Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Кітап оқымаудың зияны неде?

Кітап оқымаудың зияны неде?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Кітап оқу адамның сөздік қорын байытып қана қоймай, зейінін шоғырландыруға, сыни ойлауын дамытуға және ақпаратты терең түсінуге ықпал етеді. Журналист Ержан Жаубай әлеуметтік желідегі жазбасында кітап оқудың артықшылықтары мен кітап оқымаудың ықтимал салдары туралы ойымен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ержан Жаубай кітаптың адамға берер пайдасы тек алынған ақпаратпен шектелмейтінін атап өтті.  Оның айтуынша, кітап оқу адамның ойлануына, салыстыруына, елестетуіне және белгілі бір мәселені терең түсінуіне мүмкіндік береді.

– Мемлекет басшысы «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасын жариялағалы бері бұл тақырып күн тәртібінен түспей келеді. Осы орайда біраз кітапты «кемірген» адам ретінде кітап оқудың пайдасы туралы бірер сөз айтқым келеді.

1. Сөздік қорыңызды молайтады. Көп оқу адамның жаңа сөздер мен тілдік құрылымдарды табиғи түрде меңгеруіне көмектеседі. Бұл ойды нақты әрі сауатты жеткізуге әсер етуі мүмкін.

2. Ойлау қабілетіңізді дамытады. Әсіресе, ғылыми, тарихи, философиялық және көркем әдебиет себеп-салдарды түсінуге, салыстыруға, талдауға үйретеді.

3. Зейін мен шыдамдылықты жаттықтырады. Ұзақ мәтінді оқу қысқа әрі жылдам контентке қарағанда назарды бір нәрсеге ұзақ уақыт шоғырландыруды талап етеді.

4. Қиял мен шығармашылықтың дамуына ықпал етеді. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді, оқиғаларды және әлемді адамның өзі елестетеді.

5. Басқа адамдарды түсінуге көмектеседі. Әдеби шығармалар әртүрлі адамның сезімін, өмір жағдайын және көзқарасын түсінуге мүмкіндік береді.

6. Білімді тереңдетеді. Кітап белгілі бір тақырыпты әлеуметтік желідегі қысқа ақпаратқа қарағанда жүйелі түрде түсіндіре алады.

7. Ақпаратты сыни қабылдауға көмектесуі мүмкін. Бірнеше автордың пікірін оқыған адам бір мәселенің әртүрлі түсіндірмелерін салыстыруға дағдыланады.

Ал керісінше мүлде кітап оқымау міндетті түрде зиян деу дұрыс емес, әрине. Адам кітап оқымай да көп нәрсе үйрене алады, – дейді Ержан Жаубай.

Журналистің айтуынша, егер адам жалпы ұзақ мәтіндерді, терең ақпаратты және жүйелі білімді тұтынудан қашса, белгілі бір тәуекелдер пайда болуы мүмкін. Мысалы:

Сөздік қоры мен жазбаша тілінің дамуы баяуырақ болуы; Күрделі мәтінді ұзақ уақыт оқуға және назар аударуға қиналуы; Белгілі бір тақырып бойынша шектеулі білім; Бір ғана дереккөздің пікіріне тәуелді болуы; Күрделі идеяларды ұзақ әрі жүйелі талдауға қабілетсіздік.

  – Бірақ бұл қасиеттердің барлығы кітап оқитындарда міндетті түрде болады, оқымайтындарда болмайды деген сөз емес.

Ал кітап оқитындар мен оқымайтындардың ең маңызды айырмашылығы мынада.

Кітаптың өзі емес, адамның қандай ақпаратты және қалай тұтынатыны маңызды. Мысалы, күніне бірнеше сағат сапасыз контент көріп, ештеңені терең зерттемейтін адам кітапты қолына алғанымен, көп пайда таппауы мүмкін. Ал кітапты аз оқыса да, ғылыми мақалалар, дәрістер, сапалы курстар арқылы үнемі білімін толықтыратын адам интеллектуалдық тұрғыдан жақсы дамуы мүмкін.

Сондықтан кітап оқудың ең үлкен артықшылығы – адамға дайын ақпарат беруде ғана емес, ұзақ уақыт бойы ойлануға, елестетуге, салыстыруға және бір мәселені терең түсінуге мүмкіндік беруінде. Ал кітап оқымаудың ықтимал зияны – кітаптың өзін оқымау емес, терең әрі сапалы ақпаратпен жұмыс істеу әдетінің қалыптаспауында.

Соңында айтарым, қандай кітап оқығыңыз келсе де, талғаммен оқуды үйреніңіз. Себебі талғаммен оқыған кітап сізге әуелі пайда әкелсе, екінші стрестен құтқарады, – деп жазды ол. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары