Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Кентаулық ұстаз асықты түрлі түске бояп, балалардың моторикасын дамытып жүр

Кентаулық ұстаз асықты түрлі түске бояп, балалардың моторикасын дамытып жүр

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ол Кентау қаласындағы Б.Момышұлы атындағы № 12 мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Ұстаз шәкірттеріне асық ойынының сан алуан әдіс-тәсілдерін үйретіп, ұлттық спорттың құндылығын насихаттап келеді.

Фото: Сәбит Тастанбек / Kazinform

Кентаулық мұғалімнің шеберлік сабағы облыс деңгейінде үздік деп танылып, жоғары бағаланған. Ол «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңінде «Әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық» аталымы бойынша жүлделі І орынды иеленді.

Қазіргі таңда оның асық ойынын дамытуға арналған әдістемесі қала мектептері мен балабақшаларында кеңінен қолданылып, оң нәтижесін беріп жүр.

Фото: Сәбит Тастанбек / Kazinform

Раушан Абайқызының айтуынша, асық ойыны баланы ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа және сергектікке баулиды. Әсіресе көпшілік болып ойналатын түрлері балалардың намысын оятып, жеңіске деген құлшынысын арттырады.

— Асық ойынының ежелден келе жатқан ұлттық құндылық екеніне дәлел өте көп. Әсіресе ауыз әдебиеті мен фольклорлық мұраларымызда бұл айқын көрінеді. «Асығың алшысынан түссін» деген қазақи тілек алғашында ойынға байланысты айтылса, кейін кең мағынадағы ізгі ниетке айналған. Асық ойындарының тәрбиелік мәні ерекше. Соның бірі — бестемше ойыны. Бұл мазмұны жағынан тоғызқұмалақ ойынына ұқсас. Ойынның осы түрін асық пайдаланып та ойнатуға болады. Мұнда жалпы 50 асық қолданылады, әр ойыншыда 25 асықтан болады. Ойын барысында асықтар отауларға бөлініп салынады, ал соңында кім көп асық жинаса, сол жеңімпаз атанады, — дейді ұстаз.

Фото: Сәбит Тастанбек / Kazinform

Раушан Қалыбаева асық ойнау тек дене қимылын ғана емес, баланың ойлау қабілетін де дамытатынын атап өтті. Оның сөзінше, асық арқылы балалардың дүниетанымы кеңейіп, ми қызметі белсенді жұмыс істейді.

— Мысалы, біз асықты есепшот арқылы да қолданамыз. Қызыл, жасыл, қара, көк, сары, қоңыр түстерді балалар екі-үш жасынан бастап ажырата алады. Әр бала өз асығының санын тез анықтауды үйренеді. Бұл — санауға үйретудің тиімді тәсілі. Асықтар арқылы балалар математикалық дағдыларын ерте жастан қалыптастырады. Оларды тізу, санау, ұпай есептеу барысында баланың есепке бейімділігі артады, — дейді ол.

Фото: Сәбит Тастанбек / Kazinform

Ұлттық спортты ұлықтап жүрген ұстаз асықпен түрлі логикалық ойындарды ұйымдастыруды қолға алған. Мысалы, асықтарды тақтаға немесе табаққа орналастырып, белгілі бір ережемен қозғалту арқылы баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік бар.

Фото: Сәбит Тастанбек / Kazinform

— Тағы бір әдіс — асықтарды бояп, оларды дойбы тәрізді ойынға бейімдеу. Асықтарды ақ және қара түске бояп, балалар дойбы ойнағандай ойнай алады. Бұл тәсіл түстерді ажыратуға және ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Жасырары жоқ, бүгінде қалада асық ойынын білмейтін балалар көп. Ал бұрын әр баланың өз сақасы болған. Оны ерекше етіп бояп, дайындаған. Асық ойындары баланың логикалық ойлауын ғана емес, саусақ моторикасын да дамытады. Сонымен қатар математика, еңбек және бейнелеу өнері пәндерімен де тығыз байланысты, — дейді ұстаз.

Фото Раушан Қалыбаеваның жеке архивінен

Раушан Абайқызы ұлттық ойынның маңызын айта отырып, өз ұсынысын да білдірді.

— Бала кезімізде «сақадай сай» деген тіркесті жиі еститінбіз, бұл халқымыздың асыққа деген құрметін білдіреді. Соңғы жылдары асық ойыны мемлекеттік қолдауға ие болып, мәртебесі артып келеді. Елімізде асық атудан жарыстар мен чемпионаттар ұйымдастырылып жатыр. Бұл — қуантарлық жайт. Қазіргі таңда мектептерде дене шынықтыру пәніне аптасына екі сағат бөлінген, ал қосымша бір сағат спорттық ойындарға беріледі. Менің ұсынысым — осы факультатив сабақты ұлттық спорт ретінде енгізу. Сонда біз асық ату өнерін тереңірек әрі жүйелі түрде үйрете алар едік, — дейді ол.

Фото: Сәбит Тастанбек / Kazinform

Бұдан бұрын ауыл мұғалімі 1500-ден астам асықтан торсық жасап шыққанын жазған едік.

Фото: Сәбит Тастанбек / Kazinform
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Наурыз 2026 13:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see131

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see129

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see126

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see125

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see125

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see124

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see123

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see122

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see122

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see122

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see122

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see122

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see121

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see120

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see120

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see119

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see119

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see119

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары