Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Еуродепутат Томаш Фройлих: Еуропада бәрі бірдей Қазақстанның маңызын түсіне бермейді

Еуродепутат Томаш Фройлих: Еуропада бәрі бірдей Қазақстанның маңызын түсіне бермейді

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

— Биыл Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толды. Қазіргі саяси және экономикалық өзара іс-қимылды, сондай-ақ парламентаралық серіктестікті қалай бағалайсыз?

— 2015 жылғы желтоқсанда еркін сауда туралы келісім (EPCA) күшіне енгеннен бері ЕО мен Қазақстан арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастық айтарлықтай тереңдеді. Еуроодақ бүгінде Қазақстанның басты сауда және инвестициялық серіктесіне айналды, елдің жалпы сауда айналымының шамамен 40 пайызы ЕО үлесіне тиесілі.

Мен мүше болып отырған Еуропарламент пен Орталық Азия елдерімен байланыс жөніндегі делегация шеңберіндегі парламентаралық өзара іс-қимыл өте жемісті және өзара сенімге негізделген. Қазақстанның басқа мемлекеттік органдарымен байланыстар да жоғары деңгейде және тұрақты дамуда.

Әрине, Еуропадағы кейбір саясаткерлер мен сарапшылар Қазақстанның Еуропа үшін стратегиялық маңызын толық сезіне қойған жоқ. Алайда бұл түсінік тез қалыптасып келеді. ЕО соңғы бастамалары арқылы Қазақстанмен түрлі салада берік әрі ұзақмерзімді серіктестік орнатуға ниетті екенін ресми түрде растады. Бұл тұрғыда Еуропарламенттегі «Егемен ұлттар Еуропасы» (ESN) фракциясы ынтымақтастықты ілгерілетуде белсенді рөл атқарып отыр.

Азияның жүрегіндегі тарихи Жібек жолы бойындағы елдер Еуропа үшін бірнеше ғасыр бұрынғы өз маңызын қайта қалпына келтіріп жатыр. Бұл жаңа құрлықаралық байланыс бәріміз үшін пайдалы болмақ.

— Қазақстандағы саяси және конституциялық реформалар туралы не айтар едіңіз? Елдің 2027 жылы бір палаталы парламентке көшу жоспарына қалай қарайсыз?

— Мен, әрине, Қазақстанның ішкі саясатына баға беруді өзіме міндет етпеймін. Дегенмен соңғы жылдардағы өзгерістерге сырт көзбен қарағанда, елдің даму бағыты өте оң деп айтар едім.

Қазақстан күрделі геосаяси жағдайда тұрақтылық пен прагматизмнің үлгісін көрсетіп отыр, жақсы экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуде және аймақта тұрақтылықтың тірегіне айналды. Бұл көршілес елдерге де оң әсер етіп, бүкіл Орталық Азия өңірінің өсіп келе жатқан әлеуетіне әлем назарын аударды.

Нақты реформаларға келсек, Германияда да іс жүзінде бір палаталы парламент жұмыс істейді және бұл жүйе өз тиімділігін дәлелдеген. Егер Қазақстан осы жолды таңдаса, ұқсас оң нәтижелерге қол жеткізуі әбден мүмкін. Мен сіздерге институттарды жаңғырту мен тиімді басқару жолында сәттілік тілеймін. Брюссель тәжірибесінен білемін – шамадан тыс бюрократия мен құрылымдардың көптігі басқаруды қиындатады.

— 25 қазанда Қазақстан Егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуын атап өтті. Қазақ халқына қандай тілегіңіз бар?

— Менің Орталық Азияға, әсіресе Қазақстанға жасаған сапарларым ерекше әсер қалдырды. Сіздердің елдеріңіз үлгі тұтарлық даму кезеңін бастан өткеріп жатыр, бұл өзге өңірлер үшін де пайдалы тәжірибе бола алады.

Қазақстан – аймақтағы ең қуатты экономикасы бар, халықаралық беделі жоғары ел, сондықтан ол бүкіл Орталық Азия үшін бағыт-бағдар беруші мемлекет саналады.

Мен сіздерге соңғы жылдардағыдай көпвекторлы дипломатияны, жоғары экономикалық серпінді және саяси тұрақтылықты сақтай отырып, осы жолмен табанды жүруді тілеймін.

Қазақстан егемендігін өз азаматтарының игілігі үшін тиімді пайдаланып, Еуропалық одақпен ынтымақтастықты одан әрі дамытады деп сенемін. Өз тарапымнан мен Еуропарламентте Қазақстан мен ЕО арасындағы сенімді және сындарлы серіктестікті тереңдету жолында қолдау білдіремін.

— Әңгімеңізге рахмет!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 23:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see128

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see125

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see122

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see122

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see119

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see119

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see119

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see119

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see119

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see116

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see116

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see116

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see116

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see116

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары