Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Мұз құрсауындағы дала: Исатай ауданында жүздеген мал қырылуда

Мұз құрсауындағы дала: Исатай ауданында жүздеген мал қырылуда

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Исатай ауданы Қамысқала округіне қарасты далалықта мал, соның ішінде жылқылар қынадай қырылып жатыр. Қазірдің өзінде жүздеген жылқы өлген, қыс біткенше ол сан қаншаға жететіні белгісіз. 

«АЖ» тілшісі малшы қыстақтарын аралап, мән-жайды көзбен көріп қайтқан еді.

Округтің қатқыл бойына қар тұтас түскен, бірақ көлік жүре алмастай қалың да емес, сай-сала мен кейбір жолдарды көміп тастаған. Қыс түскелі ауа райының күрт өзгеруінен фермерлер абдырап қалған, қалдері мүшкілденіп, кімнен көмек сұрарын білмей сансырап отыр. Қаңтардың 15-де жауған жаңбыр далалықты көк мұзға айналдырып, қысы-жазы далада еркін жайылатын жылқы малы тісіне ілігер шөп таппай, тебіндей алмай қиналуда. Биелер құлын тастап жатыр, көтерем болған жылқылар қолға қарап қалған.

Ақ қардың үстінде жылқы жатыр, өлген. Аурудан емес аштықтан өлгені көрініп тұр, қабырғалары саусақпен санарлықтай ырсиып тұр. 

«Шұғыла» қыстағына жеткенше бірнеше жылқының өлігіне кездестік. «Онсызда ала жаздай жаңбыр аз түсіп, жайылым жұтаң тартып тұр еді. Енді осы аз шөпке тістері тимей қырылуда, мұздан тайып жығылып жатқандары да жетеді, жағдай өте қиын» дейді налыған фермерлер.

- Жылқылар көз алдымызда өліп жатыр, аурудан емес аштықтан. Бұрын ондай болмаған, 90-ға келген әкемнің айтуынша 1997 жылы қыс кезінде жаңбыр жауып, арты мұздаққа айналып, жылқылар баудай түсіпті. Соның кебін киіп жатырмыз, не істерге білмей отырмыз, менің өзімнен 2 үйір, оншақты бас жылқы арам өлді, бір үйірі каналдың ішінде өліп жатыр. Бір орам шөп 15-16 мың теңгеден Батыс Қазақстан облысынан келуде. Сатып алатын ақшамыз да қалмады, сатайық десек арық малды ешкім алмайды. Оны өткізетін жер жоқ, не істерге білмеудеміз. Қосымша табысымыз жоқ, осы малдан басқа күнкөрісіміз жоқ,-дейді «Ибраимов Қадіржан» ШҚ мүшесі Нысанбек Ибраимов.   

«Арыстанов. С.» ШҚ төрағасы Қалиахмет Арыстанов кебек жемнің өзі 2600 теңге (18-20 кг), 1 қапшық бидай 4 мың теңгеге қымбаттап кеткенін, оны алудың өзі қиындап тұрғанын жеткізді. Күз кезінде арық-тұрақ малдары өтпеген. 

Осы Қамысқала округімен шекаралас жатқан Махамбет ауданының «Үшкөпір» учаскесіндегі «Мутиев. Б. Д.» ШҚ төрағасы Биғали Мутиевпен тілдестік:

- 50 бас жылқым аштан өлді, мұздақта жайыла алмай құлап. Қазір аулада 380 бас арық-тұрақ жылқыны қолдан бағып отырмыз. Өткен жылы 3 мың орама шөп алғанбыз, ол дым болмай қалды. Бұрын әкімдіктің көмегімен тізім арқылы жем алатынбыз, биыл ол жоқ. «Дәулет нан» тоннасы 50-60 мың теңге кебек жемді 130-140 мың теңгеге көтеріп жіберді. Бірақ ол да қолға тимей тұр, - дейді ол.

- Біз «Тасыбай» учаскесінде тұрамыз. Жылқы жылында жылқыларымыздың өліп жатқаны арқамызға аяздай батуда. Малдың қолға тұрғанына айдан асып кетті. Қазірдің өзінде бір орам шөп 20 мың теңгеден бір шықты, ол да болса жоқ. Сол себептен облыс көлемінен бізге көмек керек, әлі 1,5 ай қахарлы қыс күндері тұр. Сәуір болмай, тәуір болмас дегендей, қолұшын берер кез келді, мен оны фермерлер атынан айтып тұрмын,-дейді «Азамат» шаруа қожалығының төрағасы Мақсот МУРЗИН.

Х. Ерғалиев ауылының жеке тұрғындары барынша жылқыларын қорасына ұстауда. Жеке шаруа Қасен Саянов қырдағы жылқыларын бір ай болды қорасына ұстап отырғанына, өйткені мұздақтан жайыла алмаған. Күні бүгінде 20-шақты жылқысынан айрылған, күнде біреуі өледі екен. Ауласындағы жылқыны көрсең шошисың, арса-арсасы шығып жүдеген, қу сүйек, әлсіздері орнынан тұра алмай құлап жатыр.

СУБСИДИЯ НЕГЕ БЕРІЛМЕДІ

Қамысқала округінің әкімі Рафиғат Тажиденовадан алынған мәлімет бойынша мал өсірумен айналысатын 70 шаруа қожалығы бар екен. Оларда 4385 ірі қара, 2621 қой, 450 ешкі, 1470 түйе, 4814 жылқы тиесілі. Қажетті мал азығы 14 мың тонна болса, соның өткен жылы 63 пайызы ғана қора басына үйілген. 

9 шаруа қожалығы 300 гектар жерге шыққан өсімдіктерді суарып, өздеріне қажетті мал азығын дайындап алған. Жалпы мал азығының 8-10 пайызы жергілікті жерден дайындалса, қалған бөлігі сырттан сатып алынуда. 200 келіге жетпейтін бір орам шөпті 10-12 мың теңгеден Батыс Қазақстан облысы, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарынан алған.

- Ірі сабақты шөпке берілетін субсидиядан көп үміттендік, айналғанда берілмей қалды. Жалпы Исатай ауданы климаты жағынан қуаңшылық өңір болып саналады. 2025 жылы жауын-шашын аз түсіп, өсімдіктер шықпай қалды. Барына жылқылар жаз бен күзде жайылып, әбден қыс түскенде жердегі аз ғана шөп мұз құрсауында қалды. Осы себептен мал індеттен емес, аштан өліп жатыр,-дейді фермерлер.

2024 жылы АШ Министрлігінің қағидасында «Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындар құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялау гидрометеорологиялық қызмет растаған өңірде (Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ұлытау облыстарында ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қоспағанда) азық айындауға теріс еткен төтенше жағдай жарияланған немесе қалыптан тыс ауа райы жағдайлары болған кезде ғана жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыты бойынша субсидиялау жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген және\ немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген және\немесе бөлінген бюджет қаражаты жеткілікті болған кезде жүзеге асырылады» деген. 

Қамысқала округінде жағдайдың мүшкілдігі алдын ала ескерілгенде субсидияға ілінер ме еді. Енді аштықтан мал баудай түсіп жатыр.  

Қолымызға 25 адамның атынан тізім түсті, оның ішінде 40,60,25,20, 3 ... бас жылқы мен ірі қарасынан айрылғандар бар. Бұл тізім жалғасатыны сөзсіз. Енді дала еңбеккерлерін «2 ай қыстан қалай шығамыз?» деген сұрақ мазалауда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА    

Бүгін, 17:35

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Ақпан 2026 17:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see160

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see145

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see143

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see142

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see141

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see140

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see138

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see138

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see138

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see138

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see136

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see136

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see135

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see135

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see135

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see135

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары