Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Ғарышты әнімен тербеген

Ғарышты әнімен тербеген

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақ аспанын қақ жарып, Қызылорда, Жезқазған даласын жүректі жарардай солқ еткізіп, Байқоңырдан алып ғарыш кемелері мен зымырандар ұшырылып жатса да жердің иесі, елдің егесі қазақ халқына ешқандай қатысы жоқтай көрінетін. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана Байқоңыр мен сол аумақтағы елді мекендерді дамыту қолға алынды. Байқоңырдың атауы да тек 1995 жылы қайтарылды, оған дейін Ленинск деп аталатын.

Байқоңырды билеп-төстеген­дер жер­гі­лікті халықты ға­рыш айлағына аяқ аттап бас­тырмайтын. 1989 жылы ерекше бір оқиға бол­ды. Осы жылы Байқоңырдан шалғай аймақта жатқан Сол­түс­тік Қазақстан облысының те­ле­ви­дениесі мен Халықаралық «Мир» ғарыштық стансасы ара­сына телекөпір орнатылды. Бар­лық отандастарды ғарыш айлағына жолатпайтын шенеуніктер мұндай іске қалай барған деп таңғаласыз.

Оған мүмкіншілік тудыр­ған сол кездегі Солтүстік Қазақстан облыстық телеарна бас­шысы Виктор Вихляев еді. Ол – ғарыш тақырыбына бір­неше еңбек жазған, соның ішінде солтүстіктен шыққан ғарышкерлер Владимир Шаталов және Александр Викторенко туралы кітап шығарған қаламгер. Оны мұндай ерлікке баруға көмектескен екі ғарышкермен достығы екені даусыз. Бұл уақытта Владимир Шаталов «Жұлдыздар қалашығында» ғарыш­керлерді даярлау орта­лығының бастығы еді. Ал Александр Викторенко сол сәтте ғарышкерлердің 4-тобының командирі ретінде ғарышта болған. Виктор Вихляев осы екі азаматқа арқа сүйеу арқылы Байқоңырдағы шенеуніктерді көндіріп, Қызылжар қаласына телекөпір орнатқан көрінеді.

Осы телекөпірдегі ең бас­ты сенсациялық оқиға – сол жылдарда облыстық филар­монияның әншісі атақты Ғарифолла Құрманға­лиев­тің шәкірті Кәмила Әлібаева­ның ғарышкерлерге домбырамен қазақша ән жолдауы еді. Барлық телекөпірдің өне-бойында тек орысша сөй­лейтіндер: еңбек озаттары, атақты адамдар, шенеуніктер сөйлеп болған соң хабардың сценарийін жасаған В.Вихляев қазақша бір үн шығармасақ ұят деп ойласа керек, қорытынды сәтте қазақ әнін шырқатуға шешім қабылдаған. Сол телекөпірді көрген, қатысқан адамдардың қайсысымен сөйлес­сең де естерінде ғарышқа жеткен ән ғана қалыпты. «Ах, Камила тогда как пела!..» деген сөзді айтпайтын адам жоқ.

Сөйтіп, қазақ әні тұңғыш рет ғарыш әлемін баурады. К.Әлібаеваның ашық үнді тенор даусымен күміс көмейден төгілген ән қазіргі тілмен айт­­­қан­да, ға­рышты жарған екен. «Мен телекөпірде Бәкір Тәжібаевтың «Туған жер» деген әнін шырқадым. Теле­жүргізуші Кәмила Мұқашева ғарышкерлерге мені орысша таныстырып, Александр Викторенкоға: «Туған жердің үнін сағынған шығарсыз, сізге қазір әншіміз Кәмила Әлібаева ән айтып береді. Бұл әнде қазақ даласының көзге ыстық көрінісі, адамның туған жерге деген махаббаты туралы айтылады», деді.

Телекөпірге дайындық барысында біз қандай ән айтсақ екен деп біршама талқылағанбыз. Туған жер тура­лы ән әр адамға ыстық қой, мына ән қазаққа туған жерді сағындырғанда орысқа да солай әсер етуге тиіс деп, осы әнді таңдадық. Үстіме қазақтың ұлттық киімін киіп, қолыма үкілі домбыра ұстаған мені бәрі қол соғып қарсы алды. «Алыс кетсем, мен сенi аңсап жүрем! Сағыныштан өзiңе ән сап жүрем, туған жер! Ауылымның түтiнi қымбат маған, Қымбат маған белдерi күн қақтаған, туған жер!» деп бір кеттім. Қараймын, тыңдаушыларым сілтідей тынып, тыңдап қалыпты. Біздің студиядағылар да қыбыр-жыбырдан тиылып, шыбынның ызыңы естілердей. Демек, ән тыңдаушылардың жүрегіне жеткен екен деп келесі шумақтарды айтқанда тіпті арқаланып кеттім. Даусым да барынша ашыла түсті. «Көздi тартып жайнайды-ау далаң гүлден, Қасиетiңдi қашан да балаң бiлген, туған жер! Бұл өмiрде, шiркiн-ай, не жетедi, Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер! Туған жер, өзiң дегенде, Жүремiн әр кез елеңдеп. Бiр сезiм билеп алады-ау! Жүрегiм дүрсiл қағады-ау!» деп қайырғанда өзім де ғарышқа самғағандай әсерлендім...

Ән аяқталғанда сілтідей тын­ған Жер мен Ғарыш арасы тұтасып, қатты қол соғылды», деп еске алады әнші. Алдында «біз Қазақстаннан өтіп кетеміз, тезірек сөйлесейік» деп тыпыршып отырған А.Викторенконың да аузы ашылып, аңырып қалады. Ән аяқталғанда ғана ол есін жиып, «туған жердің тынысын сезіндім, сізге көп рахмет» деп әншіге алғыс айтыпты. Ол біздің Шал ақын ауданындағы қазақ тұрғындары көп тұратын Сухорабовка деген ауылда туған. Сондықтан қазақ әндері құлағына жастайынан сіңген...

«Өнерде шекара жоқ» дегенді көп айтсақ та, біз оның терең мәніне бойлай бермейміз. Шетелдік керемет әншілердің сөзін түсінбесек те әніне елтіп, қазақша ән айтсаң бәрібір түсінбейді деп көбіне орысша салатын әншілер де бар. Ал нағыз өнер, ән төресі қай тілде айтылғанда да жүректерге қалтқысыз жетеді. Оны қазір бүкіл әлемді қазақ әніне табын­­дырып жүрген Димаш Құдайберген дәлелдеп жүр. Сол сияқты Кәмила Әлібаева да бір кезде қазақ әнін ғарышқа самғатып, бүкіл әлемді, соның ішінде құлағы делдиіп отыратын НАСА-ны да таңғалдырған.

ПЕТРОПАВЛ 

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see147

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see144

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see142

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see141

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see137

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see137

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see137

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see136

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see135

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see135

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see134

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see134

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see134

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see132

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары