Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Жемісті жеті жыл

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Индонезия Газа секторына 8 мыңға дейін әскери қызметкер жіберуі мүмкін

Индонезия Газа секторына 8 мыңға дейін әскери қызметкер жіберуі мүмкін

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Antaranews агенттігінің мәліметінше, Индонезия АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбіт бастамасы аясында көзделген Халықаралық тұрақтандыру күштері құрамына 5 мыңнан 8 мыңға дейін әскери қызметкер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Бұл туралы Индонезия армиясы штабының бастығы Марули Симанджунтак Джакартада ел президенті Прабово Субиантомен өткен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңестен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды The Times of Israel. Оның айтуынша, саны 8 мыңға дейін жететін бір бригада алдын ала даярлықтан өтіп жатыр. Индонезиялық бөлімшелер инженерлік және медициналық міндеттерді атқаруы ықтимал. Сонымен қатар миссияның нақты параметрлері, оның ішінде орналасу аймағы мен жіберу мерзімі әлі келіссөздер барысында нақтыланады.

Индонезия үкіметінің мемлекеттік хатшысы Прасетьо Хади сәрсенбі күні үкімет Газа секторындағы бітімгерлік миссияларға мыңдаған әскери қызметкерді жіберу жоспарын әзірлеуді аяқтап жатқанын растады.

Tempo басылымының хабарлауынша, Индонезия Ұлттық қарулы күштерінің қолбасшысы генерал Тандьо Буди Ревита бітімгерлік күштер тек қақтығыс аймақтарында жұмыс істеу тәжірибесі бар бөлімшелерден жасақталатынын атап өтті.

– Бізде тәжірибе бар. БҰҰ-ның Ливандағы бітімгерлік миссиясы құрамында қызмет еткен әскери қызметкерлеріміз бар, – деді ол. – Біз дәл сол тәжірибелі құрамды жібереміз. Қақтығыс аймақтарында жұмыс істемеген бөлімшелер болмайды.

Бұған дейін Израильдің Kan телерадиокомпаниясы алдағы апталарда бірнеше мың индонезиялық әскери қызметкердің Газа секторына келуі мүмкін екенін хабарлаған. Ақпаратқа сәйкес, олар анклав аумағындағы ХТК-ның алғашқы қатысушылары болуы мүмкін. Сондай-ақ күштердің Рафахтың оңтүстік-шығыс бөлігіне орналастырылатыны айтылған. Алайда Индонезия Қорғаныс министрлігі нақты дислокация аудандары жөніндегі мәліметті жоққа шығарып, операция әлі жан-жақты келісілмегенін мәлімдеді.

Индонезия тарапының бағалауынша, көпұлтты контингенттің жалпы саны шамамен 20 мың әскери қызметкерге жетуі мүмкін. Сонымен бірге президенттің ресми өкілі нақты сан мен қатысу шарттары халықаралық мандат келісілгеннен кейін ғана айқындалатынын айтты.

Халықаралық тұрақтандыру күштерін құру 2025 жылғы қазанда қабылданған Газа секторындағы жағдайды реттеу жоспарының алғашқы кезеңінде қарастырылған. Жоспарға сәйкес, тұрақтандыру күштері анклавтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, Израиль Қорғаныс армиясының қатысуын кезең-кезеңімен қысқартуға мүмкіндік беруі тиіс.

Сонымен қатар ХАМАС-ты қарусыздандыру мәселесі де қарастырылғанымен, топ әзірге бұл шарттарды орындауға дайын екенін көрсетпей отыр. Бұл халықаралық контингентті қалыптастыру үдерісін күрделендіріп отыр.

Индонезия президенті 19 ақпанда өтетін Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға шақырылған. Алайда сапарға қатысты түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Джакарта билігі ел ықтимал қатысуға дайындалып жатқанын, бірақ соңғы шешім миссия мандаты мен параметрлері нақтыланғаннан кейін қабылданатынын атап өтті.

Индонезия Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойған 19 мемлекеттің бірі болды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесін құру бастамасына қатысты пікір білдірген еді.

Сондай-ақ Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне 1 млрд доллар жарнасыз қосылғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Ақпан 2026 20:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see148

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see147

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see147

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see146

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see145

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see142

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see141

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see141

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see140

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see140

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see140

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see139

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see138

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see137

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see137

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see135
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары