Исатай ауданында апатты үйлер сүрілуде
Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Видеодан скриншот
Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында 1960–1970 жылдары салынған екі қабатты үш тұрғын үй апатты деп танылып, толықтай бұзылуда. Бұған дейін осы үйлерде барлығы 17 пәтер болған, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Еске салсақ, облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға сәйкес, апатты үйлердің тұрғындары үшін жаңа, заманауи стандарттарға сай 17 пәтерлі тұрғын үй салынды. Қыркүйек айында исатайлықтар жаңа баспаналарына көшіп үлгерді.
Аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейісовтың сөзінше, жаңа ғимарат барлық инженерлік жүйелермен қамтылған: газ, су, электр және кәріз жүйелері жүргізіліп, ауласы абаттандырылған.
- Бұл бастама аудан тұрғындарын қауіпсіз әрі ыңғайлы баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, апатты үйлер мәселесін түбегейлі шешуге бағытталған нақты нәтиже болып отыр, — деді ол.
Сала мамандарының айтуынша, апатты үйлерді жөндеу және жаңалау жұмыстары аудан бойынша кезең-кезеңімен жалғасады.
Бүгін, 14:18
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 14:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















