Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қарағандылық слесарь әріптестерін әнімен жадыратып жүр

Қарағандылық слесарь әріптестерін әнімен жадыратып жүр

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қарағандылық слесарь әуезді әнімен әріптестеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жүр. Газ желісінің қауіпсіздігін қадағалайтын өнерлі жігіт Диас Бөген ұжымды осылайша рухтандырады. Ерекше дауыс иесі көптеген әнді домбырамен нақышына келтіріп шырқайды. Музыкалық білімі болмаса да, өнерін өз еркімен шыңдап жүр. Осы уақытқа дейін бірнеше мәрте республикалық, облыстық ән байқауларының жеңімпазы атанды.

Жұмыс арасында әріптестері Диасқа жиі қолқа салады. Көпшілік өтініп тұрған соң ол домбырасын қолға алып ән де шырқайды, күй де шертіп береді. Өнерлі жігіт ұжымға үнемі көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, айналасын думанға бөлеп жүреді. 

Ермахан Хазиров, әріптесі:

-Диас бізде жас маман. Өзінің жұмысына өте ұста, берілген тапсырманы тиянақты орындайды. Мейрамдарда, туған күндерде осы жігіт біздің көңілімізді көтереді, әні де тамаша. Өзіміз де қызығамыз сол сияқты жас болсақ екен, әнші болсақ екен деп. Енді өте өнерлі жігіт.

Диас Бөген 4-дәрежелі слесерь. Газ жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін қадағалайды. Көгілдір отынның тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға үздіксіз келіп тұруына жауапты. Ақау шықса тәуліктің кез-келген уақытында жұмысқа барады.

Диас Бөген, слесарь:

- Келгенде иіс сезіледі. Сол кезде ашып қараймыз. Қай жерде ақау болады соны анықтап, қалпына келтіреміз. Газ монометрларын тексердім, газдың қысымын, счетчикті қарадым. Барлығы жақсы жағдайда болса, журналды толтырып тапсырып кете береміз.

Қарағандыда мұндай 62 газ бөлу пункті бар. Олар Диас сынды білікті мамандардың арқасында қалыпты жұмыс істеп тұр. Қарағанды экономика университетінің түлегі бір жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Кейін өз қалауымен техникалық колледжге түсіп, нәсібін жұмысшы мамандықтан тапқан. «Кез келген жұмысты көтеріңкі көңіл-күймен, көппен бірлесіп істесең жеңіл, әрі қызықты болады», - дейді ол. Қолы қалт етсе домбырасын алып, жаңа әндерді үйренуге тырысады. Әншілік оған анасынан дарыған.

Диас Бөген, слесарь:

- Өзімнің отбасым музыкалық отбасы деп айтуға болады. Анам Алматыда консерваторияны бітірген. Домбыра тартқанда, ән айтқанда, жалпы домбыраны білесіз ғой ұлттық аспап болғаннан кейін қазақтың ішкі жандүниесі, рухын білдіреді. Мен өзі ауылдың баласы болғандықтан сезінгенде көз алдыма табиғат, жылқылар елейтейді.

Диас - ерекше дауыс иесі. Музыкалық білімі болмаса да, өнерге деген құштарлығы оны үнемі жаңа ізденіске жетелейді. Республикалық, облыстық ән байқауларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Әнші слесарь алдағы уақытта ұжымның қолдауымен жеке шығармашылық концертін өткізуді жоспарлап отыр. 

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Аман Хамит

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қараша 2025 10:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары