Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

Ақтөбедегі қоқыс жәшіктерінің жанынан табылған күдікті сөмке хикаясы үкіммен аяқталды

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

Айына 2 ден 3,4 миллион теңгеге дейін Еңбекмині ең табысты бос жұмыс орындарын атады

Инновация шаһарының аяқ алысы

Инновация шаһарының аяқ алысы

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Сапар аясында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында қойылған Алатау қаласы базасында инвестицияларды, технологиялар мен іскерлік белсенділікті тартудың жаңа экономикалық полюсін қалыптастыру жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

Инфрақұрылым және инвестиция

Ұлттық экономика вице-ми­нистрі Бауыржан Омарбеков пен Алматы облысы әкімінің орын­басары Рустам Исатаев Премьер-министрге Алатау қаласы аума­ғын­дағы инвестициялық жоба­лардың іске асырылуы, қала құры­лысы мен инфрақұрылым жоба­ларын жүзеге асыруға дайын­дық барысы, өңірді электр энер­гиясымен қамтамасыз ету мен қа­жет­тіліктерді ескерген жағ­дайда жаңа өндірістерді іске қосу мәселелері туралы баяндады.

Ұлттық экономика министр­лігінің дерегіне сәйкес, бүгінде Ала­таудың Бас жоспарына түзету­лер енгізілді. Инженерлік желі­лердің салалық схемалары, егжей-тегжей жоспарлау жобалары мен инфрақұры­лым­ды дамы­ту­дың Жол картасы бекітілген.

Жол картасының бірінші кезеңі 365,1 млрд теңге сомасына 21 жобаны жүзеге асыруды көздейді. 2026–2027 жылдары қосалқы стансалар, су жинау торабы мен газ құбырлары салынумен қатар, қолданыстағы инженерлік инфрақұрылым объектілерін реконструкциялау, жаңа нысандар салу жоспарланып отыр. Ал 2028–2030 жылдарды қамтитын екінші кезең 312,5 млрд теңгеге 9 жобаны қамтиды. Оның қатарында екі қосалқы станса, автоматтандырылған газ тарату стансасы бар газ құбыры, кәріз тазарту нысандары мен 49 шақырым автомобиль жол­дарының құрылысы бар.

Жалпы алғанда, 2050 жылға дейінгі кезеңде инвести­циялар­дың жалпы көлемі 10,4 трлн теңге деңгейінде инфрақұрылымдық жобалар пулы қалыптастырылды. Оның 3,1 трлн теңгесі 2030 жылға дейін жүзеге асырылуға тиіс. Инфрақұрылымды дамыту бюджет қаражаты есебінен ғана емес, сондай-ақ жеке инвестициялар мен EPC-келісімшарттар арқылы қамтамасыз етілетіні атап өтілді.

Бұған қоса тартылатын инвестициялар жөнінде ақпарат ұсынылды. Бүгінде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 32 инвес­тициялық жоба дайын. Соның ішінде 20 жоба белсенді жүзеге асырылып жатыр, атап айтқанда,  8 жоба – логистика, 6 – құрылыс пен өнеркәсіп, 3 – туризм, 3 – тамақ өнеркәсібі саласына тиесілі. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы шамамен 1,2 трлн теңге инвес­­тиция тартуға, 22 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүм­кіндік беретіні айтылды.

Тамақ өнеркәсібі саласында Премьер-министр инвести­цияның жалпы көлемі шамамен 360 млн доллар болатын «PepsiCo Central Asia» ірі жобасының жүзе­ге асырылу қарқынымен танысты. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – 21 мың тонна, мұнда 900-ге дейін жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр.

Сапар барысында Премьер-министр Алатау қаласында «Mars Petcare Kazakhstan» ЖШС-ның үй жануарларына арналған да­йын азық өндіру зауытына барды. Өндірістерді локализациялау мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту саясаты аясында іске асырылып жатқан жоба жылдың ортасында басталуға тиіс..

Сонымен қатар,  «Iconic Towers» зәкірлік жобасы да назар­дан тыс қалмады. Оның құры­лысы туралы келісімге был­­тырғы қыркүйекте Мем­лекет басшысының Қытай­ға мем­лекеттік сапары аясында қол қо­йыл­ған болатын. Инвести­ция көлемі 800 млн доллардан асады. Архитектуралық тұжы­рым­даманы әзірлеуге америкалық «SOM» компаниясы тартылды. Кешеннің жалпы ауданы 276,8 мың шаршы метрді құрайды. Жоба екі мұнараны, кеңселерді, пәтерлерді, қонақүй мен сауда орындарын қамтиды. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2027 жылғы сәуірге дейін аяқ­та­лып, құрылыс жұмыстарын биылғы мамырдан бастап, 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Алатау қаласының жобаларын іске асыруға байланысты Алматы облысында электр энергиясын тұтыну көлемі өсіп келеді, қазіргі деңгейі – 750–800 МВт. Бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 2 064 МВт, 2050 жылға қарай 4 164 МВт болуы мүмкін деген болжам бар. Қолданыстағы қуат көздерінің жеткіліксіздігі қосалқы стансалар құрылысы мен реконструк­цияны қажет етеді. Үкімет 15 қосалқы станса салу туралы шешім қабылдады. Бұл жаңа трансформаторлық қуат­тарды пайдалануға беруге әрі инвесторларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.

Алатау қаласы бойынша бе­кітіл­ген Жол картасы аясында ша­­ма­мен 162 млрд теңге болатын қо­­сымша 11 қосалқы станса салу және реконструкциялау жос­­пар­лан­ғаны атап өтілді. Бұл қала да­муы­ның тұрақтылығы мен и­нвес­ти­­ция­лық жобалардың іске асы­ры­­луы үшін негізгі шарт болып отыр.

«Инфрақұрылым әрқашан озық қарқынмен дамуы керек, бірақ біз сәл кешігіп келеміз. Жалпы, мұндай мәселе еліміз бо­йынша бар. Қазір Президент бұған үлкен көңіл бөліп отыр. Мемле­кет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет қажетті қаражат бөліп жатыр. Біз мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру үшін салық реформасын жүргіздік. Бұл қаражат бізге инфрақұрылымға салуға қажет. Бұл ақша ешқайда кетпейді, тікелей экономикаға салынады. Егер мемлекет инфра­құрылымға инвестиция салса, онда инвесторлардың сенімі артып, келе бастайды. Даму осыдан басталады. Басқа жол жоқ. Сондықтан біз инвестиция саламыз әрі биылдан бастап бюджеттің мүмкіндіктері басқаша болады. Бірге жұмыс істейтін боламыз», деді О.Бектенов.

Үкімет жобаларға толық қолдау білдіріп отыр. Қала арнайы мәртебе мен қосымша институционалдық жағдайларға ие. Осыған байланысты Премьер-министр жергілікті атқарушы органдардың қаланы дамыту бағытындағы жұмысын күшейтуді тапсырды. Президент қойып отырған міндеттер аясында Алатау бүгінде іскерлік белсен­ділік пен инновацияның жаңа орталығы ретінде қалыптасып келеді. Осыған орай қала сәулеті адам игілігіне әрі бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға бағытталуға тиіс.

Осы мақсатта «Alatau City Authority» Қоры мен Алматы об­лы­сы­­ның әкімдігіне инже­нер­­лік және әлеуметтік инфра­­құ­ры­­лым­ды дамыту, ин­вес­­ти­циялар­ды тарту, индустрия­лық, логис­тика­лық және иннова­циялық жоба­ларды жүзеге асыру үшін жан-жақт­ы жағдай жасау тапсырылды. 

Өңірде өңделген тауар үлесі 90%-ға жетті

Сондай-ақ Премьер-министр бірқатар инвестициялық және өнеркәсіптік жобаның жүзеге асырылу барысымен таныс­ты. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өткен жыл­дың қорытындысы бойынша өңірге 1,3 трлн теңге инвестиция тартылғанын, бір жылдағы өсім 29,4% болғанын баяндады. Экономиканың барлық саласында 72 541 жұмыс орны құрылған, оның 58 528-і – тұрақты жұмыс орны. Алматы облысы еліміздің негізгі индустриялық-логистикалық ор­талықтарының бірі ретінде өз ұстанымын дәйекті түрде ны­ғайтып келеді. 

Сапар аясында Премьер-министр Қарасай ауданының Көкөзек ауылындағы шикізат­тық емес секторды дамытумен айналысатын «Imagine Apple Logistics» ЖШС-ның логистикалық орта­лығын аралады. Жоба қойма, көлік және басқару үдерістерін біріктіруге, дистрибуциялық ағындарды шоғырландыруға, сон­дай-ақ ішкі және аймақаралық нарықтарға тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастырады. Оның аясында 50 млрд теңгеден астам инвестиция тарту мен 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу, сондай-ақ іргелес жол мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қарастырылған. Олжас Бектенов аталған логистикалық орталықты кеңейтуге әрі дамытуға жәрдемдесуді тапсырды. Өңірде логистикалық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде кейінгі үш жылда қойма үй-жайларының жиынтық ауданы 17,5 есеге, яғни 8,8 мың шаршы метрден 153,9 мың шаршы метрге дейін ұлғайды.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Алматы облысында салын­­ған, инвестиция көлемі 74 млрд теңге болатын «KT&G» ком­па­ния­сының заманауи зауытының жұ­мысымен танысты. Өткен жыл қорыт­ындысында кәсіпорын жер­гілік­ті бюджетке түсетін са­лық тү­сім­­дерінің шамамен 4%-ын қам­­та­масыз етті, бұл оның об­лыс бюд­­жетінің кіріс бөлігін қа­лып­­тас­тырудағы елеулі үлесін көрсетеді.

Өңірдің негізгі кәсіпорын­дарының қатарында тамақ өнім­дерін өндіруде жүйе құраушы болып саналатын «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы бар. Кәсіпорынның қазіргі қуаттылығы жылына 160 мың тонна дайын өнімді құрайды, экспорт көлемі 20 мың тоннадан асады. Жалпы, былтыр өндірісті жаңғыртуға 35 млрд теңге инвестицияланды, 700-ге жуық жұмыс орны ашылды, бұл ретте қызметкерлердің 95%-ы жергілікті тұрғындар. Биыл компания жаңа өндірістік желіге қосымша 4,5 млрд теңге салуды жоспарлап отыр. Бұл өндірістік қуатты 170 мың тоннаға дейін, ал қызметкер санын 780 адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, 2030 жылға дейін «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС өндірісті кеңейтуге тағы 21 млрд теңге инвестиция салуға ниетті. Нәтижесінде, 1 мыңға дейін жұмыс орнын ашу жос­парланып отыр, бұл жергілікті экономиканың дамуына әрі өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Сапар барысында агроөңдеуді дамытуға көңіл бөлінді. Премьер-министр «Қапшағай бидай өнімдері» зауытының базасында агроөнеркәсіптік кластердің қызметімен танысты. Зауыттың өндірістің қуаты – 1 млн тоннадан астам, инвестиция көлемі – 12 млрд теңге. Кәсіпорын тек жергілікті шикізат базасын пайдаланады әрі экспортқа бағ­дарланған. Айталық, бір жа­рым айда шамамен 110 мың тонна өнім өндірілді, оның 98%-ы ҚХР нарығына, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жеткізілді. Был­тыр алғаш рет отандық астық Вьетнамға жөнелтілді.

Жалпы алғанда, экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыру өңдеу өнеркәсібінің экспортын ұлғайтуға ықпал етеді, тек өткен жылдың 8 айында оның көлемі 618,5 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі­мен салыстырғанда 28,5%-ға артық,  осылайша экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлардың үлесі шамамен 90%-ға жетіп отыр.

«Біздің мақсатымыз – қосылған құны жоғары өнім шығару. Сондықтан кәсіпорындарға өсуі үшін тұрақты және болжамды жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қайта өңдеуді, логистика мен экспортты дәйекті түрде дамыту маңызды», деді О.Бектенов. 

Соңғы жаңалықтар

Тұтынушылардың отандық өнімге сенімі артып келеді – сауалнама

Сауда • Кеше

Алматы зообағында билет бағасы өзгерді

Алматы • Кеше

Алматы әлемде үздік 14 туристік бағыттың тізіміне енді

Туризм • Кеше

Аязға байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды

Ауа райы • Кеше

Атыраулық хакерге халықаралық іздеу жарияланды

Заң • Кеше

Құрдасын өлтірген оқушыға үкім шықты

Қылмыс • Кеше

Шығыста жаңа жедел жәрдем көліктері берілді

Медицина • Кеше

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Парламент • Кеше

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясының ең жас қатысушысы марапатталды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Қысқы ойын түрлері қарқын алып келеді

Спорт • Кеше

Астронавт ауырып қалған: Ғарыш кемесі кері қайтарылды

Әлем • Кеше

Иранның әуе кеңістігі ұшақтар үшін қайта ашылды

Әлем • Кеше

Дін бағытындағы ЖИ: Елімізде «Imam AI» мобильді қосымшасы іске қосылатын болды

Технология • Кеше

Жас өнертапқыштардың әлеуеті: Идеялар неліктен өндіріске жетпей қалады?

Білім • Кеше

МӘМС: 2026 жылы сақтандыру есебінен емделетін аурулар тізімі кеңейтілді

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 07:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

15 Шілде 2026 23:20see141

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see117

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see116

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see116

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

15 Шілде 2026 13:44see114

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

15 Шілде 2026 17:44see114

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see114

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

15 Шілде 2026 21:04see113

Ақтөбедегі қоқыс жәшіктерінің жанынан табылған күдікті сөмке хикаясы үкіммен аяқталды

14 Шілде 2026 18:55see113

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

15 Шілде 2026 16:13see113

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see113

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

15 Шілде 2026 16:19see112

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see112

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see112

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

15 Шілде 2026 14:58see112

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты

15 Шілде 2026 15:54see110

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

15 Шілде 2026 12:32see110

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

15 Шілде 2026 19:30see110

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

16 Шілде 2026 12:55see108

Айына 2 ден 3,4 миллион теңгеге дейін Еңбекмині ең табысты бос жұмыс орындарын атады

15 Шілде 2026 17:46see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары