Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Тарихи негізі берік татулық

Қолын сындырған, басын жарған : 10 жастағы шабандоз жарыстарға қалай дайындалады

Тоқаев Қытайдың бірқатар компания жетекшілерін қабылдады

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді

Шымкентте есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асаба ұсталды

Инфляцияны қалай алдауға болады: Қаржыгерлер ақша үнемдеудің жолдарын айтты

Инфляцияны қалай алдауға болады: Қаржыгерлер ақша үнемдеудің жолдарын айтты

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

"Жеке инфляцияны" қалай төмендетуге болады?

Қазақстанда бағаның жылдық өсімі 2026 жылдың шілде айында 10,2%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың маусым айында 10,3% болған. Дегенмен әр отбасының шығыны ресми көрсеткіштен жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Мұны қаржы кеңесшісі Тұрар Әбди мемлекеттік және жеке тұтыну себеттерінің айырмашылығымен түсіндіріп берді.

Ұлттық статистика бюросы ай сайын 508 тауар мен қызметтің бағасын бақылайды. Бұл ретте әр позицияның жалпы есептеуде өзіндік салмағы бар екендігін айта кеткен жөн.

Ресми инфляция – бұл "ауруханадағы жағдай" сияқты. Ол Алматыдағы кәсіпкердің де, Ақтөбедегі зейнеткердің де, ауылдағы фермердің де шығындарын біріктіреді, – деп түсіндіреді сарапшы.

Мәселен, шілдеде азық-түлік бағасы бір жылда орта есеппен 10,1%-ға, алкогольсіз сусындар 13,6%-ға қымбаттады. Бензин бағасы 15,3%-ға өсті. Ақылы қызметтердің ішінде тұрғын үйді жалға алу құны 14,6%-ға артты. Сонымен қатар көкөністер 10,2%-ға, жемістер мен жидектер 0,8%-ға арзандады.

"Егер сіз жаңа көлік сатып алмасаңыз, жөндеу жұмыстарын жүргізбесеңіз, маусымдық көкөністер мен жемістерді тұтынып, өз пәтеріңізде тұрсаңыз, жеке инфляцияңыз ресми 10,2%-ға жақын болуы әбден мүмкін", – дейді Тұрар Әбди.

Ал пәтер жалдайтын, көлігі бар және азық-түлікке көп ақша жұмсайтын адамның жағдайы өзгеше. Егер сіз пәтер жалдасаңыз (+14,6%), етті жиі сатып алсаңыз (+15,8%), көлікті бензинмен толтырсаңыз (+15,3%), киім-кешекті жаңартсаңыз (+11,1%) және балаларыңызды түрлі үйірмелерге апарсаңыз, жеке инфляцияңыз жылына 18-25%-ға дейін жетуі мүмкін.

Сондықтан отбасылық бюджет жалпы инфляциядан , ең жылдам қымбаттап жатқан нақты шығындардан қорғау керек.

Баға қымбаттамай тұрып, қажет дүниге қазір төлеп қою

Ал инвестициялық компанияның аға маманы Ерғазы Таубаевтың айтуынша, ең қарапайым тәсіл – адам бәрібір пайдаланатын қызметтерді алдын ала сатып алып қою.

Мәселен, спортзалға жылдық абонемент, оқу курстары, медициналық бағдарлама немесе автокөлікке қызмет көрсету сияқты қызметтердің ақысын алдын ала төлеп, олардың бағасын бекітіп қоюға болады. Себебі жыл ішінде тариф өссе де, алдын ала төленген қызмет бұрынғы бағамен көрсетіледі.

"Шын мәнінде, бүгінгі ақша болашақтағы қызметтің ақысын қазіргі тарифпен төлейді", – дейді Ерғазы Таубаев.

Алайда сарапшы алдын ала төлем тек шынымен қажет шығындарға қатысты болған жағдайда ғана тиімді екенін ескертеді. Пайдаланылмай қалған абонемент жеңілдік қанша үлкен болса да, бәрібір артық шығын болып қалады.

Бөліп төлеу: тауарды қазір алып, кейін төлеу

Белгілі бір жағдайларда қажетті тауарды пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алу оның құнын бірден толық төлеуден тиімді болуы мүмкін.

Мысалы, техника 600 мың теңге тұрады делік. Егер оны 12 айға пайызсыз бөліп төлеуге алсаңыз, сатып алушы бірден 600 мың теңге төлемей, ай сайын 50 мың теңгеден төлейді.

Тауар қазірдің өзінде қолыңызда болады, ал ақшаның едәуір бөлігі бірнеше ай бойы өзіңізде қалады. Егер бос қаражат осы уақытта табыс әкелсе, мысалы депозитте тұрса, сатып алу құнының бір бөлігін сол табыспен өтеуге болады.

"Бұл жүйе әсіресе акция кезінде тиімді жұмыс істейді. Кейде тауарды 1,5 немесе тіпті 2 жылға бөліп төлеуге болады", – дейді Ерғазы Таубаев.

Дегенмен "0%" деген жазудың өзі ештеңеге кепілдік бермейді. Тауардың толық төлегендегі және бөліп төлеу кезіндегі бағасын салыстыру, комиссияларды, сақтандыруды және басқа да міндетті төлемдерді тексеру қажет.

Ақша әрдайым айналымда болу керек

Айталық, сізге қымбат әрі қажетті зат ұнап, оны сатып алу үшін ірі соманы жинап жүрсіз. Бірақ ақшаның бірнеше апта немесе ай бойы ешқандай табыс әкелмей жай ғана жатуына жол бермеген дұрыс.

Мұндай жинақ үшін ақшаны кез келген уақытта шешіп алуға болатын жинақ шоттары мен қысқа мерзімді депозиттерді пайдалануға болады. Себебі мұндай жинақтарда қаражат қолжетімді әрі сатып алуға дейін белгілі бір табыс әкеледі.

Тұрар Әбди кірісті тек ресми инфляция көрсеткішімен емес, өз шығындарыңыздың өзгеруімен де салыстыру керектігін алға тартады:

"Егер сіздің жеке инфляцияңыз 15%, ал депозитіңіздің кірісі 14% болса, онда сатып алу қабілетіңізді біртіндеп жоғалтып жатырсыз", – дейді Тұрар Әбди.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы жинақ салымдарының тиімді сыйақы мөлшерлемесі 18-20% шамасында. Жақын арада қажет болмайтын қаражат үшін мұндай кіріс шығындардың өсуін өтеуге мүмкіндік береді.

Ал ұзақ мерзімді инвестициялар үшін корпоративтік облигациялар, акциялар және ETF құралдары қолжетімді. Бірақ мұндай жағдайда табсыпен бірге нарықтық тәуекел де пайда болады. Сондықтан жақын арада жұмсалатын ақша мен ұзақ мерзімді инвестицияларға арналған қаражатты араластырмаған жөн.

Бәрібір төлеу керек болса, ертерек төлеген тиімді

Кейбір шығындардан бас тарту мүмкін емес, тек олардың уақытын өзгертуге болады. Мысалы, көлікке техникалық қызмет көрсету, тісті емдету, қажетті жөндеу жұмыстары, ескірген техниканы ауыстыру және тағы басқалар.

Егер мұндай қызметтің немесе тауардың бағасы басқа шығындарға қарағанда жылдам өсіп жатса, оларды тұтынатын уақытты күтіп жүру – оларды қымбат бағаға сатып алуға әкеп соқтырады.

"Алдағы 6-12 айдағы шығындарды бас тартуға болатын және бәрібір жұмсалатын шығындарға бөлуді ұсынамын. Екінші топтағы шығындарды көп жағдайда алдын ала өтеген тиімді", – дейді Ерғазы Таубаев.

Алтын сатып алғанда абай болған жөн

Жинақты сақтау кезінде активтің қымбаттауы ғана емес, оны сатып алу мен сату кезіндегі шығындар да маңызды.

Мысалы, алтынға инвестиция жасауды жоспарлаған адам инвестициялық монеталар мен салықтық жеңілдіктері бар алтын құймаларын қарастыра алады.

Бірақ мәміле жасамас бұрын сатушы ұсынған бағаны нарықтағы бағамен салыстырған дұрыс. Сондай-ақ алтынды кейін сату бағасын да алдын ала біліп алған жөн.

Егер сатып алу бағасы тым жоғары, ал сату бағасы айтарлықтай төмен болса, салық немесе басқа жеңілдіктерден түскен үнемнің өзі осы айырмашылықтан жоғалуы мүмкін.

Шетелде бұл үрдіс қалай жүзеге асады?

Шетелдік БАҚ-та да ақшаны үнемдеп, шығынды азайтуға көмектесетін түрлі кеңестер бар.

Мәселен, немістің Tagesschau газеті үнемдеуді автокөліктен бастауды ұсынады. Көліктің жүксалғышында қажетсіз жатқан заттарды алып тастасаңыз, машина жеңілдеп, жанармайды аз жұмсайды.

Ал америкалық MarketWatch барлық шығынды бірдей қысқартудың орнына, адамның ақша төлеуге шынымен дайын дүниелерін анықтауды ұсынады.

Мысалы, отбасы жыл сайын теңізге шығудан бас тартқысы келмесе, демалыс шығынын қысқартудың қажеті жоқ. Оның орнына күн сайын сатып алатын кофеден, сирек пайдаланатын екі-үш жазылымнан, тамақ жеткізу қызметінен және маркетплейстердегі ойда жоқта жасайтын сатып алулардан бас тартуға болады.

Егер бұл шығындар демалыстан алатын қуаныштан аз болса, оларды қысқарту арқылы жалпы бюджетті көбейтпей-ақ маңызды дүниелерді сақтап қалуға болады.

Ал Zakon.kz редакциясының кеңесі – жинақ сақтаған кезде актив құнының өзгеруіне ғана емес, оны сатып алу және сату шығындарына да мән берген жөн.

Капиталды сақтап, көбейтудің бір жолы – жеке бюджетіңізді бақылауға алып, қаражатты сауатты инвестициялау. Бағаның өсуін толықтай айналып өту мүмкін емес. Бірақ инфляцияның әсерін өз пайдаңызға жаратуға болады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Тамыз 2026 10:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see139

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see130

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see128

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see126

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see123

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see123

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see123

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see123

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 Қыркүйек 2026 22:07see122

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see122

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see121

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see120

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see120

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see118

Тарихи негізі берік татулық

26 Қыркүйек 2026 05:24see115

Қолын сындырған, басын жарған : 10 жастағы шабандоз жарыстарға қалай дайындалады

24 Қыркүйек 2026 22:23see113

Тоқаев Қытайдың бірқатар компания жетекшілерін қабылдады

25 Қыркүйек 2026 17:25see113

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

25 Қыркүйек 2026 08:17see113

Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді

25 Қыркүйек 2026 22:07see111

Шымкентте есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асаба ұсталды

26 Қыркүйек 2026 11:12see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары