистанционно қосыла алады. Кез келген суперкомпьютердің жұмыс істеуі өте күрделі процесс. Себебі суперкомпьютер ол 24/7 өшпеу керек қой. Сондықтан біздің командамыздың негізгі мақсаты осы суперкомпьютердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бүгінгі таңда. 

Орталықтың есептеу қуатын басқа да бағыттарда қолдануға болады. Төтенше жағдайларды болжау, медицина мен биотехнологияны дамытуға көмегі тиеді. Қаланың цифрлық модельдерін жасау, сондай-ақ сорбенттер, мембраналар және наноқұрылымдар сияқты жаңа материалдарды молекулалық модельдеуге мүмкіндік бар.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Айдос Қалиев

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 21:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see127

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see125

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see124

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see121

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see120

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see119

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see117

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see117

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see116

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see115

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see114

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see114

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see114

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see112

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see111

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see111

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see110

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары