Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Ғ. Жұбанова квартеті Карнеги холда өнер көрсетті

Ғ. Жұбанова квартеті Карнеги холда өнер көрсетті

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстан өнерпаздары АҚШ-тың басты сахнасында өнер көрсетті.

Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония құрамына кіретін Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет әйгілі Карнеги Холда еліміздің төл музыкасы мен батыстың классикалық шығармаларын орындады. 30 жылдық мерейтойы аясында халықаралық турнеде жүрген өнер ұжымы Нью-Йорк тұрғындары мен қонақтарын ерекше орындау тәсілімен тәнті етті.

Чайковский, Рахманинов, Битлз, Фрэнк Синатра сынды ән әлемінің аңыздары өнер көрсеткен Карнеги Холда бүгін қазақстандық өнерпаздар өз өнерін паш етеді. Саз әлемінің саяхатын ұйымдастыратын Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония құрамына кіретін Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет болмақ.

Ақан серінің «Қара торғайы». Сол әуеннің қанатында қалықтап келіп, сайын даланың сазымен өнер ұжымы сырлы саяхатқа бастап әкетті. «Қара торғай» тыңдарманды елітіп, батысқа қарай алып ұшты. Моцарттың шығармасымен қызықтырып, Брамсқа жалғады. Бірде кәрі құрлықтың аспаптары байырғы тегінің ізімен қобыз болып сарнады.

Карнеги холдың камералық залына жиналған қауым осылайша Қуат Шілдебаевтың квартетке арналған шығармаларын да тыңдады. Ұлттық музыка америкалық қауымның да, концертке арнайы келген Қазақстан диаспорасы өкілдерінің де көңілінен шығып, ұмытылмас әсер сыйлады.

Аннетт Хайрапетян, БҰҰ Әйелдер гильдиясының президенті:

- Бүгінгі концерттен алған әсерім ерекше. Квартеттің талантына қайран қалдым. Өз істерінің маманы екені бірден көрініп тұрды. Карнеги Холға осындай талантты қазақ өнерпаздары келе берсе екен деген тілегім бар.

Кинталь Исламов, «Атамекен-агро» басқарма төрағасы:

- Жігіттерді бұрыннан тыңдап келе жатырмын. 25 жылдан асқан сияқты. Әрқашан қолдау танытып келеміз. Себебі Қазақстан өнерінің дәріптелуіне зор еңбек сіңіріп келе жатыр. Олардың арқасында Құрманғазы, Ғазиза Жұбанова сынды күйші-композиторлардың шығармалары квартетке бейімделіп, жаңа бір демге ие болды. Құлақтан кіріп, бойды алатын музыкамыз жайлы, өнерпаздарымыз жайлы барша әлем білуі керек деп есептеймін.

Ғалия Тілеуова, тыңдарман:

- Қазақстанның тумасы ретінде Карнеги холда жерлестерімнің өнер көрсеткенін көріп, өте қуанып тұрмын. Өне бойымыз шымырлап, әр шығармада ерекше сезімге бөлендік. Моцарттың да, Қуат Шілдебаевтың да бай мұрасына куә болдық.

30 жылдық мерейтойы аясында Париж бен Мадридте концерт берген квартет мұхит асып, әйгілі Карнеги холл сахнасына жетуін мансабының басты белесі деп біледі.

Ернар Мыңтаев, квартет мүшесі:

- Әр музыканттың өзінің бала кезден арманы - осындай атақты сахнаға шығу. Енді мына біздің квартеттің 30 жылдығын атап жатырмыз. Сол 30 жылда осы сахнаға жеттік, арманымыз бір жағынан орындалған сияқты. Енді бұл тек біздің арман ғана емес, біздің еліміздің мәдениетін көрсету, сол арманымыз. Бір ерекше сезім, ерекше шабыт келіп тұр.

Нью-Йорктегі талғампаз көрерменнен, тарихи сахнадан ерекше қуат алып, шабыттанып тұрған квартет өз гастролін Чарльзтаун, Филадельфия, Бостон қалаларында жалғастырады.

Авторлары: Ердана Ержанұлы, Эндрю Фанг

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 16:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see160

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see145

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see143

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see142

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see141

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see140

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see138

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see138

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see138

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see138

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see136

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see136

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see135

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see135

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see135

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see135

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары