Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Жиын терін маусымының жетістігі мол

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Кимешекке көмкерілген тарих

GREEN ARAL 2026: Қызылордада халықаралық волонтерлер апталығы басталды

GREEN ARAL 2026: Қызылордада халықаралық волонтерлер апталығы басталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қызылордада Арал өңірінің табиғатын сақтауға және экожүйесін қорғауға бағытталған «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығының ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ жариялаған Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылына орай ұйымдастырылды.

Жиынның ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Вера Ким мен Жанар Бимұратқызы, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Наурызбай Байқадамов, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен келген 100 волонтер және облыстағы 500-ден астам белсенді студенттер мен ерікті жастар қатысты.

Сондай-ақ аймақтағы волонтерлік қозғалыстың өркендеуіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Шара аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова сөз сөйлеп, волонтерлер бастамаларын қолдаудың маңызын атап өтті.

Ал «Ұлттық волонтерлік желі» төрағасы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Вера Ким Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошановтың арнайы құттықтау хатын оқып берді.

Мұнан кейін KZO CAMP: ONE COMMUNITY республикалық волонтерлер слетіне қатысушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Президент саябағында тал егу тал егу шарасына қатысты.

«GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығының ашылу салтанатынан кейін ұйымдастырылған экологиялық шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында өтті.

Бастаманың негізгі мақсаты – табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастырып, әрбір азаматтың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Игі бастамаға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Вера Ким мен Жанар Бимұратқызы, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен келген 100 волонтер қатысты.

Акция аясында қатысушылар Президент саябағына тал көшеттерін отырғызып, қаланы көгалдандыруға және оның жасыл желегін молайтуға үлес қосты.

Іс-шара табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға, волонтерлерді ортақ игі іске жұмылдыруға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Экологиялық акциядан кейін слетке қатысушылар Қызылорда қаласының көрікті орындарын аралады.

Атап айтқанда, волонтерлер Ботаникалық бақта болып, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозицияларымен танысты және «Қайсар Арена» стадионын тамашалады.

Танымдық экскурсия қатысушыларға Сыр өңірінің табиғи және мәдени мұрасымен танысып, қаланың сәулеттік келбеті мен заманауи инфрақұрылымын көруге мүмкіндік берді.

20 қазан күні халықаралық волонтерлер апталығына қатысушылар Арал ауданына аттанады. Жолай Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешеніне зиярат етіп, рухани мұраға тағзым жасайды. Бұдан кейін Қамыстыбас ауылдық округінде «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

21 қазанда экология және волонтерлік қызмет бағыттарын қамтитын екі бөлімнен тұратын секциялық жұмыстар ұйымдастырылады. Кездесу барысында тәжірибе алмасып, ортақ бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланады. Бағдарлама аясында Қамбаш тынығу лагерінің аумағына тал көшеттері отырғызылады.

22 қазанда Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл егу жұмыстары жүргізіледі. Экологиялық акция теңіз табанын көгалдандыруға, табиғи ортаны қалпына келтіруге және қоршаған ортаны қорғау ісіне қоғамдық қолдау көрсетуге бағытталған.

23 қазанда қатысушылар Шижаға ауылдық округінің тыныс-тіршілігімен танысу көзделген. Арал қаласында аудандық балықшылар музейіне, Ә.Нұрпейісов атындағы әдебиет үйіне және «Руханият орталығына» экскурсиялар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар балық өнімдері, қолөнер бұйымдары мен жергілікті кәсіпкерлердің жәрмеңкесі өтеді. Халықаралық волонтерлер апталығының қорытынды жиыны «Руханият орталығында» ұйымдастырылып, салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Ауқымды бастама экологиялық жауапкершілікті арттыруға, волонтерлік қозғалысты дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Табиғатты қорғауға жұмылған ортақ күш Арал өңірінің экологиялық болашағына үлес қосып, игі істердің маңызын айқындай түседі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 17:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see137

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see132

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see132

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see131

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see131

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see128

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see128

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see127

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see126

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see124

Жиын терін маусымының жетістігі мол

20 Қазан 2026 06:15see123

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 22:42see119

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

19 Қазан 2026 19:44see116

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

19 Қазан 2026 21:47see116

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

20 Қазан 2026 05:05see113

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 21:23see110

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

20 Қазан 2026 17:30see109

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

20 Қазан 2026 17:38see109

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

20 Қазан 2026 17:30see109

Кимешекке көмкерілген тарих

20 Қазан 2026 07:00see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары