“Катонқарағайды көруді армандадым“ турист танымал жердің күтпеген жағын көрсетті
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Әлеуметтік желіде Катонқарағай ауданындағы туристік орындардың бірінде түсірілген қоқыс фотосы қызу талқыланып жатыр. Жазба авторы бұл жерге келуді төрт жыл бойы армандағанын айтып, туристер ағыны көбейген жағдайда бұл аймақтың болашағы не болатынына алаңдаушылық білдірді. Tengri Travel тілшісі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінен аумақты тазалау мәселесі қалай шешіліп жатқанын білді.
Неден басталды?
Саяхатшы әлеуметтік желіде Катонқарағай ауданына жасаған сапары туралы айтып берді. Турист тұрмыстық қоқыстың үйіліп жатқанына назар аударып, тиісті фотосуретті жариялады.
"Бұған не дейсіздер? Осы табиғатты көруді 4 жылдан бері армандап, келіп едім. Желтоқсанда әуежай құрылысы бітеді деп жатыр, адам саны көбейсе не болмақ?", - деп бөлісті жазба авторы.
Скриншот: Threads
Біз жағдайға қатысты пікір алу үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне хабарластық. Ведомство өкілдері сурет Катонқарағай ауданындағы Берел ауылында түсірілгенін хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Берел - туристер жиі тоқтайтын танымал орын. Табиғи көрікті жер мен тарихи нысандардың арқасында қонақтар саны артып келеді.
"Туристік маусымда тазалықты сақтау мәселесі өзекті бола түседі. Өкінішке қарай, кейбір демалушылардан кейін тұрмыстық қалдықтар қалып қояды, бұл аймақтың тазалығы мен сыртқы көрінісіне кері әсерін тигізеді", - деп атап өтті өңір әкімдігі.
Әкімдік өкілдері Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен жергілікті әкімдік ауыл аумағы мен туристік бағыттарда тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізіп тұратынын жеткізді.
Суреттегі орынға келетін болсақ, онда да тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған бес адам қатысып, 30 келіге жуық тұрмыстық қалдық жиналып, шығарылды.
"Берел ауылдық округінің әкімдігі мен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлеріне ауыл аумағы мен туристік бағыттарды үнемі тазалап отыруға тура келеді", - деп хабарлады әкімдік.
Ведомство мәліметінше, жиналған қоқыс арнайы белгіленген орынға тасымалданды.
Табиғи аймақтардағы қоқыс мәселесін бұған дейін алматылықтар да көтерген болатын. Шілдеде тұрғындар Іле-Алатау ұлттық паркінің танымал орындарындағы мәселелер туралы айтқан еді. Олардың сөзінше, Хоббиттер сарқырамасы маңында және Терра алаңында кейбір туристер қоқыс тастап, заңсыз от жағады.
Тағы оқыңыз: Италиялық азамат байқаусызда 540 миллион теңгеге жуық ақшаны қоқысқа тастап жіберген
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Тамыз 2026 20:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















