iPhone 18 ге алдын ала тапсырыс беру Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы Apple iPhone 18 смартфонына алдын ала тапсырыс беру және одан бас тарту түріндегі жаңа алаяқтық схемалар туралы ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, алаяқтар пайдаланушылардың жаңа смартфон моделіне деген қызығушылығын пайдаланып, оларға алдын ала тапсырыс беру туралы жалған хабарламалар мен ұсыныстар жіберіп жатыр.
Схема қалай жұмыс істейді?Бірінші жағдайда алаяқтар Apple компаниясының атынан iPhone 18-ге алдын ала тапсырыс берілгені туралы жалған хабарлама жібереді. Одан бас тарту үшін "қолдау қызметіне" қоңырау шалуды ұсынады.
"Шын мәнінде көрсетілген нөмір алаяқтарға апарады, олар сатып алудан бас тартуды сылтау етіп, құпия мәліметтерді алдап алуға және адамды өз нұсқауларын орындауға көндіруге тырысады", - деп хабарлады ведомство.
Екінші жағдайда пайдаланушыларға жылдам жеткізу кепілдігімен тиімді бағада смартфонды брондау ұсынылады. Тапсырысты рәсімдеуге арналған сілтеме банк картасының деректері, құпия сөздер және басқа да құпия ақпарат сұралатын жалған сайтқа апарады.
Алынған мәліметтер есептік жазбаларға және банктік сервистерге кіру, сондай-ақ ақшалай қаражатты ұрлау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Басты қулық – адамды асығыс әрекет етуге мәжбүрлеу: бейтаныс тапсырыстан қорқу немесе тиімді ұсынысты жіберіп алудан қауіптену.
Өзіңізді қорғау үшін Күмәнді хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз және нөмірлерге қоңырау шалмаңыз. Құпиясөздерді, ПИН-кодтарды, банк карталарының CVV-кодтарын және SMS арқылы келетін растау кодтарын ешкімге айтпаңыз. Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпаңыз және құрылғыңызға кіруге рұқсат бермеңіз; Сайттың түпнұсқалығына және сатушының сенімділігіне көз жеткізбейінше, алдын ала төлем жасамаңыз. Тапсырыс туралы ақпаратты сатушының ресми сайты немесе қосымшасы арқылы өзіңіз ашып тексеріңіз. Егер сіз карта деректерін беріп қойсаңыз немесе күмәнді транзакцияны байқасаңыз, дереу банкке хабарласып, картаны бұғаттаңыз және болған оқиға туралы полицияға хабарлаңыз.Сондай-ақ қазақстандықтарға тапсырыс туралы күтпеген хабарлама ақпаратты тексеруге себеп екені ескертілді. Кодты шұғыл хабарлау немесе ақша аудару талабы – ықтимал алаяқтықтың белгісі.
Бұған дейін Астанаға 200-ден аса iPhone 18 заңсыз әкелінбек болғаны хабарланған еді.
Тағы оқыңыз: “Ұлттық банктен қоңырау шалып тұрмыз“: қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схемасы ескертілді
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















