Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Халықтың жартысынан көбі ет сатып алуды азайтты

Халықтың жартысынан көбі ет сатып алуды азайтты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

2025 жылғы 11–22 қыркүйек аралығында MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы ел азаматтары арасында «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін бағалау» тақырыбында сауалнама жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

DEMOSCOPE зерттеуі қоғамның көңіл-күйі алаң екенін көрсетіп отыр. Жалпы азаматтардың 74,7%-ы кейінгі алты айда азық-түліктің бағасы өскеніне алаңдаулы. Оның ішінде 51,1%-ы қатты алаңдайтынын айтса, 23,6%-ы алаңдаймын деп отыр. Респонденттердің 16,5%-ы аса алаңдамайтынын айтса, 6,9%-ы ғана бағаның өсуіне еш алаңдамайтынын білдірген. 

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, ел азаматтарының алаңдауы негізсіз емес: бір жыл ішінде азық-түлік өнімдері 11,7% қымбаттаған, ал Қазақстанда үй шаруашылығына жұмсалатын шығынның жартысынан көбі (50,6%) азық-түліктің үлесінде. 

Applied Economics Research Centre (AERC) болжамына сүйенсек, 2025 жылы Қазақстандағы инфляция 12,7%-ға жетуі мүмкін. Бағаның қымбаттауына әлемдік нарықта азық-түліктің қымбаттауы, теңгенің әлсіреуі мен ақша массасының артуы, сонымен бірге халықтың инфляцияны есепке алуы ықпал етіп отыр.

Тұтыну тұрғысында қазақстандықтардың үнемдеуге көшуге мәжбүр болуы мейлінше қауіпті көрсеткіштің бірі. Сауалнама қорытындысына сүйенсек, респонденттердің 62%-ы бағаның қымбаттауына орай ет сатып алуды сиреткен. Басқа жағынан да үнемдеу байқалады, мысалы: жеміс-жидек пен көкөніс (24,5%), балық (20,5%), сүт өнімдері (16,9%), нан және ұн өнімдері (12,1%), шұжық (11,2%), тәттілер мен сусындар (10,9%). Дегенмен, респонденттердің 24,1%-ы әлі де тамақтан үнемдеуге көшпеген және азық-түлікті бұрынғыдай алып жүр. (Бұл сұрақта үш жауап нұсқасына дейін таңдауға мүмкіндік берілді).

Әйтсе де, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің (әрі қарай – министрлік) ресми жауабына сүйенсек, сырттан әкелінетін көкөніс күрт артқан. 2025 жылдың жеті айында Қазақстанға 98 млн АҚШ долларының өнімі әкелінген, бұл былтырғы көрсеткіштен 85,6%-ға артық (52,8 млн АҚШ доллары). Министрлік Қазақстанның негізгі қажет тауарлар бойынша импортқа тәуелді екенін айтып отыр. Бұл тізімде сарымсақ, қырыққабат, сәбіз, қара бидай сияқты төтенше жағдай кезінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті өнімдер бар. 

Бұған қоса, отандық ет және ет өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында 2025 жылдың сәуір айынан бастап елге ірі қара мал әкелуге уақытша тыйым қойылған. Тыйым мерзімі биылғы жылдың 10 қазанына дейін созылады. Министрлік ірі қараның етін әкелуге уақытша тыйым салу жөнінде шешім қабылдауға ірі қараны сыртқа әкетудің артуы мен ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да сиыр етінің бағасы күрт өсуі себеп болғанын айтып отыр. 

Бір қызығы, осыған қарамастан, қазақстандықтар тамақтың сапасы, қолжетімді болуы және бағасы тұрғысынан азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай оң бағалайды. Сауалнама барысында респонденттер азық-түлік қауіпсіздігін 5 балдық шкаламен бағалады, мұндағы 5 – өте жоғары, 1 – өте төмен. Нәтижесінде жалпы азаматтардың 45,1%-ы азық-түлік жүйесінің орнықтылығын жоғары бағалады: 25%-ы өте жоғары десе, 20,1%-ы жоғары деуге болады деп жауап берген. Дегенмен, сауалнамаға жауап бергендердің бестен бірі (20%) азық-түлік қауіпсіздігін өте төмен деп бағаласа, 9%-ы төмен деуге болады деп отыр. Қалған 34%-ы азық-түлік қауіпсіздігі орташа деп санайды. 

Азық-түлік қауіпсіздігін бағалау барысында респонденттерге алдағы бес жылда Қазақстанның ішкі нарықты өз өнімдерімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы да сұрақ қойылды. DEMOSCOPE сауалнамасына сүйенсек, азаматтардың көпшілігі (64,3%) ондай мүмкіндік бар екеніне сенеді: 27,7%-ы Қазақстан ішкі нарықты толықтай өз өнімімен қамтамасыз етуге қауқарлы десе, тағы 36,6%-ы қауқарлы шығар дейді. Әйтсе де, респонденттердің 28,4%-ы күмәнмен қарап отыр: 11,7%-ы олай болуы мүмкін емес десе, 16,7%-ы олай болуы мүмкін екеніне онша сенбейді. 

Елдің ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге дайын екенін білдіретін көрсеткіш қазақстандық өндірушілердің баға бәсекесіне төтеп бере алуы екені белгілі. Сауалнама қорытындысына сүйенсек, азаматтардың жартысынан астамы (53,7%) қазір отандық өнім сырттан келетін тауардан қымбат екенін айтады: 38%-ы баға айтарлықтай қымбат десе, 15,7%-ы жай ғана қымбат деп бағалаған. 19,1%-ы отандық және шетелдік азық-түліктің бағасы бірдей десе, 12,9%-ы отандық өнімдер арзан деп есептейді. Қалған 14,3% жауап беруге қиналған. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2025 14:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see144

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see143

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see141

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see140

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see139

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see136

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see136

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see135

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see129

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see129

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see129

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see127

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see125

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see122

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see120

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see117

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see117

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see117

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары