Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

IQanat 2025 Олимпиадасының І туры аяқталды

IQanat 2025 Олимпиадасының І туры аяқталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанда бүкіл ел бойынша ауыл балаларының басын қосқан IQanat 2025 Олимпиадасының І туры аяқталды. Биыл бұл кезеңге оқушылардың рекордты саны – еліміздің 170 ауданы мен 3 300 ауылынан 64 000-нан астам 8-сынып оқушысы қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Олимпиаданы ұйымдастыруда 1 100 аламни және IQanat волонтерлері – түлектер, мектеп оқушылары және өткен жылдардағы финалистер маңызды рөл ойнады. Олар тіркеу жұмыстарына көмектесіп, қатысушыларды қарсы алды, оқушылардың көшіріп жазбауын қадағалап, балаларды өз күшіне сенуге ұмтылдыратын қолдау мен сенімділік атмосферасын қалыптастырды. Бұл – жобаның  giving back қағидасымен үндесіп жатыр. Оның аясында жобаның бұрынғы қатысушылары жас үміткерлерге өз жолын жүріп өтуге көмектеседі.

Жобаның әр жылдардағы қатысушыларының арасындағы байланыс – IQanat-тың ең құнды дәстүрлерінің бірі. Түркістан облысы Шолаққорған ауылында туған ағайынды Сұлтанмұраттардың оқиғасы соның жарқын мысалы бола алады.

Ағайындылардың кішісі Қазбек Ы.Алтынсарин атындағы ауыл мектебінің 8-сыныбында оқиды және биыл Олимпиадаға қатысып жатыр. Ол білім сайысына ағасына еліктеп қосылып, оның ізін басуды ұйғарды. Ағасы Жақсылық өткен жылы Олимпиаданың үш турынан да сәтті өтіп, топ-100 жеңімпаздың қатарына ілінді де, Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқуға грант жеңіп алды. Қазір ол үздік халықаралық бағдарламалар бойынша 10-сыныпта білім алып жатыр. Бұл – ағайындылардың отбасы үшін үлкен көмек, өйткені, балалардың мектептегі оқу, жатын және өзге де шығындарын IQanat жобасының қамқоршысы болған кәсіпкерлер өз мойнына алады.

«Қазір ағам IQanat-та оқиды, біз жиі хабарласып тұрамыз. Ол сабақтың қалай керемет өтетінін, мектептің көл жағасындағы орманда орналасқанын, жиі сейілге шығатындарын және мұғалімдер мен сыныптастары туралы көп әңгімелейді. Бұл мені де қатты ынталандырады. Оған қоса, ағам менің оқуыма көмектесіп, ақыл-кеңесін аямайды. Тіпті, Олимпиаданың І турына дайындалуға да көмектесті. Бұрын біз бірге тұрып, бірге өскен едік, ағаммен қайта бірге болу – мен үшін IQanat-қа түсуге шабыт беретін себептердің бірі», – дейді Қазбек Сұлтанмұрат.

Мұндай отбасылардағы балалар үшін ауылдағы өмірдің беретін мүмкіндіктері көп емес: репетитор да, үйірмелер де, керемет мектептер де жоқ. Оларда бары – бір-бірінің қолдауы мен өмірдегі үлкен мақсаттарға жетуді көздейтін арман ғана. Сондықтан  IQanat Олимпиадасы сыйлайтын мүмкіндік айрықша маңызды: ол балаларға өзін көрсетіп, өз өмірінің траекториясын өзгертуге көмектеседі.

Олимпиаданың үш турынан да сәтті өткен жеңімпаздар меценаттардың есебінен Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқи алады немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасына қабылданады. Мұнда балаларды ҰБТ және халықаралық емтихандарға дайындайды, ағылшын тілін тереңдетіп оқытып, ІТ, кәсіпкерлік және заманауи soft skills дағдыларын дамытады. Мұның бәрі жақсы жоғары оқу орнына түсуге дайындалуға көмектеседі.

Бүгінде IQanat – ауыл балаларының өз әлеуетін ашып, дамытуына көмектесетін мақсаты бір 240 кәсіпкердің қауымдастығы. Жобаның арқасында IQanat түлектерінің 94%-ы Қазақстан мен шетелдің үздік жоғары оқу орындарына грант негізінде түсіп, бүгінде әлемнің 19 елінде білім алып жатыр. Олар – арман мен жігер кез-келген жағдайдан да күшті екенінің жарқын дәлелі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 14:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see201

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see180

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see174

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see167

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see165

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see153

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see152

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see150

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see148

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see141

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see138

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see136

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see132

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see125

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see120

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see118

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see116

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see113

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары