Грузиядан көлік алғысы келген ер адамды ауылдасы алдап кетті
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны Грузиядан көлік аламын деп жинаған 3,1 миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.
2024 жылдың қазан айында жәбірленушінің ауылдасы Грузиядан Toyota Highlander көлігін сатып алуға көмектесемін деп 3,1 миллион теңге алған. Алайда уәде етілген көлік ешқашан сатып алынбаған және ақша иесіне қайтарылмаған.
"Жәбірленушінің өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Полиция азаматтарды бейтаныс адамдарға немесе тіпті таныс адамдарға көп ақшаны құжатсыз ресімделген мәміле арқылы бермеуге шақырды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 08:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















