Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Кітапханадағы цифрлық трансформация оқырманға көрсетілетін қызмет сапасын арттырады

Кітапханадағы цифрлық трансформация оқырманға көрсетілетін қызмет сапасын арттырады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Осы бастама аясында кітапхана ісін цифрлық тұрғыдан қайта пайымдау, жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану мәселесі айрықша маңызға ие болып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформация: Қазақстан кітапханаларының Smart технологиясы» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. Сала мамандарын бір арнаға тоғыстырған бұл басқосу кітапхана қызметін заман талабына сай жаңғыртуға, цифрлық шешімдерді жүйелі енгізуге және оқырманға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға арналды.

Семинардың ресми ашылуына Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али қатысып, кітапхана саласын цифрлық жаңғыртудың стратегиялық маңызын атап өтті. Рустам Али өз сөзінде ақпараттық қоғам жағдайында кітапханалардың тек мәдени ошақ емес, ұлттық зияткерлік инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналып отырғанын айтты. 

Ұлттық кітапхананың директоры Ғазиза Құдайбергенқызы кітапхана ісінде технологияларды тиімді әрі сауатты пайдаланудың маңызын айрықша атап өтті. Цифрлық құралдар кітапханашының орнын алмастыру үшін емес, керісінше оның кәсіби еңбегін жеңілдетіп, қызмет аясын кеңейтуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталуы тиіс екенін жеткізді.

«Кітапхана – ең алдымен адам еңбегіне, зияткерлік ізденіске негізделген орта. Жасанды интеллект пен smart технологиялар сол еңбекті қолдаудың, сапасын арттырудың құралы болуы керек. Бұл семинар сала мамандарына цифрлық мүмкіндіктерді жүйелі түрде меңгеруге, тәжірибе алмасуға және ортақ кәсіби ұстаным қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам», – деді Ғазиза Құдайбергенқызы.

Алғашқы күн жасанды интеллект құралдарын кітапхана қызметіне бейімдеуге арналды. Қатысушылар каталогтау үдерісін жетілдіру, іздеу жүйелерін оңтайландыру, электрондық қорларды қалыптастыру және толықмәтінді құжаттармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

Ұлттық кітапхананың Ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашысы Жұмахан Нұрлыхан Қасымханұлы ChatGPT платформасын кәсіби міндеттерге пайдалану, Custom GPT негізінде кітапханаға арналған цифрлық көмекшілер әзірлеу жолдары туралы мазмұнды баяндама жасады. Шеберлік сағатында LibLab авторлық жобасы таныстырылды. LibLab – жасанды интеллект негізінде әзірленген цифрлық құрал. Ол библиографиялық сипаттама жасауға, каталогтау үдерісін оңтайландыруға, ақпараттық сұраныстарға жедел жауап беруге, мәтіндерді талдауға және ресми құжаттар әзірлеуге қолдау көрсетеді. Жоба кітапханашының күнделікті еңбегін жеңілдетіп қана қоймай, кәсіби сапаны жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді.

Сондай-ақ Ұлттық кітапхананың Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Замзаева Толқын Амангелдіқызы каталогтау және зияткерлік іздеу жүйелері бойынша практикалық кейстер ұсынып, деректермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін көрсетті.

Семинардың екінші күні нормативтік және технологиялық бағыттарға арналды. Электрондық құжаттарды тіркеу мен ұзақмерзімді сақтау талаптары, қазақстандық каталогтаудың болашағы, кәсіби стандарттарды жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды.

ҚР мемлекеттік Ұлттық кітап палатасы директорының орынбасары Сәлменбаева Толқын Тұрғалиқызы басылымдарды халықаралық сәйкестендіру жүйелері – ISBN, ISSN және ISMN ерекшеліктері, ұлттық баспасөзді тіркеу және есепке алу тетіктері туралы баяндады. Сондай-ақ Ұлттық кітап палатасы қызметінің теориялық және қолданбалы қырлары, отандық баспасөзді жүйелеудің өзекті мәселелері сөз болды.

WEB-RABIS жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту, кітапханалық үдерістерді автоматтандыру және деректерді тиімді басқару бағыттары да кеңінен таныстырылды.

Ал ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының Ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Нұржан Жолдыбалинов «Қазақстандық Ұлттық электрондық кітапхана (ҚазҰЭК) – жасанды интеллекттің жаңа құралдары» тақырыбында баяндама жасап, цифрлық ресурстарды жүйелеу, деректерді талдаудың заманауи тәсілдері және оқырманға бағытталған ақылды қызметтерді дамыту жолдарын тарқатты.

Екі күндік семинар кітапхана саласының цифрлық болашағын айқындап, кәсіби ортада жаңа серпін тудырды. Бүгінгі кітапхана – тек кітап сақтайтын мекеме емес, ақпараттық экожүйенің интеллектуалдық өзегі. Ал жасанды интеллект пен smart технологиялар сол өзектің жаңа тынысын ашуға бағытталған пәрменді құралға айналып келеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:256
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Ақпан 2026 18:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары