Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Инклюзия: Павлодардағы түзету кабинеттеріне 150 бала кезекте тұр

Инклюзия: Павлодардағы түзету кабинеттеріне 150 бала кезекте тұр

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Облыста ерекше білім беруді қажет ететін 8,5 мыңнан астам бала бар. Бұл жай ғана статистика емес, бұл — 8,5 мың тағдыр, 8,5 мың отбасының үміті. Оның ішінде 1800-ден аса бала мектепке дейінгі ұйымдарда, 900-ден астам бала арнайы мектеп-интернаттарда, 3700-ден астам бала жалпы білім беру мектептерінде, 150-ден астамы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қамтылған. Сонымен қатар, аутизм орталығында 40-тан аса жасөспірім, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 300-дей жеткіншек қолдау қызметтерімен қамтылған.

Өңірдегі 35 арнайы білім беру ұйымы мен мектептер жанынан ашылған 21 инклюзияны қолдау кабинеті құптарлық дүние. Дейтұрғанмен бұл ұйымдар мен кабинеттердің негізгі бөлігі Павлодар, Екібастұз, Ақсу сияқты ірі қалаларда ғана шоғырланған. Ауылдық жерлердегі ерекше балалардың жайы қалай болмақшы? Ауылдағы ата-ана баласын қалаға тасымалдауға қауқарсыз болса, жеткіншектің қоғамнан оқшауланып қалу қаупі жоғары. 

Ең үлкен кедергілердің бірі — кезек мәселесі

Өңірлік білім беру басқармасы басшысының орынбасары Алма Айтуарованың дерегінше, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне әлі күнге 150-ге жуық бала кезекте тұр. Оның үстіне логопед, дефектолог, олигофренопедагогтер мен педагог-ассистенттердің жетіспеушілігі қалыптасқан. 

Фото: Павлодар облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

— Кейбір түзету қызметтеріне сұраныстың жоғары болуына байланысты кезек қалыптасуы мүмкін. Кезектің қалыптасуы көбіне психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курстарының ұзақтығына байланысты болып отыр. Әдетте мұндай курстардың ұзақтығы 90 күннен 365 күнге дейін созылатындықтан, жаңадан балаларды қабылдау белгілі бір уақытты талап етеді. Ал жалпы облыста 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация жұмыс істейді. Ата-аналар соларға жүгініп, баланың даму ерекшеліктеріне қатысты кешенді бағалау мен ұсынымдар ала алады. Комиссия баланың қандай білім беру жағдайында оқуы қажет екендігін анықтап, тиісті қорытынды береді, — дейді басқарма өкілі.

Мәселенің төркіні кадрлардың жетіспеушілігінде емес, оларды ұстап тұратын ынталандыру жүйесінің аздығында жатқан сияқты. Педагог-ассистенттің жалақысы 120 мың теңгеден басталатынын ескерсек, бұл саладағы кадр жетіспеушілігіне таңғалудың қажеті жоқ. Ерекше баламен күні бойы жұмыс істеу, оның әрбір мінезі мен қажеттілігіне бейімделу — орасан зор психологиялық жүктеме.

Оның үстіне материалдық-техникалық базаның ескіргені де жасырын емес. Қазіргі заманғы технологиялар, сенсорлық бөлмелер мен арнайы құрал-жабдықтар тек санаулы ғана орталықтарда бар. Инклюзиялық білім — бұл баланы мектепке әкеліп, оны сыныптың бір бұрышына отырғызып қою емес. Ол — баланың өзін жайлы сезінуі, сабаққа толыққанды қатысуы және өзгелермен тең қарым-қатынас жасауы. Бұл үшін тек қана маман емес, соған лайықталған орта керек.

Бұған дейін елімізде инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда қандай кедергілер бар екенін жазғанбыз. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 11:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see202

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see182

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see176

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see167

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see165

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see153

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see153

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see152

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see148

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see141

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see138

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see137

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see132

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see125

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see120

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see119

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see117

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see113

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары