Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Инклюзия мен ашықтық бас­ты назарда

Инклюзия мен ашықтық бас­ты назарда

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Отырысты ашқан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров алдымен саяси пар­тиялар тиісті құжаттарды ұсы­нғанын хабарлады. Кейін ол Құрыл­тай депутаттары сайлауын өткі­зу кезінде заңнамада гендерлік және әлеу­меттік квотаның міндетті түрде сақталуы қарастырылғанын айтты.

– Құрылтай депутаттарының сайлауына 145 депутаттық мандат үшін бақ сынайтын жеті саяси партия қатысады. Партиялық тізімдерді қалыптастыру кезінде әйелдер, жас­тар және мүгедектігі бар адамдар үшін заңнамада бел­гіленген 30 пайыздық квота сақталды. Бұл квота сайлау қоры­тын­дысы бойынша саяси партиялар алған депутаттық мандаттарды бөлу кезінде де сақталуға тиіс. Кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі мәселелерін, сондай-ақ әрбір партиялық тізімді тіркеуді Орталық сайлау комиссия­сы алдағы отырыстарда жеке-жеке қарайтын болады, – деді төраға.

ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов баян­дама жасап, әр партиядан ұсы­­нылған үміткерлер санына тоқ­тал­ды.

– «Ақ жол» демократиялық пар­тиясы» қоғамдық бірлестігі – 63, «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі – 69, «Әділет» сая­си партиясы» қоғамдық бірлестігі – 186, «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі – 47, «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бір­лестігі – 72, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» респуб­ли­калық қоғамдық бірлестігі – 33, «Respublica» партиясы» қоғам­дық бірлестігі – 76 кандидат ұсын­ды. Саяси партиялар ұсынған пар­тиялық тізімдерді тіркеу 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-де аяқ­та­лады, – деді Ш.Өтемісов.

Әрі қарай отырыста алдағы сайлауда мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге қатысты мәселе қаралды. Комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік мүгедектігі бар сайлаушылардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақ­са­тында дауыс беруге арналған үй-жайларды толыққанды жабдық­тау­дың маңыздылығын атап өтті.

– Орталық сайлау комиссиясы мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. 2021 жылдан бастап Орталық сайлау комиссиясы отырыстарының тікелей көрсетілімдері, сондай-ақ барлық ақпараттық бейнематериал ымдау тіліне аударумен сүйемелденеді. 2022 жылдан бері дауыс беру бюл­летеньдеріне арналған Брайль қарпімен трафареттер дайындалады. Барлық сайлау учаскесінде да­уыс беру бюллетенін толтыру тәртібі бо­йынша аудионұсқаулықтар болады. Өткен жылдан бастап «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциа­циясы» қоғамдық бірлестігі және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен барлық сайлау комиссиясының мүше­ле­ріне арналған мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен қажет­тіліктері жөніндегі бейнеоқыту курсы әзірленіп, қолданылуда. Жер­гілікті атқарушы органдар инва­таксимен қамтамасыз етеді, – дей келе ол жергілікті атқарушы орган­дар­ға сайлау инфра­құры­лы­мының қолжетімділігін тексеру жұмысына мүгедектігі бар азаматтардың қо­ғам­­дық бірлестіктерінің өкіл­де­рін белсенді түрде тартуды ұсынды.

Сондай-ақ ОСК төрағасы Н.Әбдіров саяси партияларды үгіттік іс-шаралар мен материал­дар­­ды әзірлеу кезінде көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұ­­зыл­ған мүгедектігі бар адам­дар­­­дың құқықтарын ескеруге шақыр­ды.

– Конституциялық сайлау құқық­тарының іске асырылуы сайлау процесінің барлық кезеңінде, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін де қамтамасыз етілуге тиіс. Саяси партияларды осы талаптарды ескеруге шақырамын. Бұл сай­лаушылармен кездесулер өткізілетін орындарға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жария іс-шараларды сурдоаудармамен сүйемелдеуге, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға партиялардың сайлау алдындағы бағдарламаларымен толық таны­­су­ға мүмкіндік беретін қол­­­же­тімді форматтағы үгіт материалдарын пайдалануға қатысты. Барлығымыз мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәсе­ле­лерін шешуге жан-жақты қол­дау көрсетеміз деп сенемін, – деп үндеу жасады Н.Әбдіров.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман сайлауға халықаралық бай­қау инс­титутын ашу туралы шешім қабылданғанын айтып, Сырт­қы істер министрлігі мен ОСК бірқатар мемлекет пен халық­ара­лық ұйымдарға тиісті шақыру­лар жол­дағанын жеткізді. Әзірге 60 бай­қаушы аккредиттелген.

– Бүгінде Орталық сайлау комиссиясына аккредиттеу үшін 3 халықаралық ұйым мен 4 шет мемлекеттің 60 байқаушысының кандидатурасы ұсынылды. Атап айтқанда, ТМД байқаушылар миссиясынан – 4, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан – 19, ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушылар миссиясынан – 32 байқаушы, сондай-ақ Мальдив Республикасы тарапынан 2 кандидатура, оның ішінде осы елдің Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары бар. Бұдан бөлек, Астанада аккредиттелген дипломатиялық корпустың дуайені саналатын Палестинаның Қазақстандағы Елшісі, Венесуэ­ла­ның Қазақстандағы Елшісі және Венгрияның Қазақстандағы уақыт­ша сенімді өкілі де аккредит­телді. Аккредиттеуге қатысты ұсыныстар келіп түсуіне қарай байқаушылар туралы мәліметтер жаңартылып отырады, – деді М.Ерман.

Отырыс қорытындысында ОСК мүшелері тиісті қаулылар қабылдады және брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Брифингте Үкімет Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу үшін өзінің резервінен 34,3 млрд теңге бөлгені айтылды. Қаражаттың негізгі бөлігі республикадағы 10 674 сайлау учаскесінде жұмыс істейтін 70 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесінің еңбекақысын төлеуге бағытталады. Бұл мақсатқа 8,5 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар қаржыландыру аясында 47 жаңа сайлау учаскесін ашу, сайлау бюллетеньдерін, плакаттарды және өзге де полиграфиялық өнімдерді басып шығару, әдістемелік материалдар мен сайлаушыларға арналған ақпараттық стендтер әзірлеу көзделіп отыр. Сондай-ақ сметаға сайлау комиссияларын материалдық-техникалық қам­та­масыз ету шығындары енгізіл­ген. Оның ішінде байланыс қыз­мет­тері, көлік шығындары және басқа да ұйымдастыру шаралары бар. Шетелдегі дауыс беруді ұйым­дастыру үшін де жеке қаржы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Шілде 2026 12:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары