Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ескерту есірткі қылмысының алдын алады

Ескерту есірткі қылмысының алдын алады

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Коллажды жасаған – Гүлмария ӘШІМХАНҚЫЗЫ, «EQ»

ІІМ мәліметіне сүйенсек, шілде айының алғашқы он­күн­дігінде тек Астана қала­сының өзінде 121 кило синте­тикалық есірткі тәркі­ленген. Оқиғалардың бірінде полиция қызметкерлері 26 жастағы азаматтың жалға алынған тұрғын үйін тексеріп, тінту барысында салмағы 245 грамм болатын 227 орам а-PVP синтетикалық есірткіcін тәркіледі. Күдікті оны қала аумағында өткізбек болған.

«Шілде айының бірінші онкүндігінде ІІМ Есірткі қылмы­сына қарсы іс-қимыл комитеті аумақтық бөліністермен өзара іс-қимыл жасай отырып, 187 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Оның ішінде 86 қылмыстық теріс қылық пен 101 қылмыс бар. Он күн ішінде есірткіні сатудың 46, аса ірі мөлшерде сақтаудың төрт, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егудің 40 фактісінің жолы кесілді. Сондай-ақ есірткі контрабандасының төрт фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 266 кг прекурсор мен 760 кг есірткі, оның ішінде 121 килодан астам синтетикалық есірткі тәркіленді», дейді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Оның айтуынша, жазғы демалыс кезінде жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында нашақорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге ерекше назар аударылып отыр. Алғашқы онкүндікте алты мың жасөспірім мен жастарды қамти отырып, 145 профилактикалық іс-шара өткізілген. Ішкі істер ми­нистр­лігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақ­тау, сондай-ақ жастарды есірткі қылмыстарына тарту фактілерінің жолын кесу бо­йынша жұмысты жал­ғас­ты­рып жатыр.

Сондай-ақ елордалық тәр­тіп сақшылары есірткі сататын интернет-дүкеннің «қой­масын» да анықтағанын айта кетейік. «Қарасора-2026» про­филактикалық іс-шарасы аясында 40 жастағы елорда тұрғыны тұтқындалды. Күдікті Telegram мессенджері арқылы есірткі сататын интернет-дүкеннің «қоймасы» қызметін атқарған. Тінту барысында, сондай-ақ бұрын жабдықталған жасырын орындарды тексеру кезін­де оралған заттар, zip-lock пакеттері мен төрт килодан астам синтетикалық есірткі, атап айт­қанда, α-PVP мен мефедрон тәркіленді.

«Бұл елорда аумағында таралуына жол берілмеген 12 мыңнан астам бір реттік доза. Заңсыз айналымнан алынған әрбір есірткі партиясы – алды алынған қылмыстар, аман қалған адам өмірі. Аталған факт бо­йынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», дейді Е.Әбдікенов.

Ал жалпы, жыл басынан бері ішкі істер органдары 1 885 есірткі қылмысының жолын кескен. Бұл туралы жуырда ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Қуандық Әлжанов мәлім етті. Оның айтуынша, 6 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде 1 трансұлттық топ жойылып, 9 ұйымдастырушы мен 29 белсенді қатысушы ұсталған.

Осы орайда есірткі қылмыс­та­рының алдын алуға өзге де құқық қорғау органдары атсалысып жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, Ұлттық қауіп­сіздік комитеті Шекара қыз­ме­тінің мәліметінше, маусым айында құзырлы органдар есірт­кі қылмысына қатысы бар 32 фактіні тіркеген. Шекара қызметінің вейпке қарсы іс-шараларынан да мысал келтіре кеткен артық емес. Өйткені ел шекарасы арқылы аталған заттарды заңсыз алып кіру фак­ті­лері тіркеліп жатыр. Мы­салы, жуыр­да ҰҚК Шекара қыз­метінің Қостанай облысы бойынша департаментінің «Қайрақ» автомобильдік өткізу пунктінде мемлекетіміздің аумағына ірі партияда вейптерді заңсыз алып кіру әрекетінің жолы кесілді. Нақтырақ айт­қанда, тыйым салынған 27 624 дана тауар жүк автокөлігінің тіркемесіндегі басқа жүктердің арасына салынған. Алдын ала бағалауға қарағанда, тәр­кіленген электрондық тұтыну жүйелерінің жалпы құны
500 млн теңгені құрайды. Осы оқи­ға бойынша материалдар процессуалдық шешім қабыл­дау үшін құзыретті органдарға жолданған.

ҰҚК елімізде электрондық тұтыну жүйелерін (вейп­терді), оларға арналған хош иістен­дір­гіштер мен сұйықтықтарды алып кіруге, өндіруге ты­йым са­лын­ғанын ескертеді. Жалпы, осындай ескертулерді, есірткі қыл­мыс­та­ры мен соған қатысы бар өзге де құқық бұзу­шылықтардың салдарын, әсіре­се жастардың есіне салып отыр­ғанның артықтығы жоқ. Бұл бағытта елімізде жүйелі жұ­мыстар қолға алынғанын айта кетейік. Мәселен, Шымкент қаласы прокуратурасының үй­лестіруімен Халықаралық наша­қорлыққа және есірткі сауда­­сына қарсы күрес күніне арналған «Жастардың таңдауы – есірткісіз өмір» профилак­тикалық іс-шарасы – соның бірі.

Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкіл­дері, волонтерлер мен қала тұр­ғын­дары қатысқан іс-шара­ның бас­ты мақсаты – жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы түсін­діру және есірткі құқық бұзу­шылықтарының алдын алу. Жиында түрлі спорттық, шығармашылық әрі таным­дық бағдарламалар ұйым­дас­ты­рылып, байқаулардың жеңім­паз­дары марапатталды.

Шымкент қаласы прокура­турасының мәліметінше, шаһар аумағындағы есірткіні жарнамалайтын граффити жазбаларын анықтау мен жою жұмыстарына белсенді қатысқан коммуналдық қызметкерлеріне қала прокурорының алғысхаты табысталған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары